Семинар (практикалық) сабақтарының мазмұны Оқытушы жетекшілігімен орындалатын


КУРСТЫ МЕҢГЕРУДЕ СТУДЕНТТЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР



жүктеу 479.65 Kb.
бет2/2
Дата22.09.2017
өлшемі479.65 Kb.
түріСеминар
1   2

КУРСТЫ МЕҢГЕРУДЕ СТУДЕНТТЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:


Әрбір студенттің міндетіне - сабақтан қалмау, берілген тапсырмаларды мерзімінде, дұрыс тиянақты орындау жатады.

Сабақты босату, сол тәрізді өтілген сабақты талдауға қатыспау студенттердің жауапкершілігі жоқ екенін көрсетеді, сол себепті студенттің сабаққа қатысуы мен оқу үлгерімі оның оқуға деген қатынасын , ниетін білдіреді және осының барлығы курс бойынша қорытынды баға қоярда ескеріледі.

Берілген тапсырмалар уақытында орындалмаған жағдайда , әрбір тапсырма үшін бағаңыз кеміп отырады. Сабаққа келмей қалсаңызда баллыңыз кемиді. Сондықтан сабаққа кешікпей, уақытында қажетті дайындықпен келуге талпыныңыз .

Аса себепті жағдайлар (науқастанып қалу, отбасының жағдайлары) сізге сабақты босатуға құқық береді, дегенмен, бұл жағдайда оқытушыны хабардар етуге және берілген тапсырмалардың бәрін де өткізуге міндетті екеніңізді ұмытпаңыздар.

Әрбір студент өз жұмыс орнында болып қоймай , өзінің жұмыс міндеттерін орындауға тиіс. Оны орындамаған студентке жауап беруге тура келеді.

Осы пән бойынша берілген барлық тапсырмалар семестрдегі сабақ кестесінде бекітілген мерзімде орындалуы тиіс. Уақытынан кешігіп тапсырылған тапсырмалар, кешіктірілуіне қарай төмен бағаланады. Бұл әрине курс бойынша қорытынды бағаға әсер ететіні сөзсіз.

Курсты оқып білу студент тарапынан белсенді болуды талап етеді.

Қажет уақытында кеңес беру кестесіне сәйкес оқытушыдан кеңес алу құқыңыз бар. Пән бойынша ұсынылған негізі және қосымша әдебиеттерді үнемі әрі үзіліссіз оқып отыруыңыз қажет. Өйткені тапсырманы орындау негізінде немесе емтиханға даярлық кезінде оқулықты қолға алу сізге қажетті білімді толық бере алмайды.

Сол себепті толық әрі жан – жақты білім алғыңыз келсе , семестр бойында бірді – екілі ғана әдебиетпен шектелмей , пән бойынша бар барлық деректерді пайдалануыңыз қажет. Әрбір сабаққа пайдалануыңыз керек. Курсты меңгеру барысында жоғары жетістікке жетуіңіз сіздің оқу белсенділігіңізге байланысты екендігін еш ұмытпаңыз. Сабаққа қатысу белсенділігіңіз , оқу үлгеріміңіз және оқытушы берген тапсырмаларды сапалы орындауыңыз сіз үшін межелік бақылау (аттестация) және емтихан кезінде көмектесетін, дау тудырмайтын факті болып табылады. Аралық бақылаулар алдын-ала өткен , талқыланған материал бойынша жүргізіледі және оның мақсаты студенттерді теориялық білімді ұғыну деңгейлерін тексеру.

Емтихан сіздің теориялық білім деңгейіңізді анықтау емес, керісінше, өзіңіздің теориялық білімізді практикада қолдана алу мүмкіндігіңіздің көрсеткіші болады. Емтихан тест түрінде өткізіледі. Тест бірнеше варианттан және 50 сұрақтан тұруы мүмкін. Емтихандағы тест тапсырмалары аудиторияларда қарастырылған және өзіңіз орындаған тапсырмаларға негізделеді. Қорытынды емтихан барлық студенттер үшін міндетті болып табылады.



Берілген тапсырмаларды орындау барысында тиым салынады:

  • біреудің жұмысын көшіріп өткізуге ;

  • өзінің тапсырмасын басқа адамдарға орындатуға ;

  • жұмысты белгіленген мерзімнен кешіктіруге немесе асыруға ;

  • топ болып орындаған тапсырмаларды орындауға қатыспай балл талап етуге және т.б.Әрбір оқытушы әр студентпен оның оқуға деген қатынасы және мінез – құлқы , тәртібі ЖОО студентінің ар намысы кодексіне сәйкес болуын үлкен үмітпен күтеді.

Сонымен студенттердің оқытушы берген тапсырмаларды уақытында, өзінің құқықтары мен міндеттерін білуі, өзінің теориялық білім деңгейі мен практикалық дағдыларын бағытталған белсенділігі және т.б. студенттің пәнді толық жан – жақты меңгеруінің кепілі болмақ.

Үй тапсырмасының талаптары:

  • жазбаша жұмыстардың көкейкестілігі;

  • таңдаған тақырыпқа сәйкестілігі;

  • зерттеулер мен әдебиет көздеріне сілтеме жасау;

  • талдаудың ауқымдылығы;

  • шығармашылық ерекшелігі;

  • көрнектілігі.



Бақылау құралдары

«Патопсихология» пәніне арналған тест тапсырмалары:
1.Қарауытқан сананың клиникалық белгілеріне қайсы жатпайды:

А.қарапайым,

В.психотикалық,

С.эндогендік,

Д.қарауытқан сана бұзылуының бағыттылығы,

Е.истериялық (психогендік).


2.Эпилептикалық статустық ағымдар:

А. жүрек қан жүйесіндегі өзгерістер,

В. дене қызуының жоғарлауы және санатовегетативтік басқа бұзылулар,

С.қанның биохимиялық өзгерістері,

Д.аталғандардың барлығы,

Е.ешқайсы емес.


3.Естің бұзылуына қайсы жатпайды:

А.дисмнезия,

В.амнезия,

С.конфабуляция,

Д.парамнезия,

Е.істегендерді еске түсіру.


4.Ретроградтық амнезия сипатына қайсы жатпайды:

А.болған оқиғалардың естен шығып кетуі,

В.есте сақтау қабілетінің жойылуы, күнделікті оқиғалардың есте болмауы,

С. ауырғанға дейінгі жағдайларды жаңғырта алмау,

Д.әр –түрлі кезеңдегілерді ғана ұмыту

Е. ешқайсы емес.


5.Қозу бұзылуының ағымдары:

А.ерік белсенділігінің жоғарлауы,

В. ерік белсенділігінің төмендеуі,

С.қозудың болмауы,

Д.ерік белсенділігінің бұзылуы,

Е.жоғарыда аталғандардың барлығы.


6.Іштен туа біткен ақыл –ой кемістігінің (олигофрения) түрлері:

А. дебилизм,

В. имбецильдік,

С.идиотия,

Д.аталғандардың барлығы,

Е.ешқайсы емес.

7.Жүре пайда болатын ақыл- ой кемістігінің кездесетін түрлері:

А.парциалдық (лакунарлы)

В.тотальдық (глобальды)

С.маразм (психиканың терең ыдырауы)

Д.аталғандардың барлығы,

Е.ешқайсысы емес.


8.Ойлау процесінің жылдамдығы сипатына қайсы жатпайды:

А. күннің әр тәулік уақытына байланысты ассоцация санының өсуі,

В.ойдың алаңдаушылығы ой қорытындысы сипатының үстірттігі,

С.себепсіз данышпандылық,

Д.бейнелі елестетудің абстрактылы ойлардан басымдылығы,

Е.ойлар мен елестердің жылдамдығы.


9.Ойлау процесі тежелу сипатына қайсы жатпайды:

А.ассоциация санының азаюы, ассоциайия пайда болуының баяулығы,

В.ойлар мен елестің біртектілігі, қиындығы мен түзілуі,

С.негізгісінің басқаларынан бөліну қиындығы,

Д.Ойлау қабілетінің жоғалуы,

Е.ақыл- ой қабілетінің нашарлауы.


10.Балалық шақтың жалпы психопотологиясы:

А. үлкендердің психопатологиясымен сай келуі,

В.балалар психикасы онтогенезімен байланысты ерекшеліктер,

С.ересектер психопатологиясымен байланысы жоқ,


11.Айқындалған психопатологиялық бұзылулардың сипаттары:

А.жеткіншектерде,

В. балаларда,

С.үлкендерде,

Д. 11-17 жаста,

Е. С. және Д. дұрыс.


12.Балалақ шақтғы В.В.Ковалевтің жүйке- психикалық бейімдеуінің психомоторлық деңгейі қай жаста болады:

А. 3- жасқа дейін,

В. 4-7 жаста,

С.5-10 жаста,

Д. 11-17 жаста,

Е. С. және Д. дұрыс.


13.Бұзылған диспропорцияналдық, дисгормониялық психикалық дамудың анықтамасы, қалай аталады:

А.ретардация,

В.дамудың асинхрониясы,

С.акцелерация,

Д.А және С дұрыс,

Е. ешқайсы дұрыс емес.


14. Психикалық дизонтогенездің себептеріне жататындар:

А. генетикалық факторлар,

В.эндогендік- органикалық факторлар,

С.жағымсыз микроәлеуметтік психикалық факторлардың ұзақ ықпалы,

Д. аталған себептердің барлығы,

Е.ешқайсы емес.


15.Психикалық дамудың кешеуілдеуі немесе тежелуі қалай анықталады:

А.даму асинхрониясы,

В. акцелерация,

С. ретардация,

Д.жүйке психикалық бейімделудің формалары,

Е.Дұрыс жауабы А және В.


16.Психикалық жекеленген функияларының және таным әрекеті формалары дамымауы қайсысына жатады:

А. жалпы (тотальды) ретардацияға,

В.асинхрониялық психикалық дамуға,

С. парциальды ретардацияның дизонтогенез түріне,

Д.А және В жауаптары дұрыс,

Е.дұрыс жауап жоқ.


17.Олигафренияның айқындалуына не жатады :

А.парциальды психикалық ретардация,

В.тотальды психикалық ретардация,

С.асинхрониялық психикалық даму,

Д.психикалық функциялардың регрессі,

Е.А және В жауаптары дұрыс.


18. Интеллектулды деңгейі жеткілікті дәрежеде қоршағандармен қарым- қатынас қажеттілігінің болмауы:

А.Каннер синдромында,

В.Аспергер синдромында,

С.балалар аутизімінің органикалық түрінде,

Д. барлығы дұрыс,

Е. дұрыс жауабы жоқ.


19.Каннер синдромына тән сипаттар:

А.эмоционалдық әсерлердің нашарлауы,

В.стереотипті қозғалыстарға бейім болуы,

С.айналасындағылармен қарым – қатынас қажеттілігінің болмауы,

Д.жаңадан қорқу (неофобия)

Е.А және В дұрыс.


20.Балалардағы қорқудың сандырақ сипаты қандай белгілерді анықтауға көмектеседі:

А. психотравмалық ситуациалардан тыс болатын қорқыныштар,

В.тұрақты болатын қорқыныштар,

С. түзетуге келмейтін қорқыныштар,

Д.психотикалық симптомдармен араласқан сандырақ қорқыныштар,

Е.аталған белгілердің барлығы жатады.


21.Балалардағы реактивті белгілерге тән сипаттарға не жатады:

А.қызығушылықтың бұзылуы,

В.жалғыздыққа аутистикалық бейімделу,

С.қарсы шығу реакциясы,

Д.А және В дұрыс,

Е. дұрыс жауабы жоқ.


22.Балаларға мутизм реакциясы белгілеріне қайсы жатады:

А.уайымдауға негізделген мутизм, (өкпелеу, ренжу)

В.психикалық жарақатқа байланысты пайда болуы,

С.басқа невротикалық бұзылулар,

Д.барлығы дұрыс,

Е.ешқайсы дұрыс емес.


23.Психотравмалық жағдайлардан арылу негізінде жасөспірім қыз бала тамақ ішуден бас тартса, бұл нені білдіреді:

А.психастеникалық психопатияның декомпенцациясы,

В.психикалық анорексия синдромы,

С.истеро- невротикалық бұзылулардағы аноректикалық тәртіп,

Д.шеттен тыс дисморфоманиялық әсерлер,

Е. эндогендік депрессияның атиптік түрі.


24.Маникалды жағдайдың жасөспірімдердегі белгілері:

А. дене салмағының өсуі,

В.арықтауы,

С. дене салмақтарына төзімділігі,

Д.соматикалық инфекцияларды әлсіз қабылдауы,

Е.мінез – құлықтың (психопатологиялық) бұзылулар.


25.Жасөспірімдегі дипрессияның белгілері:

А.тәртіптің бұзылуы,

В.оқу үлгерімінің төмендеуі,

С.көңіл – күйінің төмендеуі,

Д.Суицидалдық талпыныстар,

Е. барлығы дұрыс.


26.Астеникалық синдромның сипатына, төмендегі берілген жауаптардың ішінді, қайсы жатпайды?

А. дене бітімі, жүдеуі,

В. психикалық жүдеуі,

С.фиксациялық амнезия,

Д.аффектілік лабилизм,

Е.ұйқының бұзылуы.


27.Депресмивтік қозғалыс тежелу белгілеріне төмендегілердің қайсысы жатпайды:

А.қозғалыстың баяулануы,

В.бет, қимыл – ишратының шектелуі,

С.бұлшық еттің әлсіреуі,

Д. қабілеттілігі,

Е.депрессивтік ступорлық құбылыс.


28.Қарапайым депрессивтік синдром нұсқауларына төмендегілердің қайсысы жатпайды?

А.анастетикалық депрессия,

В.қобалжу депрессиясы,

С.ступороздық депрессия,

Д.кінәлау, сандырақты депрессия.

Е.өзін -өзі кінәлау сандырақ депрессиясы.


29.Депрессияның сометикалық белгілеріне жататындар:

А.дәреттің қатуы,

В.дисменорея,

С.арықтау,

Д.жоғарыда аталғандардың барлығы.

Е.ешқайсысы емес.


30.Маникальды синдромның қарапайым нұсқауларына төмендегілердің қайсысы жатпайды:

А. ашулану маниясы,

В.көңілдену маниясы,

С.шатастыру маниясы,

Д.сезімдік сандырақ маниясы,

Е.өнімсіздік маниясы.


31.Маникальды триаданың сипаттамасы:

А.Көңіл- күйдің көтерілуі,

В.қозғалыстың қозуы,

С.ассоциацияның қарқындауы,

Д.жоғарыда аталғандардың барлығы,

Е.ешқайсысы емес.


32.Гипоманикальды жағдайлардың ағымы төмендегі белгілермен байланысты болуы мүмкін:

А.тәбеттің жоғарлауы,

В. ұйқының бұзылуы,

С.қызығушылықтың тежелуі,

Д.жоғарыда аталғандардың барлығы,

Е.ешқайсысы емес.


33.Жабысқақ фобияның сипатталуына қайсысы жатады:

А.интенсивті және өте жоғарғы үрейлену,

В.оның мағынасыздығын түсіну,

С. нақтылы мазмұндылығы,

Д.белгісіз қорқақтық сезімнің мағынасыздығын түсінбеу,

Е.барлығына қажет болу.


34.Деперсонализация синдромы сипаттамасына қайсысы жатпайды:

А. жеке адамның сана сезімінің бұзылуы,психикалық қасиетінен бөтенсінуі,

В. сананың бұзылуы,

С.өзгеру жоғалту, сезімдері немесе елестетушілік сезімдер,

Д. сана- сезімі мен белсенділігінің бұзылуы,

Е.сана тұтастығының бұзылуы.


35.Дереализация сипатталуына қайсысы жатпайды:

А.қабылданатын заттар мен кеңістіктің көлемі мен мөлшерінің көмескіленуі,

В.қоршаған орта туралы жағымды сезім,

С.қоршаған ортаны жалған қабылдау,

Д.нақтылық сезімнің жоғалуы,

Е.қоршаған заттар, адамдар , шындық туралы күдіктер.


36.Төмендегінің қайсысы ипохондриялық синдромға кірмейді:

А.денсаулыққа деген көңілдің тым артуы,

В.сырқаттың жазылмайтындығына сенімі,

С.сеностопатиялық жағымсыз көңіл – күйі,

Д.ауру адамның жазылмайтындығына сандырақ сезімнің болуы,

Е.әр – түрлі ауыр және қинайтын сезімдер.


37.Сандырақ ойлардың белгілеріне қайсысы жатпайды?

А.шындыққа сәйкес келмеуі,

В.коррекцияға келетіндігі, сендіру арқылы түзету,

С.шындық бейнеленуінің көмескіленуі,

Д.сананы толық меңгеру,

Е. түзетуге келмейтіндігі.


38.Аффективтік сандыраққа тән белгілер:

А.эмоционалдқ бұзылулармен бірге пайда болады,

В.салыстырмалы , логикалық мазмұндылық,

С.жеке бастық өзгерістері болмауы,

Д.психикалық әрекеттің салыстырмалы түрде жеңіл бұзылуы,

Е. барлық жауап дұрыс.


39.Нағыз галлюционацияға тән белгілер:

А.жоқты қабылдау,

В.нақтылы обьектісіз қабылдау,

С.ырықсыз елестердің болуы,

Д.нақтылы обьектілерден айырмашылығы жоқ проектілер,

Е:барлық жауап дұрыс.


40.Вербальды иллюзияның сипаттамасы:

А.айналадағылардың әңгіме мазмұнын жалған қабылдау,

В.айналадағы адамдардың сөздерін өзіне қатысы бар бұрмаланған түрде естиді,

С. қорқу, үрейлену, алаңдатушылық негізінде пайда болуы,

Д.жоғарыда аталғандардың барлығы,

Е.ешқайсысы емес.


41.Кататоникалық синдромның белгісіне төмендегілердің қайсысы жатпайды:

А.бет бұлшық еттің қозғалыссыздығы,

В.депрессивті аффектінің айқындығы,

С. бұлшық еттердің тонусы жоғарлауы,

Д.бір қалыпта ұзақ уақыт тұру,

Е.сөйлеуден бас тарту, негативизм.


42.Депрессивті қозу белгілеріне қайсысы жатпайды:

А.қозғалыс қозуы,

В. өз- өзінен шығуы,

С.қинайтын сағыныш сезімдері,

Д.қозудың арқасында аурудың жылауы,қиналуы, өз- өзіне жарақат етуі,

Е. «барлығын істеу» сезімі.


43.Алаңдаушылық сезімдерінің белгілері:

А. жалпы қимыл – қозалыстың бұзылуы,

В.үрейлену , қорқу,

С.қобалжудың әр- түрлілігі,

Д. аталғандардың барлығы,

Е. ешқайсысы емес.


44.Импульсивті қозудің белгілеріне қайсысы жатпайды:

А.іс- әрекеттің түсініксіздігі,

В.Жалған қимыл әрекеттер,

С.агрессия, шеттен шыққан ашыну,

Д.шағын ступор эпизодтарының пайда болуы,

Е. бір сөзді қайталап айта беру.


45.Мылқау (сөзсіз) қозудың белгілері:

А.мақсатсыз агрессиялы қозу,

В.қарсы келу,

С. өзін және айналасындағыларды жарақаттау,

Д.аталғандардың барлығы,

Е.ешқайсы емес.


46.Онейрондты кататонияның белгілері:

А. экстатты, импульсивті, гебефренді қозу,

В.ступороздық жағдайлармен ,

С.сананыңонейройдты қарауытуы,

Д.аталғандардың барлығы,

Е.ешқайсы емес.


47.Делирийдің белгілеріне қайсы жатпайды:

А. кататоникалық жағдайлар,

В.сананың қарауытуы,

С.пареидолиялық және көру елестетушілігіне,

Д.қозғалыс қозуларының айқындалуы,

Е. вербальды елестетушілік, сезім сандырағы, аффективті бұзылулар, көру елестетушілігі.


48.Меңіреуліктің белгілеріне қайсы жатпайды:

А. сана айқындылығының жоғалуы,

В. галлюцинаторлық және сандырақ белгілер,

С. қозу табалдырығының жоғарлауы,

Д. ойдың бұзылуы және жағдайларды дұрыс түсінбеу,

Е.аспонтандық белгілер, қозғалыстың шектелуі.


49.Сананың істен шығу кезеңдеріне жататындар:

А. обнубиляция,

В. меңіреулік

С. сопор,

Д.кома

Е. барлығы.


50.Сананың қарауыту белгілері:

А.аяқ – асты көбінесе қысқа мерзімді, сана анықтығының жоғарылауы,

В. айналасындағылардан безу,

С.қоршағандар туралы жалған пікір,

Д.аталғандардың барлығы,

Е.ешқайсысы емес.






Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет