“Күлпаш” образымен көпшілікке танылған Берік Тұрсынбеков “Шымкент-шоу” театрының құрылған сәтін еске алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Менің өмірім” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Актердың айтуынша, көп театрда тұрақтамаған. 

“Тәжірибе жинадым, өзім жеке бастағым келді. Маған "Шаншарда" жұмыс істейтін Алма Салихова ұстазым: "Сен Уәлибектің, Бауыржанның көлеңкесінде жүре бересің, одан да өз көлеңкеңде көрсейші. Театр көп болуы керек" деді. Ол кезде мен 21 жастамын. Өкіл әкем қолғабыс болды. Уәлибек пен Бауыржанның алдынан өттім, аздап ренжіп қалды. Сөйтіп фестивальдерге шыға бастадық”, – деп еске алады актер. 

  • "Бадықова мен Қоянбаевтың төмен деңгейлі фильмдері көрсетіледі": Мемлекет миллиардтар бөлген кино неліктен прокатта табыс таппайды
  • "Қайрат Нұртас "өнерді таста" деді": Гитарист Ақсұңқардың жұбайы, әнші Арайлым Әбілсейіт өнерден кеткенін растады

Сонымен қатар актер жеке өмірі туралы да айтты. Жары да – театрдың белді актрисасы. Өнерлі жұп 3 бала тәрбиелеп отыр. 

“Шымкент шоудың конкурсы болып жатқанда жастар шақырылған. Мен де барып қатыстым. Марат Сақатов ағамыздың автобус жайлы монологын оқыдым. Шымкентте 34-автобус бар еді, соның образына салдым. Мен сахнада тұрғанда Қарлығаш есікті ашып кірген. "Өзбек пе, түрік пе, қазақша зулап тұр ғой" деп ойлаған. Екеуміз де конкурстан өттік. Сол театрда таныстық. Дос, сырлас болдық. 1 жылдан кейін достық махаббатқа ұласты. Бір қызығы, екеуміз де дүниеге қызықпаймыз. Аш жатқан кезіміз болды. Үйленгеннен кейін келесі күні тапсырыс алып алғанбыз", – деп алғаш шаңырақ кұрған сәтін есіне алды. 

Еске салайық, актердың “Күлпаш” образынан шыға алмай жүргенін жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.