Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 60 сағат СӨЖ 60 сағат



жүктеу 1.82 Mb.
бет29/34
Дата19.09.2017
өлшемі1.82 Mb.
түріСеминар
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

Әдебиет:


1. Ә.Алдамұратов. Қызықты психология. Алматы 1982

2. Ә.Алдамұратов., М.Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық практикалық сабақтар. 1,2 бөлім. Алматы 1978

3. Жалпы психология В.В. Богословский т.б. редакциямен. Алматы 1980

4. М.Мұқанов. Жан жүйесінің сыры. Алматы 1964

5. М.Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. Алматы 1987

6. Т.Тәжібаев. Жалпы психология. Алматы 1993

7. А.Темірбеков, С.Балаубаев. Психология. Алматы 1966.
28 дәріс

Тақырып: Ерік

Дәрістің мазмұны :


  1. Ерік туралы түсінік

  2. Еріктің когнетивті процестермен байланысы

  3. Еріктік іс-әрекет құрылымы.

Мақсаты: Ерікке жалпы сипаттама бер отырып оның ерекшеліктері адал кезеңдері жөнінде білім қалыптастыру.

Ерік деп саналы түрде алға тұтқан мақсатқа жету үшін жұмсалатын жан қуатының белсенділігін және адамның өзін меңгере алу қабілетін айтамыз. Ерік алға мақсат қоюдан басталады. Ал мақсат адамға айқын, ашық, саналы түрде түсінікті болуы қажет.

Адамның ерікті әрекеті жүзеге асу үшін мынандай шарттар қажет: а) алға тұтқан мақсатты орындау қайткенде де соған жету; ә) жолда ұшырайтын кедергі, бөгеттерді жеңу; б) мақсатқа жкту жолында қайраткерлік, ерлік, табандылық көрсету, қиыншылықтан жол табу, тәсілқой болу т.б.; в) қиындықтарға қарсы тұрып, үрейленбеу, қорықпау.

Ерік пайда болу үшін, ең алдымен, оны тудыратын себеп, түрткілер болу керек. Бұлар адамның мұқтаждылықтарынан туындайды. Кісінің күн көруі, тіршілік ету үшін оған өзінің табиғи және рухани мұқтаждылықтарын қанағаттандыру керек. Адамның алдына мақсат қоюдан басталады. Ал мақсат адам мұқтаждылықтарын өтеу үшін пайда болады.

Еріктің амал кезеңдері.


  1. Мақсат және оған жетуге ұмтылу (дайындық кезең)

  2. Мақсатқа жету мүмкіншіліктерін түсіну (мақсат қою)

  3. Ниет – тілектердің пайда болуы

  4. Ниеттер шартысы және оның бірін қалау

  5. Тоқтамға келу үшін мүмкіншіліктердің бәрін қалау

  6. Тоқтамға келген шешімді қалау

Адамның ерік – жігер сапалары.

Ерік күші. Шыдамдылық.Табандылық.Дербестілік.Шешімге келгіштік

Ерік туралы теориялар. Ерік – жігер туралы теориялардың бастылары мына төмендегілер:Интеллектуалдық немесе ассоциялық теориялар (Э.Мейман т.б). Бұл теорияны жақтаушыларды және дамытушылардың бірі Германияда негізін салған Э.Мейман.

Бұлардың айтуы бойынша ерікті әрекеттердің барлығы ақыл – ой, интеллектімен байланысып, солардың нәтижесінен пайда болады, яғни ерік адамның мұқтаждығы мен қажеттілігі секілді рухани күшінен туындайды.

Ерік туралы эмоциялық теорияны ұсынушы неміс психологы В.Вундт. Оның көзқарасы бойынша, ерік эмоциялық сезімдердің тек бір түрі ғана болып табылады. Ерік ең күшті сезімдердің, аффектердің ерекше варианты.

Америка психологы Джемс ерік адамда пайда болған ойдың еріксіз қимылға айналуы дейді.

Ерікті тәрбиелеу. Адам ерік саналарын қалыптастыру мен тәрбиелеу өз алдына нақты мақсат, іс - әрекеттерді орындау нәтижесінен басталады. Ерікті әрекеттер кезінде адам өз еркін меңгеріп, күш – қуатын қиын жұмыстарды дұрыс ұйымдастыруы және бастаған ісін аяғына дейін жауапкершілікпен орындауы қажет.Бастаған істі жүзеге асыра білу тиіс.


  • Содан адам өз еркін шыңдай алады және қалыпты деңгейде қалыптастырады.

  • Адамның ісі мен мінез –құлқын меңгеруі және азаматтық қасиеттері ерікті қимыл – қозғалыстарынан және істеген ісінен байқалады.

  • Адамның даралық қасиеттері барлық психикалық процестер ішінен еріктен анық көрінеді. Соған байланысты адам өмірдегі аса маңызды кезең - өзінің іс - әрекеттерін бақылап, ерік – жігерін дамыта білу кезеңі болып табылады .Бұл кезең адам мінез – құлқындағы ұнамды әрі жағымды саналарда қалыптасады.

Әдебиет:


1. Ә.Алдамұратов. Қызықты психология. Алматы 1982

2. Ә.Алдамұратов., М.Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық практикалық сабақтар. 1,2 бөлім. Алматы 1978

3. Жалпы психология В.В. Богословский т.б. редакциямен. Алматы 1980

4. М.Мұқанов. Жан жүйесінің сыры. Алматы 1964

5. М.Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. Алматы 1987

6. Т.Тәжібаев. Жалпы психология. Алматы 1993

7. А. Темірбеков, С.Балаубаев. Психология. Алматы 1966.
29 дәріс

Тақырып: Ерік.

Дәрістің мазмұны:


  1. Ерікке жалпы сипаттама.

  2. Еріктік іс-әрекет құрылымы.

  3. Мотивтердің ішкі күресі, ерік әрекетінің бастауы, тоқтамға келу

Мақсаты: Ерікке жалпы сипаттама бер отырып оның ерекшеліктері адал кезеңдері жөнінде білім қалыптастыру.

Ерік-адамның өз мінез-құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті.

Ерікпен біз алдыңғы тақырыптарымызда танысқан болатынбыз. Барлық психикалық процестердің және тұлғаның мәнді ерекшеліктерінің бірі – белсенділік – ерікті және еріксіз. Еріксіз белсенділік – адамның алдын-ала дайындалуынсыз сыртқы себептерге байланысты пайда болады, саналы күш жігерсіз жүзеге асып отырады. Ерікті белсенділік – біздің қалауымызша мақсат қойып орындалады. Ерікті, еріксіз түрлер таным процестерінде де көрінеді. Сондықтан ерікті, еріксіз қабылдау, ерікті, еріксіз есте сақтау, ерікті, еріксіз қиял т.с.с.

Ерікті мінез-құлықты бейнелейтін бірнеше мысал келтірейік.



  1. Салқын бөлмеде ұйықтап жатырсың. Таңмен оянып, тұратын уақыт болғандығын көресің. Тұрғың келмейді, бірақ кешігіп бара жатырсың. Өзіңе белгілі күш жұмсап, соның көмегімен тұрасың. Сонымен еріншектікті жеңу үшін ерік күші қажет болды.

  2. Темекіге үйреніп кеткен адамдар , бұл әдетін көбіне жеңе алмайды. Бұл әдетті жеңу үшін зиянын еске алып, ерік күш жұмсап ғана жеңуге болады.

  3. Сабақ оқу керек. Сіздің көңіліңіз мүлде басқада. Бірақ ертеңгі семинарды ойлап өзіңізді сабаққа бағыттау үшін сізге белгілі бір деңгейдегі ерік күш пайда болады.

Бұл мысалдардың бәріне тән жағдайлар бар. Біріншіден , субъектімен оның мінез-құлқы, оның іс-әрекеті бір-біріне қарама-қарсы тұрады.

Екіншіден, әрбір әрекетті орындамас бұрын қалай орындайтындығымызды ойлап аламыз.

Күнделікті өмірдегі қиыншылықтарды жеңуге көмектесетін әрекеттер ерікті әрекеттер деп аталады. Ғылыми психологияда бұл күрделі құбылыс болып табылады. Адам іс-әрекетінде ерікті іс-әрекеттер негізгі болып табылады. Еріктік іс-әрекеттер қойылған мақсатқа саналы жетуге бағытталған іс-әрекеттер.

Ерік- адамның саналы әрекетінің бағытталғандығында көрініс табатын адамның психикалық өмірінің бір жағы. Сонымен қатар ол ең алдымен өз мінез-құлықыңды саналы реттей алу және өз-өзіңді басқаруда жақсы көрінеді. Ерікті қозғалыстармен қатар еріксіз қозғалыстар да бар. Мысалы, жөтелу, көз жұму, қолды қозғау, шошу т.с.с.

Еріктік іс-әрекет құрылымы.

Еріктік әрекет мынадай құрылымдардан тұрады:

1 – мақсат қою, яғни күтілетін немесе болжанатын нәтижесі. Мақсатты анықтау шешім қабылдаумен аяқталады.

2- ойша жоспарлау – қалай және қандай тәсілдермен қойылған мақсатқа жетуге болады.

3- Әрекетті орындау. Мұнда адам ішкі қарама-қайшылықпен қатар сыртқы қиыншылықтарменде кездеседі. Жәл осы кезеңде адам еркінің күштілігі немесе әлсіздігі анықталады.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Халыќаралыќ экономика курсы бойынша баѓдарлама
dmdocuments -> Бқму-да оқу үрдісінде ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану
dmdocuments -> Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
dmdocuments -> Барлығы – 180 сағат
dmdocuments -> Барлығы – 135 сағат
dmdocuments -> Жаратылыстану-математика факультеті деканы
dmdocuments -> Тақырып: Ауыл шаруашылығы тарихы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Барлығы – 72 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет