Семинар тақырыбы: XIX ғасырдағы әдебиет үлгілері Орындаған: Серікбол Бүрлен



Дата09.02.2022
өлшемі20.09 Kb.
#170576
түріСеминар
Байланысты:
Серікбол Бүрлен 19 ғ әдебиеті 2 семинар


Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

2 СЕМИНАР

Тақырыбы:XIX ғасырдағы әдебиет үлгілері

Орындаған: Серікбол Бүрлен

Қабылдаған: Бисенбаев Пазылбек Қуанбайұлы

Әр дәуірдің өзіне тән әдебиет үлгілері болады. Әдебиеттің тарихы үшін әр дәуір бір төбе болып саналады. Соның ішінде  XIX ғасыр қайталанбас әдебиет үлгілеріне тұнып тұр. Соның ішінде бәрімізге айқын XIX ғасырдағы нәзира үлгісіне тоқталсам.


ХІХ ғасырдағы діни-ағартушылық бағыттың ағысты арнасының бірі – ежелгі нәзира дәстүріндегі қайта жаңғырған қисса-дастандар. Қисса-дастандардың жандану себептерінің түп-төркіні отаршылдық, миссионерлік саясатта жатты. Белгілі бір тарихи кезеңнің қазақ сөз өнері көтерген ауыртпалығының бірі – осы дін жайы, миссионерлік ағым. ХІХ ғасырда, ХХ ғасыр басында қазақ арасына кітап болып басылып тараған қисса-дастандардың шыға бастаған уақытын зерттеушілер 1800 жылмен даталайды. Ә. Каримуллиннің ХІХ ғасырда Қазан төңкерісіне шейін жарияланған кітаптардың саны, мазмұны туралы деректері түрлі жыр, қисса-дастандардың үздіксіз, бір шығарманың өзі әлденеше рет басылып, ел арасына мыңдаған дана болып таралғанын көрсетеді. Кеңестік кезеңде ХІХ ғасырдағы қиссалар “Батырлар жыры” (1964), “Ғашықнаме” (1976), “Қисса дастандар” (1980), “Дастандар” (І, ІІ том 1990) жинақтарында басылды. Қытайда қиссаның 12 томы жарық көрді. ХІХ ғасырда қазақ арасына кең жайылған қисса-дастандар зерттеушілер деректеріне қарағанда сол ортағасырлық нұсқадан қайта басылып та, нәзирагөйлікпен қайта жырланып та тарап отырған. Бір шығарманы, бір желіні бірнеше ақынның өзіндік өзгешеліктерімен жырлап, бастыруы да қисса-дастанның жасау үрдісіне айналған. Ал, сол ортағасырлық туындылардың ықпалымен үлгісімен жаңадан туған, қазақ өмірінен алынған шығармалар – өз алдына бір әдеби әлем.
1959 жылғы әдеби мұраға көзқарас талқыланған ауқымды ғылыми жиындағы жарыссөзде Б. Шалабаев қиссалардың жөнін, мәнін мейлінше айқын қойып сөйлейді: “ХІХ ғасырдың соңғы ширегінен ХХ ғасырдың алғашқы  15 жылында Москва мен Петербург, Қазан мен Уфа, Ташкент пен Омбы, Орынбор мен Троицк, тағы басқа қалаларда қандай кітап басылсын, соның бәрі “қисса” аталды. Осы тізбек, осы серияның ішінде “Қобыланды” мен “Ер Тарғын”, “Қыз Жібек” пен “Қамбар”, “Айман-Шолпан” мен “Алпамыс” және кейбір қазақ ақындарының жыр, толғау, поэмалары да болды.Бұған қарағанда “қисса” деген терминнің әуелде қайдан шыққанын, қиссалардың қандай идеялық, көркемдік мәні болғанын, әдебиеттің қай тегіне баланғанын дәл айту өте қиын. Тегі қиссалар фольклорлық шығармалар мен жеке автордың дастан, романдарына әрі ұқсас, әрі ұқсас емес, сондықтан да әлі күнге зерттелмей келген, қиындығы да, қайшылығы да көп тың дерлік жанр”.
ХІХ ғасыр әдебиетіндегі қисса өлең дәстүрінің ғылыми негізделуі, жүйеленуі сол ХІХ ғасырдың орта тұсынан бастау алады. Шоқан Уәлиханов “Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінен” зерттеуінде қисса өлеңдерді өлеңнің бесінші түріне жатқызған топтамасының ішінде атайды. Кейінде, ХІХ ғасыр әдебиетіндегі осы бір аса мол әдебиет үлгісінің көбіне айыптау мәнде бағаланғанын ғалым Өтеген Күмісбаев Шоқан Уәлихановтың қиссалар жөніндегі пікіріне сүйенгендіктен болды деп, орынды ұғындырады.
Қазірде ортағасырлық нәзира тудырған, арғы арналары біздің дәуірімізге шейінгі мифтерден, кейінгі “Құран” желілерінен, “Мың бір түн”, “Тотынама”, “Шахнама” желілерінен тараған қисса-дастандардың ХІХ ғасырда қайта басылуын арғы түпнұсқамен салыстыра қарау, текстологиялық тазалау жасау – бір мәселе. Келесі мәселе – ортағасыр туындысын ХІХ ғасырда нәзира дәстүрінде жаңғыртудың үлгілерін кітап болып тасқа басылған қиссалар арқылы саралау, ажырату. Яғни, нәзира жанрының бар болмысын ашу. Үшінші мәселе нәзира ықпалымен туған төл әдеби мұраның тегін анықтау. Яғни, шығармадағы 1) Шығыс әдебиетінің әсері; 2) Халық ауыз әдебиетінің әсері; 3) Сол ХІХ ғасырда қазақ көркем сөзіне, атап айтқанда, қисса-дастанға орыс, Еуропа әдебиеті тигізген әсер.
Сөз жоқ, қисса-дастандар күні бүгін жан-жақты қарастырылып зерттеліп отыр. Алайда ХІХ ғасырдағы қисса-дастандардың жаратылысы біртұтас емес; олардың әлі де жанрлық сипатын ажыратып, жан-жақты ғылыми сипаттамасын жасауды жалғастыру қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет