Семинар.Жусупова Гулнур
Омонимдер
Омоним сөздер-айтылуы, дыбысталуы бірдей, мағынасы әр түрлі сөздер.
Сыртқы дыбысталуы жағынан омонимдер көп мағыналы сөздерге ұқсас келеді.
Мысалдар:
Ара - ағаш кесетін жұқа темірден жасалған құрал (зат есім); ара - гүл шырынынан бал жиятын қанатты насеком;ара- екі орта, аралық.
Бас - адамның дене мүшесі,зат есім;бас - қимыл-әрекет атауы болатын етістік.
Қара - маған қара (етістік), қара қалам (зат есім).
Жүз – суда жүз (етістік), сұлу жүз (зат есім), жүз ән (сан есім).
Жас– көзден аққан жас (зат есім), Даниярдан гөрі жас (зат есім).
Арық – арнайы қазылған су жолы (зат есім); арық (сын есім) – семіз емес, жүдеу.
Ер -батыр, ержүрек азамат атына сай, шыншыл, ер - артынан жүр, ілес деген мағынада етістік.
Бұрыш-геометриялық фигура бөлігі; бұрыш-дәмдеуіш (зат есім).
Айт-мұсылмандар мейрамы(зат есім); айт- адамның сөйлеуі , айтуы. (етістік).
Алма – жеміс(зат есім); алма- етістік.
Синонимдер
Мағыналары жағынан бір-біріне жуық, дыбысталуы әр түрлі сөздерді синонимдер деп атайды.
Синонимдердің негізгі белгілері
1.Сөздердің дыбысталуы әр алуан болуы тиіс.
2.Сөздер бір мағына төңірегінде болуы шарт.
Мысалдар:
Жиылған ел- жұрт, қауым, әлеумет, көпшілік, халық.
Күшті адам- қайратты, мықты, әлді, қарулы.
Cұлу - көрікті, келбетті, ажарлы, әдемі.
Жүрегі ұшу - жүрегі зу ету, төбе шашы тік тұру, қорқу, шошу, үрейлену.
Бағалы - құнды,қымбат.
Қайғылы- уайымды,мұңды, қасіретті, қапал..
Қарт -қария,кəрі.
Сəби- нəресте,бөбе.
Антонимдер.
Тілдегі мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді антонимдер дейміз.
Мысалы: жақсы-жаман, ескі-жаңа, бар-жоқ, ашық-жабық, аласа-биік, ұзын-қысқа,ақ-қара, алыс-жақын, су жүрек – жүрек жұтқан т.б.
Сөздердің барлығына бірдей антоним сөз табыла бермейді. Мысалы: дәптер, қалам, бала сөздерінің антонимдері жоқ. Антоним болатын сөздер көбіне сапалық белгіні білдіретін сын есімдер мен қимыл-әрекетті анықтайтын етістіктерден болады.
Антонимдес сөздер бір сөз табына қатысты. Мысалы: өтірік-шын( зат есім),
жоғары-төмен(үстеу), ақ-қара(сын есім).
Антоним және жұрнақ арқылы немесе негізгі сөз және көмекші сөз тіркесі арқылы жасалған болымды-болымсыздық мағынаны теңестіруге болмайды.
Тілде бір-бірімен жұптасып, үнемі қандай мәнде қолданылса да, антонимдес жұп құрайтын сөздер болады.Мысалы: дұрыс-бұрыс, үлкен-кіші, пайда-зиян.
Достарыңызбен бөлісу: |