![]() Семинар сабақтары 30 сағат
БЕКІТЕМІН ХТжЖФ деканы _______ Қ.Қ. Ахметов «___»_____________20 ж. Құрастырушы: аға-оқытушы Л.Ж. Ерубаева _______________
Химиялық технология және жаратылыстану факультетінің оқу- әдістемелік кеңесімен мақұлданды
Этногеография Пән элективті пәндер каталогынан Кредиттер саны мен оқу мерзімі Барлығы – 3 кредит Курс: 3 Семестр: 6 Аудиториялық сабақтар, барлығы – 45 сағат Дәріс – 15 сағат Тәжірибелік /семинар сабақтары - 30 сағат СӨЖ – 90 сағат Соның ішінде СОӨЖ – 22,5 сағат Жалпы еңбек сыйымдылығы – 135 сағат Бақылау формасы Емтихан – 6 семестр Пререквизиты: туризмология негіздері, халықаралық туризм тарихы, халықаралық туризм географиясы Постреквизиты: діни туризм, рекреациялық география, туризмдегі зерттеу әдістері 2. Оқытушы жөнінде ақпарат:Жаратылыстану ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Ерубаева Ләззат Жәнібекқызы География және туризм кафедрасыТел. (ішкі 1277)Қабылдау уақыты: жұма – 1000-ден 1200-ге дейін, ауд. № 313а3. Пәннің мақсаты мен міндеттері Пәнді оқытудың мақсаты – әлем халықтарының нәсілдік, тілдік және діни құрамын зерттеу, кейбір аймақтардағы еңбек ресурстарының тапшылығы, халықтың баяу өсуі, оның біркелкі емес таралуы жағдайында миграциялық ахуалды, оның әр-түрлілігін, әсер ету факторларын географиялық тұрғыдан зерттеу. Пәнді оқытудың міндеттері:
4. Біліктілік, дағды, икемділік және құзыреттіліктерге арналған талаптар Студент білу керек:
Студент істей білу керек:
5. Пәннің тақырыптық жоспары
6. Дәріс сабақтарының мазмұны1 Тақырып Курстың пәні және міндеттері. Этнос ұғымы және қалыптасу кезеңдері Жоспар
Этногеография (грек. ethnos – тайпа, geo – жер, grapho – жазамын, сызамын, сурет саламын) – этнология мен география ғылымдарының тоғысындағы ғылым. Этногеография этн. топтардың қалыптасуы мен қоныстану және қоныс аудару заңдылықтарын, олардың шаруашылығы мен тұрмысына, заттай мәдениетіне табиғи ортаның тигізетін әсерін, халықтардың киімдері мен тұрақ-жай ерекшеліктерін зерттейді. Сондай-ақ тарихи дәуірлер мен жыл мезгілдеріне қарай, тұрмыс және жол-қатынас мүмкіндіктерін ғыл. тұрғыдан анықтайды. Этногеография 20 ғ-дың 2-жартысында ғыл. пән ретінде қалыптаса бастады. Өз зерттеулерінде де тарихи пәндердің әдістемесімен қатар, жаратылыстану ғылымдарының әдістерін пайдалана береді. Ежелгі дәуірлердегі көрсетілген сауалдарды шешуде деректанулық талдау кеңінен жүргізіледі. Тарихтан белгiлi болғандай әр түрлi халықтар белгiлi бiр аймақта пайда болып, сол аймақтың өзiндiк ерекшелiгiне (климатына, өсiмдiгiне, жер бедерiне, географиялық аймақтың хайуанаттары мен жәндiктерiне) бейiмделiп, тiршiлiк етедi. Өзiндiк мәдени және рухани мұрасын жасап қалдырады. Осы ерекшелiктерiне сүйене отырып, көрнектi тарихшы-этнограф Лев Гумилев: “Этнос дегенiмiз – жер бетiндегi белгiлi бiр тiршiлiк аймағы мен әлеуметтiк ортаның бiлiгiнде жатқан салт- дәстүрi, тұрмыс-тiршiлiгi, шаруашылық кәсiбi, мiнез-құлқы, тiлi мен мәдени мұрасы бiр халықтар тобы”(19,13) деген анықтама бередi. Бiз осы анықтаманы басшылыққа алған жөн деп есептеймiз. Ендi “Жаңа этностардың пайда болу себептерi неге байланысты?” деген сұраққа жауап iздесек, бiрiншiден, көршi этностардың бiр-бiрiмен соғысып, жеңiлгендерiнiң қоныс аударуынан, сөйтiп олардың жаңа жерге келiп, жергiлiктi халықтармен, тайпалармен биологиялық қан араласынан (миграцияланудан) жаңа этностар дүниеге келедi; екiншi, бiрнеше тайпалар мен халықтардың жаңа жердi отарлап, игеруiнен пайда болады. Мысалы, ХIҮғ. аяғында ағылшындар мен испандықтардың Солтүстiк Американы жаулап алып, жаңа жерге қоныстануынан американ этносы пайда болды. Үшiншi, климаттық өзгерiс (қуаңшылық, су тасқыны т.б.) адамдарды туған жерiнен ауа көшуге мәжбүр етедi. Олар басқа жерден тұрақ iздейдi. Мысалы, қырғыз халқы ХV ғ. басында Алтайдың солтүстiгi мен Енисей өзенi бойынан, ойраттардан бөлiнiп шығып, қырғыз Алатауына көшiп келiп, жергiлiктi түркi тайпалармен қан араласуынан жаңа этнос пайда болды. Бұл жерде жаңа жерге келiп тiршiлiк етушi этностар тобының жергiлiктi этностар тобымен бiрiгуiнен (қан араласуынан үшiншi бiр жаңа этностың) пайда болатынын ескеру қажет. Яғни этникалық тiршiлiктiң географиялық ортамен байланыстылығын ескерген жөн. Осыдан келiп, Э.Семплдiң “Адам – жер бетiнiң өнiмi” деген теориясы туындайды. Ал жер бетiндегi тiршiлiк күн нұрының күшеюiне, ғарыштық сәулелердiң әсерiне байланысты. Ғарыштық сәулелер ауа қабаттарын жарып өтiп, бiрнеше қиындықтарды жеңiп барып жер бетiне жетедi. Осыдан келiп себептестiк және қарама-қайшылық заңдылықтары туындайды. Табиғатта да, қоғамда да қарама-қайшылықсыз, себеп-салдарсыз даму мүмкiн емес. Этностардың бiр-бiрiнен этногенездiк айырмашылығы олардың нәсiлiне, тiлiне, дiнiне, бiлiмiне байланысты емес, тек мiнез-құлқы мен жер бедерiнiң табиғатына үйренiп, бейiмделуiне байланысты деп қарауды география ғылымы қуаттайды (19,5). Мысалы мұхит жағалауындағы ұлттар мен ұлыстардың салқын қанды болуы, олардың балық аулап, бұғы өсiрiп, ет жеп тiршiлiк етуi, ал оның керiсiнше, Оңтүстiк Африка халықтарының ыстық қанды болып келуi және тропикалық өсiмдiктермен қоректенуi географиялық - климаттық жағдайға бейiмделуiне байланысты ерекшелiк. Әр ұлттың өзiне тән мiнез-құлық құрылысы ұрпақтан-ұрпаққа көшкен сайын өзгерiп отырады. Мысалы ХVIII-ХIХ ғ.ғ. қазақтар мен бүгiнгi қазақтардың мiнез-құлқы бiрдей емес. Тiптi қазақстандық жергiлiктi қазақтар мен Иран, Түркия, Моңғол қазақтарының мiнез-құлқындағы айырмашылық бiрден сезiледi. Ол – этникалық топтардың жергiлiктi халықтың психологиясы мен кәсiби ерекшелiгiне қарай бейiмделуiне байланысты. “Этнос мүшелерiнiң мiнез-құлық құрылымының бiрiздiлiгi қарым-қатынас нормасына негiзделген. Олар: 1) жеке адам мен ұжымның арақатынасына; 2) жеке адамдардың өзара қатынасына; 3) этникалық топтардың арақатынасына; 4) этностар мен этникалық топтар арасындағы қарым-қатынасқа құрылады. Басқа этностардың басқаша нормалармен байланысқа түсуiне әр этностың мүшелерi таң қалады және өзiнiң тұқымдастарына басқа халықтардың “өрескелдiктерi” туралы таңдана айтатын болады. Мысалы, ертедегi афиналықтар скифтердiң үйiнiң жоқтығын, ал өздерiнiң мейрамдарында есi кеткенше iшетiнiн ызалана айтады екен. Ал римдiктер еврейлердiң сүндетке отырғызуын жаратылысқа қарсы әрекет деп айыптаған. Палестинаны жаулап алған рыцарьлар арабтардың көп қатын алуын ызалана сөз етсе, ал арабтар француз әйелдерiнiң бетiн ашық ұстауын сөлекет санаған. Иудейлер римдiктердi шошқа етiн жегенi үшiн жек көрген. Заман өзгерген сайын мiнез-құлық нормалары да жаңарып отырады. Мысалы, қазан төңкерiсiнен кейiн қазақтарда “қалыңмал” берiп, әйел алуы мүлде жойылды немесе өзбек әйелдерi пәрәнжi жамылуды қойды. Алайда этностың дамуы бiркелкi болмайды. Ол доға iспеттi дамуды бастан кешiредi. Себебi, этностың қоғамдық мәдени-экономикалық және географиялық жағдайға байланысты бiрде шапшаң, бiрде баяу дамуы мүмкiн. Адам өмiрi оны қоршаған табиғатпен, ғарыштық кеңiстiкпен, күн сәулелерiмен және радиацияның жер бетiндегi тiршiлiкке, соның iшiнде адамға да тигiзетiн әсерiмен биосфералық жағынан тығыз байланыста өтедi. Бұл жөнiнде Чижевскийдiң “Күн бетiндегi отты борандардың жер бетiндегi жаңғырығы” атты кiтабында айтылады. Күн бетiндегi отты борандар мен қопарылыс-жарылыс пайда болғанда, жердiң магниттiк белдеуi бағдарын өзгертетiн көрiнедi. Сонымен бiрге күн бетiнен жерге өткiр сәулелер атқылайды. Жер бетiндегi тiршiлiк әлемiне ерекше әсер ететiн физикалық құбылыстар пайда болады. Чижевскийдiң бақылауынша, күн бетiнде пайда болып жатқан осы құбылыстар кезiнде өткiр сәулелердiң шамадан тыс бөлiнуiмен байланысты вирустар көбейiп және олар желдiң бағытымен ұшып келiп, бiр жерге шоғырланып, әр түрлi жұқпалы ауруларды таратады, түрлi апаттар жиiленiп, адамдар арасында ақыл-есi ауысушы, асылып өлушiлердiң көбеюiн, бiр ұлт пен екiншi ұлттардың өзара соғысып, қантөгiстердiң болуын туғызатын көрiнедi (19,7). Биосфераның әсерiнен болатын табиғи апаттан, жарылыстан кейiн пайда болатын шала-жансарлық жағдай этностарды бiрден мүлдем құртып жiбермейдi. Дегенмен, ол этникалық жұлдыздарға (этностардың алдыңғы белсендi тобына) үлкен әсерiн тигiзiп, әлсiретуi, тiптi тұқымға орасан зор зиян келтiруi мүмкiн. Адам үнемi табиғат құшағында өмiр сүрiп, тiршiлiк ететiн болғандықтан, күн сәулесiнiң де адамдардың психикасына ықпалын тигiзетiнi көпке аян. Яғни адамдардың өз еркiн билеу әрекетi де табиғатпен тығыз байланысты. Ұлттар мен ұлыстар арасындағы жиi-жиi болатын соғыс, қан төгiс, қақтығыстарды бiр жағынан экономикалық үстемдiк үшiн күрес деп қарасақ, екiншiден, ұлттар мен ұлыстарды басқарушы хандар мен патшалардың мiнез-құлық әрекетiне, мемлекеттi басқарушы адамдардың нерв жүйесiнiң қызметiне байланысты құбылыс деп ұғуға тура келедi. Мысалы, Гитлердiң немiс ұлтын үстемдiкке жаралған ақ нәсiл деп қарап, бүкiл Еуропаны басып алуды мақсат еткенi, еврейлердi кемсiтiп, асып-атуы Мальтустiң теориясына негiзделген фашистiк-диктаторлық iс-әрекет едi. Ал бiреулер мұны адамның физиологиялық жағымсыз қасиетi демей, “Алланың жiберген iсi” деп қарап, фашистiк iс-әрекеттi ақтамақ болады. Әдебиеттер тізімі: (1, 4.) 2 Тақырып Халықтың саны және ұдайы өсіп-өнуі Жоспар
Халықтың ұдайы өсіп-өну коэфициенті — ұрпақтардың өсіп-өну қарқындылығының жалпылама сандық бағасын беретін көрсеткіштер. Әдетте әйелдер үшін және ерлер үшін бөлек-бөлек есептеледі, бірақ практикада ерлердің жасына қарай туылуы туралы деректердің жоқтығы себепті ерлер үшін есептеулер қолданылмайды. Халықтың ұдайы өсіп-өну коэффициентін қолданудың мақсаты — түрлі факторлардың ықпалымен өзгеріп тұратын халықтың өмір жасының құрылымына қарай халықтың өсуі туралы түсінік беру. Халықтың ұдайы өсіп-өну коэффициенті болжалды ұрпақ үшін неғұрлым кең ауқымда дамыған. Есептеу үшін бірнеше күнтізбелік жылдағы статист. ақпараттың болуы жеткілікті. Өміршеңдік индексі, тұрақты халықтың үлгілері мен жалпы туу коэффициентіне негізделетін орнын толтыру көрсеткіштері ең қарапайым Халықтың ұдайы өсіп-өну коэффициенті болып табылады. Жер шары халқының көбеюі мен таралуының алғышарттары, зерттелуі. Тұрғындар географиясы зерттейтін басты нысандар қатарына – халықтың саны, оның құрамы, таралып орналасуы, ырғақты түрдегі ұдайы өсу режимі жатады. Бұл мәселені демография және этнография ғылымсдары да зерттейді. Осы ғылымдар негізіндегі географияның зерттейтін шептес саласы «демография» және «этнография » пайда болды. Ал тұрғындар географиясы халықты кеңістікте орналасу тұрғысынан, оның ерекшеліктерін және дамуын қарастырады. Маман – географтар үшін халықтың құрамын, оның ұдайы өсуін, олардың арасындағы айырмашылықтарын білу арқылы, еңбек ресурсының сан мөлшері мен құрамы жайлы мәліметтерді білу өте маңызды. Сол сияқты бұл ресурстарды зерттеу барысында әрбір халықтың этникалық тобының материалдық және мәдени – рухани жақтары, әдет ғұрпы мен еңбек дағдылары ескеріліп сипатталады. Халықтың ұдайы өсуінің заңдылықтары. Халықтың ұдайы өсуі – адамдардың ұрпақ ауысуы нәтижесінде жүзеге асып, оның саны жастық және жыныстық құрамы өзгереді. Халықтың ұдайы өсуін ықтималдап екі негізгі топқа бөлеміз. Оның бірінші типінде ұрпақтар ауысуы нәтижесінде халықтың санының өзгермеуі немесе кемуі байқалады. Бұл құбылыс көбінесе дамыған елдерге тән. Онда халықтың тууы мен оның өлімі аз болуы себепті халықтың табиғи өсу көрсеткіштері төмен болып келеді. Халықтың ұдайы өсуінің екінші типінде келесі ұрпақтың санының алдыңғысына қарағанда көп болкы тән. Бұл елдерде туу мен табиғи өсім жоғары немесе аса жоғары болып келеді. Бұндай жоғары деңгейлі көрсеткіш Африка, Азия, Оңтүстік және Оңтүстік – Батыс Азия, Латын Америкасы мен Мұхиттық аралдар елдерінде байқалады.
1. Халықтың нәсілдік құрамы 2. Халықтың этникалық құрамы 3. Халықтардың тілдік жіктемесі Нәсіл (фр. race, итал. razza — туыс, тайпа) — тұқым қуалау арқылы берілетін ұқсас сыртқы (дене) пішіндері — терісінің түсі, шашы мен көзі, мұрны мен еріндерінің пішіні, бойы мен дене пропорциясы, сондай-ақ кейбір "жасырын" белгілері (қанының тобы және т.б.) бар адамдардың тарихи қалыптасқан тобы. Әр түрлі нысандардың таралу ареалдары сәйкес келмейді, сондықтан нәсілдік шекаралар анық емес және шартты болып келеді. Төрт үлкен нәсілге бөлу қалыптасқан. Олар: негроидтер, оған жақындау аустралоидтер, еуропеоидтер және монголоидтер, олардың ішінен кіші нәсілдер бөлінеді. Қазіргі адамзаттың дені үш үлкен нәсілге жатады:
Еуропеоидтік нәсілдерге тән белгілерЕуропеоидтік нәсілдерге тән белгілер: ұзын бойлы, шашы ұзын салалы әрі ашық, терісі ақшыл түсті. Олардың бет пішіні сопақша, мұрты мен сақалы тез өскіш, қыр мұрынды (жалпақ емес), жұқа ерінді болып келеді. Еуропеоидтік нәсілдер алғашында Еуропа мен Алдыңғы Азия жерінде өмір сүрген. Қазір еуропеоидтік нәсілдер барлық құрлықтарда өмір сүреді. Моңғолоидтік нәсілдерге тән белгілерМонголоидтік нәсілдердің де ездеріне тән белгілері бар. Монголоидтік нәсілдердің шаштары қатты әрі ұзын салалы, терісінің түсі қоңырқай, сақал-мұрты баяу өседі. Көбіне орта бойлы, жалпақ бетті, мұрын пішіні де жалпақ, көздері қысықтау, еріндерінің қалыңдыгы орташа болып келеді. Монголоидтік нәсілдер, негізінен, Азия құрлығында кеңінен таралған. Қазіргі кезде монголоидтік нәсілдер барлық құрлықтарда өмір сүреді. Негроидтік нәсілдерге тән белгілерНегроидтік нәсілдердің шаштары бүйра әрі кара түсті, терісінің түсі де қара, сақал-мұрты баяу өседі. Мұрны жалпак, бет пішіні сопақша, көздері үлкен, еріндерінің қалыңдығы айқын байқалады. Нағыз негроидтік нәсілдер, негізінен, Африкада өмір сүреді. Негроидтік нәсілдер де қазіргі кезде басқа құрлықтарда да таралған. Әдебиеттер тізімі: (1, 4.) 4 Тақырып Әлемдік діндер және олардың таралу аймақтары.
Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі. Будда діні — б.з.б. 6 ғасырда Будда негізін қалаған философиялық және діни наным. Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болған. Будда діні кезінде Оңтүстік Үндістан жеріндегі Шри Ланкадан бастап солтүстікте Сібірге, батыста Еділ өз. бойына дейін тараған. Будда діні басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша Будда дінін 1 млрд-қа жуық адам ұстанады. Будда діні фәни өмірдің азаптары — ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Христиан дінінде Иисус Христос (Иисус помазанный) мессияға теңеліп (қара Иса), құдайға баланды. Христиан дінінің қалыптасуына Сенеканың ілімі де әсер етті. Христиан діні әдебиеті негізгі төрт жанрдан тұрады: 1) Інжілдер (Матфей, Марк, Лука, Ионн); 2) апостолдардың арнаулы хаттары; 3) Христос шәкірттерінің істері туралы жазбалар; 4) ақыр заман туралы өсиет. Христиан дінінің 3 тармағы: проваславие, католицизм, протестанттық. Православие – құдайды дұрыс мадақтау дегенді білдіреді. Шіркеулердің бөлінуі нәтижесінде ХІ ғасырда бөлініп шыққан христиандықтың бір бағыты болып табылады. Православиенің сенім негізін Қасиетті жазу мен Қасиетті хикая құрайды. Православиенің негізгі қағидаттары сенім белгісінің 12 тармағында берілген. Католицизм (гректің Кatholikos – жалпы, бүкіләлемдік деген мағынаны білдіреді) – бұл христиандықтың батыс бұтағы және Батыс және Шығыс Еуропада (Франция, Бельгия, Италия, Португалия, Польша, Чехия, Венгрия), Оңтүстік және Солтүстік Америка елдерінің көпшілігінде тараған. Азия мен Африкада католиктер бар, бірақ католицизмнің әсері мұнда онша емес. Соңғы 100 жыл ішінде католиктер саны 4 есе артты. Католицизмді шамамен 200 мың қауымға біріккен 1 миллиардтан астам сенушілер уағыздайды, оларда шамамен 560 мың священник жұмыс істейді. Протестантизм – (лат. Рrotestants – қарсы келуші, келіспейтін деген мағына) христиандықтағы үшінші бағыт, Протестантизм католицизммен күресте оның маңызды түсініктері мен болжамдарын қабылдамау негізінде құрылды[4]. Исла́м (араб.: إسلام [ʔɪsˈlæːm]) — монотеистік, ханиф — Ибраһим пайғамбардың діні. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», (Аллаһның заңдарына) «мойынсыну» болып табылады. Исламдағы бөлімдер: Сунниттер яғни Аһл ас-Cунна (араб.: سنة — “Сүннетті ұстанушылар”) — Сүннетке мойынсұнып, оны қолдап-қуаттаушы сунниттер тобының атауы. Сунна — шариғат заңдарының қайнар көзі. Ол Мұхаммедтің (с.а.с) іс-әрекеттері мен айтқан өсиет, тұжырымдарынан тұрады. Аһл ас-Суннаның негізгі сипаттары: алғашқы төрт халифты мойындау (Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли), алты хадистер жиынтығын мойындау (Мұхаммад б. Исмайил әл-Бұхари, Муслим б. ан-Найсабури, әл-Хаким ат-Термизи, Әбу Дауд, ан-Насаи, ибн Маджи) және төрт мазһабтың (ағымның) біріне тиістілігі (мәликашылар, ханифашылар, ханбалшылар, шафийшылар). Аһл ас-Суннаға жататындар Иран мен Ирактан өзге (бұл екі елде шииттер саны басым) мұсылман елдерінің бәрінде өмір сүреді. Қазақ халқы да Суннаны мойындаушыларға, яғни аһл ас-Суннаға жатады және ханифшылар ілімін ұстанады. Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
Еңбек ресурстары - халықтың еңбектік әлеуеті, ел (аймақ) халқының шаруашылық саласында жұмыс істеуге қажетті білім деңгейі бар, дене күші толысқан және дені сау бөлігі; елдің экономикалық әлеуетінің маңызды элементі. Еңбек ресурстарының өлшемі халықтың санына, оның өсіп өнуінің режіміне, демографиялық құрылымына байланысты барлық демографиялық процестерінің қарқындылығына сәйкес болады. Еңбек өнімділігі кұрылымының екі жағы бар: жұмыс күші немесе еңбекке қабілеттілік және тұтыну күші немесе тұтынуға қабілеттілік. Еңбек — жұмыс күшінің қызметі, ал тұтыну — тұтыну күшінің қызметі. Осыдан адамда еңбекке қабілеттілікті, сондай-ақ тұтынуға қабілеттікті калыптастыру қажеттілігі туады. Қазіргі экономика жүйесінде адам рөлін сипаттағанда бірқатар ұғымдар пайдаланылады: «экономикалық адам», «адам ресурстары», «адам капиталы», «кәсіпкер», «жұмыс күші», «өндірістің жеке факторы», «еңбек ресурстары» т.с.с. Экономикалық адам — бұл таңдау бостандығы бар,жеке мүдделері мен мақсаттарын жүзеге асыруға ұтымды шешім қабылдайтын,нарықтық экономиканың басты шығармашылық субъектісі,еңбек ресурсы. Еңбек нарығы қызметінің тетігін (механизмін) талдауда, төрт тұжырымдамадан тұратын көзқарас өмір сүреді: 1. Еңбек нарығының классикалық моделі, мұнда толық жұмыспен қамтамасыз етілуі нарықтың экономикалық нормасы болып табылады, ал экономикаға мемлекеттің араласпауы ең жақсы экономикалық саясат болып табылады. Бұл моделдің негізгі теориялық ережелері:
• жұмыстың көп кезінде өндірілген өнімді сатып алуға жұмсайтын каржылардың жеткіліксіз деңгейін жоққа шығарады; • егер жалпы қаржы деңгейі жеткіліксіз болса, онда баға және жалақы сияқты реттеу тетіктері іске қосылады, бұл өндірістің нақты өнім көлемінің қысқаруына, жұмыссыздыққа және нақты табыстың төленуіне жол бермейді; • еңбек нарығындағы бәсеке ішкі жұмыссыздықты жоққа шығарады, өйткені нарықпен белгіленген жалақы ставкасымен жұмыс істегісі келетін адамға жұмыс табу оңай болады; • мемлекеттің экономикаға көмегі артық, тіптен зиян деп те айтуға болады.
Миграция - [лат. migratio - көші- қон, қоныс аудару] - адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі. Халық көші-қонын бірегейлендірудің негізгі белгілерінің бірі - қандай да бір аумақтың әкімшілік шекарасын кесіп өту (мемлекет, аудан, аймақ, қала және т.б.). Осы негізде ең алдымен, халықаралық (мемлекетаралық) және ішкі миграцияны анықтайды. Ӏшкі көші-қон ел халқының жалпы санын өзгертпейді, халықаралық көші-қон әлем елдеріндегі халық санының өзгеруіне әкеледі, көбіне азаматтықты өзгерту орын алады. Сондай-ақ қала ішіндегі аумақтық көші-қондар ("қала-қала"), ауылдық жерлердегі ("ауыл-ауыл"), қалалық және ауылдық жерлердің өзара көші-қон алмасуы ("ауыл-қала", "қала-ауыл"). Мерзімдік белгілеріне қарай қайтып оралмайтын (ішкі көші-қон, эмиграция, иммиграция) және қайтып оралатын миграция (ұзақ мерзімді, мезгілдік, үздік- создық, ауық-ауық көші-қон) түрлері анықталған. Түрлеріне қарай ерікті, мәжбүрлі, заңсыз көші-қон болып бөлінеді. Халықтың көші-қоны себептеріне қарай жіктеу де аса маңызды. Келесідей себептер анықталады: - экономикалық, - әлеуметтік, - әскери, - демографиялық (отбасы бірлесуі, некелік миграция), - мәдени, - саяси, - діни және - этникалық. Халықтың көші-қонын жекелеген елдердің, аймақтардың және жалпы әлемнің экономикалық-демографиялық дамуына елеулі әсер етеді. Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 4.) 7 Тақырып Урбандалу және қоршаған ортаны қорғау
Урбанизация (лат. urbs - қала, urbanus - қалалық) – еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс. Көне латын тіліндегі мағынасы "қалалық" деген ұғымды білдіреді. Яғни, ең қысқаша айтар болсақ, урбанизация, бұл – қала тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің үстемдікке ие болуы. "Урбанизация" ұғымын "урбанизациялану" ұғымынан ажыратып қарау керек. Біріншісі процесті білдіреді, екіншісі - процесс барысында қол жеткен көрсеткіш денгейі. Урбанизацияның негізгі көрсеткіші - елдегі қалалық тұрғындардың үлес салмағының арту қарқыны ("урбанизация қарқыны") Урбанизация үрдісі осылардың арқасында жүреді: қала халқының табиғи өсімі; ауылдық елді мекендердің қала статусын алуы; қала маңы аудандарының пайда болуы; ауылдық жерлерден қалаға қарай миграция.
1. Халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі 2. Қала халқы: қала — агломерация — мегаполис 3. Халықтың орналасуы: шекаралас аудандарға шоғырлану Халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі Қазақстан халқының саны аумағынын, үлкендігіне сай келмейді. Халықты біркелкі қоныстандыру және үлкен аймақты игеру мүмкін емес. Сонымен бірге халықтың қоныстануына табиғат жағдайы қолайлы жерлердің тек 1 / 3 бөлігі ғана жарайды. Сондықтан да мемлекетті модернизациялау бағдарламасында негізгі рөлді халықты аумақтық ұымдастыруга баса назар аударады. Оның дұрыс орындалуы халықтың еңбек әлуетін тиімді пайдалануға мүмкіншілік береді. Халықты аумақтық ұйымдастыруға орналасу және қоныстану жатады. Халықты орналастыру - халықты мемлекет, облыс көлемінде, аймақ бойынша орналастыру. Халықтың қоныстануы - халықты елді мекендер бойынша орналастыру. Бұлардың бір-бірімен тығыз екендігін дәлелде. Қалалық және ауылдық елді мекендер, соған байланысты қала мен ауыл халқы деп белінеді. Кез келген мемлекеттің даму барысында шешуші рөлді қалалар атқарады. Әсіресе ірі қалалар. Қалаларда адамдар көп шоғырланып, өте мықты экономикалық және интеллектуалды әлуетті қалыптастырады. Бұл процесс қалалардың өсуіне және ауыл шаруашылығының дамуына себебін тигізеді. Өнеркөсіп, ғылым, білімнің өркендеуі ірі қалалардың экономикалық есуінің діңгегіне айналды. Қалалар және оларды қосатын жолдар аумақтың сүйенетін қаңқасы тәрізді. Ірі қалалар - адамның шығармашылық әлуетін дамытуға мүмкіншілік береді. Қалалықтар қызмет түрінің көптеген түрлерін пайдаланып, жайлы қоныстанған және мәдениеттілігі жоғары болып келеді. Сондықтан болар, дүние жүзінің барлық елдеріне тән үрдіс - адамдардың қалаға жылжуы. Қалалардың қалыптасуын және дамуын урбандалу деп атаймыз (лат. urbanus - қалалық). 1) қаланың және халқының өсуі; 2) қалалық тіршіліктің өркендеуі; 3) орналасудың жаңа түрінің пайда болуы. Қалалық орналасудың тарихи қалыптасқан 3 формасы бар. Қала, қалалық агломерация және мегаполис. Қалалар Қазақстан жерінде ежелгі дүние кезеңдерінде қалыптасқан жоспарлы экономика тұсындағы урбандалу саны жағынан қалалар мен халық саны өсті. Қала және қала типтес ауылдар көбінесе бір кәсіпорын маңында (зауыт, фабрика, кен орны) калыптаса бастады. Экономикалық дағдарыс тұсында көсіпорындардың жабылуы қала тіршілігінің де жойылуына алып келді. Осыған орай мемлекеттің күшімен көптеген қала типтес кенттер біртіндеп ауылға айналды. Қазіргі таңда 86 кала және 35 кент бар. Қалалар тұрғын санына, атқаратын қызметіне және елді модернизациялаудағы реліне қарай бөлінеді. Қала қызметі - қаланың негізгі қызметі. Олар қаланы қалыптасатын және қалаға қызмет көрсететін салаларға бөлінеді. Қаланы қалыптастырушы қызметі - негізгі. Бұл қаланың мамандығы, яғни сол үшін негізі қаланған. Ңаланы қалыптастыруға өнеркөсіп, көлік, сауда, әкімшілік, мәдениет, ғылым, туризм және әскери қызметтер жатады. Әдебиеттер тізімі: (1, 4.) 7. Тәжірибелік сабақтардың мазмұны, 30 сағат1 Тақырып Курстың пәні және міндеттері. Этнос ұғымы және қалыптасу кезеңдері Жоспар:
Тапсырмалар:
Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады). Әдебиеттер тізімі: (1, 4.) 2 Тақырып Халық саны. Халықтың ұдайы өсуі. Жоспар:
Тапсырмалар:
Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады). Әдебиеттер тізімі: (1,2,4.) 3 Тақырып Халықтың нәсілдік, этникалық құрамы. Халықтардың тілдік жіктемесі Жоспар:
Тапсырмалар:
Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады). Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 4.) 4 Тақырып Әлемдік діндер және олардың таралу аймақтары Жоспар:
Тапсырмалар:
Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады). Әдебиеттер тізімі: (1,2, 3, 4.) 5 Тақырып Халықтың таралу ерекшеліктері. Қоныстанудың географиялық формалары. Еңбек ресурстарыЖоспар:
Тапсырмалар:
Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады). Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 4.) 6 Тақырып Халық миграциясы және миграция түрлері Жоспар: 1. Миграцияның негізгі түрлері 2. Миграцияның сандық көрсеткіштері 3. Негізгі терминдер мен ұғымдар
Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, суреттерімен презентация жасап, қорғау. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады). Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 4.) Мультимедиялық қамтамасыздандыру: Интербелсенді тақта 7 Тақырып Урбандалу және қоршаған ортаны қорғау. Жоспар:
Тапсырмалар: 1. Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп, жауаптарын дәптерге жазу. 2. Урбандалу үрдісінің нәтижесінде қоршаған ортаның өзгеруіне әсер ететін жағдайларды кесте түрінде сызып көрсету. 3. Мегапрлистер ұғымы және әлемнің ірі 10 мегаполистерін жатқа айтып беру Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады). Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 4.) № 8 Тақырып. Халық орналасуының ғаламдық мәселесі. Жоспар:
Тапсырмалар:
Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады). Әдебиеттер тізімі: (1,2, 3, 4.) 8. Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар
9 СОӨЖ кеңес кестесі (СОӨЖ-сы СӨЖ-ның 25% құрайды)
11. Студенттердің білімдерін тексеру кестесі Дәріс және тәжірибелік (семинар, зертханалық) сабақтар 0-100 баллмен бағаланады Пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесі
Ескерту:1. Реферат СӨЖ тапсырмаларында берілген тақырыпқа сай жазылуы тиіс.12. Студенттердің білімін бағалау критериилеріПәнді оқуту жыл бойы алған білімдері бойынша, тестілеу формасындағы емтиханмен аяқталады. Бағдарламада берілген барлық тапсырмаларды орындау, емтиханға жіберудің міндетті критерииі болып табылады. Әр тапсырма 0-100 баллмен бағаланады. 14. Әдебиеттер тізімі Негізгі
Қосымша:
Каталог: arm -> upload -> umk umk -> Жұмыс бағдарламасы қазақстан тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған umk -> Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07 umk -> Жұмыс бағдарламасы шет елдер тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған Павлодар umk -> АќША, несие, банктер umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы umk -> Web-технологияныњ ±ѓымдары umk -> Программа дисциплины для студентов umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі umk -> Јдістемелік нўсќаулыќ Достарыңызбен бөлісу: |