Түркістан қаласында Қазақстандағы жалғыз еуропалық банк — Нome Сredit Bank өз бөлімшесін ашты. Киелі шаһарда тұсауы кесілген банк бөлімшесі Қазақстан бойынша 52-і болмақ. Сондай-ақ банк бөлімшесі ерекше қажеттіліктері бар адамдарға аса қолайлы. Шағын және орта бизнес кәсіпкерлері де енді барлық қызметтерді толыққанды ала алады.

Home Credit Bank басшысы Түркістандағы клиенттер саны қазірдің өзінде 15 000-нан асқанын тілге тиек етті. Сондықтан филиалдың ашылуын тұрғындар да асыға күткен.

"Клиенттерге банк бөлімшелеріне барып, дербес түрде жүгіну, менеджерден кеңес алу немесе кейбір қаржылық мәселелерді нақтылау маңызды. Сондықтан біз өз тұтынушыларымызбен байланыста болу үшін филиалдар желісін біртіндеп кеңейтіп жатырмыз. Біз тұтынушыларымыздың талап-тілектерін әрдайым ескереміз. Сондықтан олармен үнемі байланыста болу үшін осы филиалдың ашылуы біз үшін өте маңызды болды. Қала және бүкіл өңір қарқынды түрде дамып жатыр, сондықтан клиенттеріміздің саны әлі де өседі деген сенімдеміз. Оған қоса Home Credit Bank клиенттерге ең үздік әрі тиімді шешімдерді ұсынады. Жаңа бөлімшедегі біздің қызметтер мен өнімдерге баға беру үшін біз қала тұрғындары мен кәсіпкерлерді күтеміз", — дейді Home Credit Bank басшысы Кирил Бачваров.

Жаңа филиал ыңғайлы әрі жайлы, сондай-ақ ол ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған арнайы құралдармен жабдықталған. Арнайы тақтадағы тактильді мнемосхема, кіру-шығу мен кассалар көрсетілген тактильді көрсеткіштер және пиктограммалар бөлімшеде жүруге көмектеседі. Сондай-ақ филиалда мүгедектер арбасын баспалдақпен көтеруге және түсіруге мүмкіндік беретін жылжымалы шынжыр табанды көтергіш бар. Филиалда көмек қажет болған жағдайда, көмекке шақыру жүйесі орнатылған.

"Түркістандағы филиал – біздің банк ұсынатын сапалы клиенттік қызметтің тағы бір нүктесі. Мұнда тек жеке тұлғаларға ғана емес, сонымен қатар шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге де қызмет көрсетіледі. Қызметтер жаңа филиалда, сондай-ақ өткен жылы іске қосылған цифрлық банкте де қолжетімді. Цифрлық банктің көмегімен барлық daily-banking операцияларын жүргізуге болады. Оларға аударымдар, төлемдер, салық төлемдері, бухгалтерия, адамдарды жұмысқа қабылдау, оларға жалақы төлеу жатады. Тұрғындар мен кәсіпкерлер біздің қызметімізді жоғары бағалайтынына сенімдімін", — деді Шымкент қаласындағы Home Credit Bank филиалының директоры Қайрат Еділбаев.

Home Credit Bank халықаралық PPF тобына кіреді. Биыл банк Қазақстандағы активтер мөлшері бойынша 13-орынға жайғасты. Бір жыл ішінде Home Credit Bank активтері 45,5%-ға өсіп, 800 млрд теңгеден асты. Банктің капиталы 156,8 млрд-қа жетіп, жылдың басынан бері 21%-ға өсті. Қазіргі таңда Home Credit Bank ыңғайлы кредит өнімдері, тегін төлемдер мен аударымдар, 17,3% мөлшерлемесі бар икемді депозиттер, тиімді кешбэктер бар дебет карталарын өз тұтынушыларына ұсынып келеді. 

2023 жылдың өзінде Home Credit Bank клиенттері Home Card және Home Card Lite дебет карталарымен жасалынған операциялар үшін 4,3 млрд теңге мөлшерінде кешбэк алған болатын. Сонымен қатар, банктің нарықтағы ең үздік OZEN бөліп төлеу (0-0-6) картасы бүкіл әлем бойынша және интернет-дүкендерде сатып алулар жасау мүмкіндігін сыйлауда. Оның көмегімен әлемдегі кез келген банкоматтардан ақша алуға және мобильді қосымшада комиссиясыз аударымдар жасауға болады. Оған қоса Home Credit Bank банктік депозиттік сертификаттарды, долларлық облигацияларды, сондай-ақ әртүрлі жағдайларға арналған сақтандыру қызметтерін ұсынып отыр. Енді мұның бәрі Түркістан қаласының тұрғындарына мобильді қосымша арқылы ғана емес, офлайн түрде де жұмыс жасайтын болады.

Салтанатты рәсімге Home Credit Bank басқарма төрағасы Кирил Бачваров, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков, Шымкент қаласындағы Home Credit Bank филиалының директоры Қайрат Еділбаев, коммерциялық блоктың басқарушы директоры Андреа Худа, ШОБ блогының жетекшісі Дамир Какиев қатысып, банктің жаңа бөлімшесінің ашылуымен құттықтады.

Салтанатты рәсім соңында қатысушы қала тұрғындарына банк өнімдері бойынша сұрақтар қойылып, 7 адамға Technodom-нан тұрмыстық техникаға арналған сертификаттар сыйға берілді. Сондай-ақ, айтулы күні банк ұжымы  іс-шараға қатысушыларға арнайы ақ дастархан мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлап,  мерекелік торт үлестірілді. 

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан қаласындағы Тәуке хан №266 мекен-жайында орналасқан жаңа филиал таңғы сағат 9:00 — ден кешкі сағат 18:00 — ге дейін тұрғындарға қызмет көрсетеді.

№ 1.2.36/40 лицензия, 17.08.2022 ж. Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.