ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев биыл көктемде сұйытылған мұнай газының бағасы көтерілетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Министрдің пікірінше, қазір автогаз өндірісі елдегі төмен бағаға байланысты шығынға ұшырауда.

Сурет pixabay

Министрдің айтуынша, газдың қазіргі бағасы саланы шығынға ұшыратады. Қаражат жетіспегендіктен тұрақты жөндеу жұмыстары жүргізілмей, жаңғыртуға қаражат инвестицияланбайды екен.

"Ел халқының ішкі қажеттіліктерін үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында министрлік пен "Теңізшевройл" ЖШС арасында ай сайын 20 мың тонна сұйытылған мұнай газын жеткізу туралы келісімге қол қойылды. Бүгінгі таңда "QazaqGaz "ҰК" АҚ және Солтүстік Каспий жобасының акционерлері 2024 жылдың соңына дейін көлемі жылына 700 мың тоннаға дейінгі Қашаған сұйытылған газын сатып алу-сату шартына қол қою мәселесін пысықтауда. Шамамен 5-8 теңгеге көтеру жоспарлануда", — деді Алмасадам Сәтқалиев.

Ол автогаз бағасының өсуі осы жылдың көктемінде жоспарланып отырғанын атап өтті.

Бұған дейін Энергетика министрлігінің басшысы республикада сұйытылған мұнай газына белгіленген төмен бағаларға шағымданған болатын.

  • Атырау мұнай өңдеу зауытында қондырғыдан бензин төгіліп кеткен

  • Қазақстан мұнай өндіруді азайту мерзімін ұзартады


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.