Танымал әнші Дильназ Ахмадиева өнердегі әріптесі, құрбысы Мақпал Исабековамен араласпай кеткенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентті Balu.kz арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: https://www.youtube.com/shorts/7oVEKHiwQ24

Өнер иесі анасынан басқа ешкімге сене алмайтынын жасырмады. 

“Араласпай кеткенімізге төрт жыл болды. Біз енді жақын құрбы емеспіз. Солай болып қалды. Жолымыз бөлек екен. Екеуміздің достыққа деген көзқарасымыз да әртүрлі екен. Жаман ештеңе болған жоқ. Көрген жерде амандасып тұрамыз. Бір-бірімізді көрместей болып кеткен жоқпыз. Соңғы кезде қасымдағы жақындарым азайып қалды. Анамды есептемегенде жақын деген үш адамым ғана бар. Анам – ғана ең жақын құрбым. Маған манипуляция жасады, алдады, сатқындық жасады. Осының бәрін құрбыларым жасады. Енді ондай құрбылардың болғанын қаламаймын", – деп шынын айтты Ахмадиева. 

  • "500 мың теңге": Мөлдір Әуелбекова сұлулығының сырын ашты

  • "Қан жөтел басталды": Балжан Бидаш әкесін шетелге емдетуге алып кетті

Сонымен қатар, әнші ұлынынң диагнозы барын да жасырмады. 

“Тоғыз жыл күткен ұлым Зейданның денсаулығы сыр беріп жүр. “ЗПРР” деген диагноз қойды. Оны естігенде есеңгіреп қалғаным рас. Қабылдау қиын болды. Бірақ ондай диагноз екінің біріне қойылады екен. Қазір ұлымды емдетіп жатырмын. “Балабақшаға берсең, балалармен ойнап кетеді” деген ақыл айтатындардікі – ақымақтық. Балаға бірінші ата-анасы көмектесуі керек. Барлық қиындықтың шығатын жолы бар”, – деді өнер иесі. 

Еске салайық, Дильназ Ахмадиева балалық шағының қызық кезеңдерін бөліскенін жазған едік. 

@timur_balymbetov «Мой круг друзей опустел» — в новом интервью Дильназ Ахмадиева откровенно поведала о переменах в жизни и отношении к дружбе. Скоро на канале! @dilnaz_akhmadiyeva #честноговоря #тимурбалымбетов ♬ original sound — Тимур Балымбетов


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.