Қазақстан ғалымы, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Ғани Қалиев 86 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: kk.wikipedia.org

Ғани Қалиев еліміздің саяси өміріне де белсенді араласқан. ҚР Жоғарғы кеңесі мен парламент мәжілісінің депутаты және "Ауыл" партиясының экс-төрағасы болған.

Қалиев Ғани Әлімұлы 1938 жылы жылы 19 шілдеде Жамбыл облысының Шу ауданына қарасты Белбасар ауылында туған. Мансабын Алматы халық шаруашылығы институтында (қазіргі Қазақ экономика университеті) оқытушы болып бастаған.

1968-84 жылдары Қазақтың ауыл шаруашылық экономикасы және оны ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, сектор, бөлім меңгерушісі, институт директорының орынбасары, директоры (1988-96);

  • Ресей президенті Владимир Путиннің немере ағасы қайтыс болды
  • 16 жастағы қазақстандық Шри-Ланкада серфингпен айланысып жүріп қаза тапты

1984-88 жылдары Қазақ қой өсіру технология ғылыми-зерттеу институтының директоры;

1991-96 жылдары Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының президенті болды.

1999 жылдан парламент мәжілісінің депутаты лауазымын атқарды.

"Ауыл" партиясының төрағасы болып еңбек етті. Оның басшылығымен Агроөнеркәсіптік кешеннің Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңесі құрылды.

Еске салайық, бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, публицист-жазушы Жұмабай Шаштайұлы 74 жасында өмірден озғанын хабарладық. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.