Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті астаналық прокуратураның үйлестіруімен қаланың өнеркәсіп аймағында орналасқан синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананы анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: видеодан скриншот

Осы қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген күдікпен астананың 2 тұрғыны ұсталды.

“Тінту барысында шамамен 80 мың реттік дозаға пара-пар болатын 27 келіден астам "мефедрон" психотроптық заты, сонымен қатар 1 тоннадан астам прекурсор тәркіленді. Оның “қара нарықтағы” бағасы 540 млн теңге деп бағаланып отыр”, – деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек  Астана қаласының басқа аудандарында зертхана жабдығы бар 40 футтық екі контейнер табылды, тергеу нұсқасы бойынша, олар осыған ұқсас бірнеше өндірісті ұйымдастыруға арналған.       

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Өзге ақпарат қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.

Бұған дейін Ақмола облысында ұйымдасқан топ құрып, ірі көлемде есірткі өндіргені үшін шетелдіктердің үстінен іс қозғалғанын жаздық. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.