Орал тұрғындары қаладағы жұмыртқа тапшылығына наразылық білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мой Город басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: mgorod.kz

Оралдықтар тұрақтандыру қорынан келетін жұмыртқаларды сатып алуға қойылған шектеулерге наразы. Жаңа ереже бойынша бір адам тек 10 жұмыртқа ғана сатып ала алады. Жұрт мұны жұмыртқаны басқа елдерге, соның ішінде Ресейге экспорттаумен байланысты деп есептейді.

Алайда БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Рүстем Зұлқашев қазақстандық жұмыртқаның Ресейге экспортталып жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. 

“Әзірге біздің өндірушілер жұмыртқаны тек біздің облысқа шығарады. Бізге Ресейге жеткізілім көлемінің ұлғаюы туралы ақпарат түскен жоқ. Кәсіпкерлер жұмыртқаны тек ішкі нарыққа жеткізеді. Біз оларды мәжбүрлей алмаймыз, әрине. Ал оған әкімшілік әдістерді қолданып тыйым салуға құқымыз жоқ", – деді Рүстем Зұлқашев.

Айта кетейік, Оралдағы сауда нүктелерінің сөрелерінде тек жергілікті жұмыртқа ғана емес, Ақтөбе жұмыртқасы да бар.

Ауыл шаруашылығы басқармасы, бір адамға 10 жұмыртқа ғана сату шектеуі ортадағы пайда табу фактілерін жою, арзан өнім алып, қымбат бағаға қайта сатататын делдалдармен күресу үшін жасалып жатқанын түсіндірді.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.