Танымал әнші Қайрат Нұртастың “Сені сүйем” әні Украинада хитке айналды. Шетелдік желі қолданушылары түрлі видео түсіріп, өз тілдерінде шырқап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/kair_n/

Әншінің продюсері Гүлзира Айдарбекова жеке парақшасына видео жүктеп, шетелдік тыңдарманға алғыс айтты. 

“Жүректен шыққан ән жүректерге жетеді. Әлемді араламасақ та, шетелдіктер өздері іздеп әндерін шырқап жатқаны, ана жүрек болған соң, жүрегіме қуаныш орнататыны анық. Жақында бір танысым, “Гүлеке ұлым комаға түсіп, жүрегіне ота жасалды. Бұрын Қайраттың әндерінің сөздеріне үңіліп, мән бермеген екенмін. “Ауырмайды жүректен” бастап тоқтай алмай бүкіл әндеріне мән беріп тыңдадым. Адам басына түспей білмейді екен, бірақ айтайын дегенім, жүрегім қарс айрылып отырғанда әндерінен жүрегіме ем таптым” деп ағыл-тегіл жылап алды. Құшақтап жұбатамын деп, өзім де, жанымдағы қыздар да әбден жылап шер тарқатып алдық. Салғым-ақ келді инстама, бірақ ол танымал әйел болғандықтан тарап кетеді деп ренжіп қала ма деп сала алмадым. Жүректер жараланбасыншы. Бұған дейін де Қайраттың әндері мені емдеді дегендер көп болды. Кім қандай ойда?!”, – деп оқырманға сауал тастады. 

  • "Қараған сайын жүрегім ауырады": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасын есіне алды

  • "Ақшам жетпесе, көлігімді сатамын": Сәкен Майғазиев 50 жасына дайындалып жатыр

 Желі қолданушылары әншінің сүйікті әндерін жарыса жазып жатыр. 

“Кеше бәрі Қайратты жамандап жатыр еді, міне, мойындатты”, “Жақсы әнші, тек отбасына көңіл бөлмейді”, “Не деген мақтаныш, әнші үшін қуанып тұрмын”, “Жүрекке салып айтады”, “Менің қызым да Қайрат Нұртасты тыңдап, аяғынан тұрды” деп жазып жатыр тыңдарман қауым. 

Еске салайық, әнші 35 жасын ата-анасымен қарсы алып, сынға қалған еді. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.