Премьер-министр орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мобильдік аударымдарды бақылау мәселесі тағы бір рет қарастырылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com 

Үкіметтегі брифинг кезінде Нұрлан Байбазаров бұл өте қиын мәселе екенін атап өтті. 

“Сол себепті маған оны тағы бір рет қарау туралы тапсырма берілген. Біз оны қаржылық-экономикалық блок ішінде тағы да қарастырамыз. Механизмін, талаптарын егжей-тегжейлі талқылап, бұл сұраққа қайта ораламыз”, – деді шенеунік. 

Сондай-ақ ол берген жауабын толықтырып мобильді аударымдар бәрібір тексеріледі дегенге келтірді. 

"Мобильді аударымдар қалады. Бірақ әлі қараймыз. Жеке кәсіпкерді қалай анықтайсыз? Тағы да айтайын, біз құқықтық мемлекетпіз. Әділетті мемлекетпіз, дұрыс па? Сіз бен біз осы заңның сақталуын қарауымыз керек. Біреулер төлейді, біреулер төлемейді. Әділдік болу керек. Бәрі салық төлеу керек. Бірақ әркімнің өз мөлшері болатыны түсінікті. Сол себепті осы режимдерді есепке алып, салық жүйесі қалай жұмыс істейтінін ойластырып жатырмыз. Бұл мәселе жабулы күйінде қалады деген сөз емес", — деді министр.

Бұған дейін ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров халықтың жаппай қолма-қол төлемге көшіп, мобильдік аударымнан бас тартып жатқанына қатысты пікір білдіріп, оның уақытша тренд екенін айтқан еді. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.