Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшылары Грекияның Афины қаласында өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Олимпиада комитеті

Спортшыларымыз Афинада көркем гимнастикадан өткен дәстүрлі "Афродита" кубогінде топ жарды. Аталған сында Милана Парфилова ұршық жаттығуында қола медаль, лентамен жаттығуда күміс жүлде еншіледі. Ал таспамен және  ұршықпен жаттығу сайысында Айбота Ертайқызы алтын медаль иегері атанды. Сондай-ақ, Айботаның доппен жаттығу жасау сайысында да қола жүлде жеңіп алса, Эрика Жайлауова дәл осы доп жаттығуы бойынша алтыннан алқа тақты.

Айта кетейік, Қазақстан жасөспірімдер командасы топтық жаттығуда турнирдің екі медалін жеңіп алды. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.