Қазақстандық танымал актер, әрі спортшы Еркебұлан Тоқтар Octagon 56 турнирінде Одилхан Камоловтан басым түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Octagon.league

Octagon 56 турнирінің басты жекпе-жектерінің бірінде өнер көрсеткен Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық Одилхан Камоловты айқын басымдықпен ұтып, екі жыл бұрын кеткен есесін қайтарды. Үш раунд бойы қарсыласына жойқын соққыларын жаудыртқан Тоқтар қарсыласына бірде-бір “тейкдаун” жасауға мүмкіндік бермей, әбден әбігерге салды. Тік тұрып ұрыста көп соққы өткізген Одилхон оңбай таяқ жеді. Осылайша, Еркебұлан шаршы алаңдағы 7-нші жеңісіне қол жеткізді. 

Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар мен Одилхан Камолов Octagon 33 турнирінде жекпе-жек өткізіп, отандасымыз жеңіліп қалған болатын. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.