Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу



жүктеу 0.51 Mb.
бет3/4
Дата21.04.2019
өлшемі0.51 Mb.
түріАвтореферат
1   2   3   4

және көпшілік алдында елжандылық мазмұндағы мәтіннің мазмұнын ағылшын тілінде баяндауда қиналады.

Төмен деңгей: мектеп оқушылары ағылшын тілін оқып үйренудің елжандылықты қалыптастырудағы әлеуметтік мәнін түсінбейді, қызығушылық танытпайды, қабылдамайды; ағылшын тіліндегі ақпараттардың елжандылық сипатынан түсінігі жоқ, ағылшын тіліндегі елжандылық бейнелердің өзіндік ерекшелігін түсінбейді, қабілеті жетпейді; ағылшын тіліндегі мәтіннің елжандылық бағытына мазмұндық сипаттама бере алмайды және талдау беруде өзінің көзқарасын қорғау дегенді білмейді, көпшілік алдында елжандылық мазмұндағы мәтіннің мазмұнын ағылшын тілінде жеткізе алмайды, тұлғалық қалыптасуында ағылшын тіліне мән бермейді.

Аталған модель шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу деңгейін зерттеп білуге, принциптер жүйесін (жүйелік, кешендік, тұлғалық іс-әрекеттік көзқарас принципі; оқушылардың жас және дара ерекшелігін ескеру принципі; оқу-тәрбие процесіндегі сабақтастық принципі; «оқытушы-оқушы» жүйесіндегі өзара белсенді әрекеттестік принципі; оқыту мен тәрбие мақсаттары, мазмұны, формалары мен әдістері бірлігінің принципі; оқу-тәрбие үдерісінің елжандылық бағыттылығы принципі) айқындауға және тәрбие әдістерін (елжандылық мазмұндағы ағылшын тіліндегі оқулық мазмұнымен, қосымша мәліметтермен танысу процесінде оқушылардың елжандылыққа бағытталған білімі мен елжандылық қасиеттерін дамыту; қабылданған елжандылық мазмұндағы материалдар негізінде көрініс алған әсерлену сезімін дамыту; оқушыларға ағылшын тілі пәнінің оқу бағдарламасы бойынша елжандылық бағыттағы материалдарды әр сынып бойынша сұрыптау; оқушылардың бейнелі ойлау қабілетін қалыптастыруда белсенді-шығармашылықты қабылдау мен эмоционалдық-бағыттық саланың бірлігін қамтамасыздандыру) айқындауға мүмкіндік берді.

Мектеп оқушыларының елжандылық тәрбиелілігінің алғашқы деңгейін айқындау үшін, оқушыларды зерттеу ұйымдастырылады. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Түркістан қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінде, қазақ мектептерімен қоса өзбек және орыс мектептерінде: №15 М.Жұмабаев атындағы көпсалалы мектеп – гимназиясында, С.Сейфуллин атындағы №4 және Ш.Ниязов атындағы мектептерде үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бақылау) өткізілді. Экспериментке 290 оқушы қатысты. Оның 150-і эксперимент тобына, 140-ы бақылау тобына тартылды.



Анықтау экспериментінде оқушылардың елжандылық тәрбиелілік деңгейін анықтау барысында сауалнама жүргізілді. Анықтау экспериментінің нәтижесінде оқушылардың белгілі көлемде, мазмұны әр деңгейдегі елжандылық қасиеттерін қалыптастыруға қажетті білімдері бар, бірақ әлі де болса ол білімдері, түсініктері толық емес, сезімдері де тұрақсыз екендігі анықталды. Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында эмпирикалық тәжірибедегі мұғалімнің талдаулары, сонымен қатар, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы анкета жүргізу әдістері қазіргі мектептегі «мұғалім – оқушы» жүйесіндегі арақатынасты анықтауға мүмкіндік береді. Тұлғаны елжандылық бағытта тәрбиелеуде шет тілі пәні мұғалімдерінің білім деңгейі анықталды. Ағылшын тілін оқыту барысында оқушының бойына Отанға деген сүйіспеншілік, жалпы ұлттық намыс, мемлекеттің экономикалық, ғылыми, моралдық саяси көзқарасын, ұлт мәдениетіне, тіліне т.б. деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру қажеттігін және осы мәселелерді шешудің жолдарына ата-баба мұраларын оқып білуде, елтану, салт-дәстүрлерді қолдану арқылы жетуге болатындығы айқындалды. Зерттеу жұмыстарымызда байқағанымыз оқыту үдерісінде ата-баба мұраларын оқып білу арқылы бүгінгі күні ағылшын тілін оқыту барысында оқушы бойында елжандылық қасиетті қалыптастыру жүйесі жеткілікті түрде жетілдірілмеген. Анықтаушы экспериментте табиғи педагогикалық эксперименттің әдістерін қолданғандағы мақсатымыз шет тілін оқыту барысында ата-баба мұраларын оқып білуге талдау жасау, оқушы мен мұғалімнен және ата-аналардан анкета алу сұрақ-жауап, әңгіме жүргізу, пікірлесу, тест алуды көздедік. Сонымен қатар оқыту барысында оқушыларға ата-баба мұраларын игерту арқылы олардың бойына елжандылық қасиетті қалыптастыру мұғалімге байланыстылығын, ал тілдің оны бейнелеп жеткізетін құрал екендігіне көз жеткіздік.

Қалыптастыру экспериментінің барлық кезеңдерінде педагогтардың оқу-тәрбие үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу жұмыстарын талдап қорыту, танып-білу және оны жүзеге асыру жүйесінің нәтижесі қарастырылды. Осыны негізге ала отырып ең алдымен Ресей және «Атамұра», «Мектеп» баспаларынан шыққан ағылшын тілі оқулықтарына шолу жасалынды. Шетелдік оқулықтарға, сонымен қатар соңғы жылдардағы басылымнан шыққан Ресейлік оқулықтар және өзіміздің төл оқулығымызға да оқытудың төрт аспектісі енгізілген. Олар: 1) таным - шет тілін оқытуда мәдениеттанулық мазмұнды меңгеруге бағытталған; 2) даму - шет тілін оқытуда психологиялық мазмұнды меңгеруге бағытталған; 3) тәрбие - шет тілін оқытуда педагогикалық мазмұнды меңгеруге бағытталған; 4) үйрену - шет тілін оқытуда әлеуметтік мазмұнды меңгеруге бағытталған.

Шетел және Ресей басылымдарынан шыққан оқулықтармен оқыту шет тілі мәдениетінің төл мәдениетімізбен диалог құруына қайшы келеді. Сондықтан да елжандылыққа бағытталған тақырыптар мен материалдарды іріктеп бағдарлама құрастыру қажет болды. Ағылшын тілі пәні бойынша сыныптан тыс ұйымдастырылған «English Club» (ағылшын тілі) үйірмесіне бағдарлама жасалып, эксперименттік жолмен тексерілді. Бағдарламаның мақсаты ағылшын тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеуге арналған материалдар арқылы туған жерінің, елінің сонымен қатар Ұлыбритания мен Американың және де ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің тарихын, мәдениетін, табиғатын, әдебиетін оқу, зерттеу болып табылады. Ағылшын тілі үйірмесінің бағдарламасын құрастыруда шет тілі мәдениетінің мазмұнын меңгерту үдерісінде мазмұн компоненттері (мәдениеттанулық – елдің мәдени фактілері, осы мәдениеттің төл мәдениетінің диалогындағы бөлінбейтін компоненті; психологиялық – сөйлеу әрекетін, қарым-қатынас, оқу әрекетін және т.б. жүзеге асыру қабілет; педагогикалық – адамгершілік, патриотизм, интернационализм, гуманизм, этикалық мәдениет, эстетикалық мәдениет, экологиялық мәдениет; әлеуметтік – қарым-қатынас құралы ретінде 1. сөйлеу, 2. оқу, 3. тыңдау, 4. жазу білігі;) негізге алынды. Бұл жұмысты жоспарлы, жүйелі түрде жүргізу аса маңызды. Егерде бұл жұмыс жақсы жолға қойылып, жүйелі түрде жүргізілсе, онда осы бағдарламаның алдына қойған мақсатын ойдағыдай жүзеге асыруға, оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеуге үлес қосты деп есептеуге болады.

«Ағылшын тілі» атты үйірменің бағдарламасында 6, 7 сыныптар бойынша Қазақстан, Ұлыбритания және АҚШ елдеріне саяхат; Ағылшын тілінде сөйлейтін елдер; Түркістан және оның географиясы (географиялық орны, елді мекендері, климаты мен ауа-райы); Қ.А.Ясауидің өмірбаяны және оның кесенесі; Әр елдің тағамдары; Батырлар: Алпамыс батыр, Қобланды батыр және Робин Гуд; Бекзат Саттарханов және спорт. 8, 9 сыныптар бойынша Қазақстан, Ұлыбритания және АҚШ елдерінің мерекелері; Отырар мұражайы және Арыстан-баб; Әл-Фараби, оның өмірбаяны және шығармалары; Халықаралық қазақ-түрік университеті, Оксфорд университеті, Гарвард университеті; Кітапханалар: Алматыдағы Ұлттық кітапхана, Британ кітапханасы; Абай Құнанбаев және Шекспир; Менің сүйікті жазушым. 10, 11 сыныптар бойынша Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, Ағылшын тілі – халықаралық тіл; Қазақстан – менің сүйікті елім; Қазақстан және ағылшын тілінде сөйлейтін елдер (телекөпір); Қазақстан, Ұлыбритания, АҚШ, Канада және Жаңа Зеландияның нышандары; Менің сүйікті мамандығым; Есірткі және жастар; XXI ғасырдағы білім беру жүйесі.

Қалыптастыру экспериментінің соңғы кезеңінде анкеталық сұрақтарды қайталап жүргізу бақылау сыныптарында бірінші және екінші анкета жауаптарының арасында үлкен айырмашылықтың жоқ екендігін көрсетсе, эксперименттік сыныптарда елжандылыққа бағытталған тәрбие процесі тиімділігін көрсетті. Ағылшын тілін оқыту арқылы мектеп оқушылары елжандылығының қалыптасуы компоненттерінің даму деңгейлерінің эксперимент басындағы және соңындағы көрсеткіштері кесте 2-де берілген (Эксперимент тобында – 150; Бақылау тобында – 140)

Кесте 2 - Ағылшын тілін оқыту арқылы мектеп оқушылары елжандылығының қалыптасу компоненттерінің даму деңгейлерінің көрсеткіштері %



Компоненттер

Жұмыс кезеңдері

жоғары


жеткілікті

орта

төмен







ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

Эмоционалдық-мотивациялық

Басы

-

-

31,8

26,6

39,0

41,9

29,2

31,5

Соңы

13,2

-

49,5

27,6

27,9

41,9

9,4

30,5

Мазмұндық

Басы

-

-

24,5

22,9

43,6

44,7

31,9

32,4

Соңы

12,5

-

45,4

24,8

33,8

44,8

8,3

30,4

Іс-әрекеттік

Басы

-

-

24,6

24,7

42,7

44,7

32,7

30,6

Соңы

11,3

-

4,2

27,6

30,9

43,8

9,6

28,6

Қорытындылай келе, оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеуде негізгі рөлді гуманитарлы профилді пәндер атқаратынына көз жеткіздік. Сабаққа ұлттық-аймақтық компонентті енгізгенде тәрбие жұмыстарының рөлі арта түседі. Біздің жұмысымыздың қорытысында мұғалімнің оқытушылық іс-әрекеті негізделген шет тілінің оқулық құралдарымен білім беру әрекетіне арналған құжаттардың тікелей әсері болды. “Атамұра” баспасынан шыққан 8-9 сыныптарға арналған оқулықтардың елжандылыққа бағытталған тұлғаны тәрбиелеуде тәрбиелік потенциалының зор екендігін байқадық. Оқулықтардың әртүрлілігіне қарамастан, мұғалімдер шет тілін оқыту барысында жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеуде үлкен еңбек сіңіруде. Тәжірибелік-зерттеу жұмысымыздың нәтижесінде байқағанымыз шет тілін оқыту барысында елжандылыққа бағытталған тұлғаны тәрбиелеудің тиімділігі: тәрбие бағыттарының барлығы біріктірілсе, қалыпты сабақ пен сыныптан тыс ұйымдыстырылатын іс-шаралар үйлестірілсе, оқыту материалдары елжандылық сипатта болып, оқушылар өз бетінше ізденіп, шығармашылық жұмыспен айналысса, озық жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибелері таратылып тұрса арта түсер еді, оны мына кестеден көруге болады (кесте 3).

Қорытынды нәтижелерден мынаны көруге болады: егер эксперимент тобындағы алғашында төмен деңгейді көрсеткен оқушының саны – 31,3% болса, эксперимент соңында төмен деңгейді оқушының саны – 2,1% төмендеді, орта деңгейдегілердің саны алғашында – 41,8% болса, соңында олардың саны – 30,9% болды, жеткілікті деңгейді алғашында 26,9% көрсетсе, соңында олардың саны – 45,4% көтерілді, жоғары деңгейді алғашында ешбір оқушы көрсетпесе,


Кесте 3 - Ағылшын тілін оқыту арқылы оқушылар елжандылығының қалыптасуы бойынша жүргізілген эксперимент жұмысының қорытынды нәтижелері

Эксперимент тобы (ЭТ) – 150, Бақылау тобы (БТ) – 140.

Жұмыс кезеңдері

жоғары


жеткілікті

орта

төмен

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

Басы

-

-

26,9

24,8

41,8

43,8

31,3

31,4

Соңы

21,6

-

45,4

26,6

30,9

43,5

2,1

29,9

соңында олардың саны – 21,6% өсті. Бақылау тобында айтарлықтай өзгеріс бола қойған жоқ.

Жоғарыда келтірілген эксперимент нәтижелері эксперименттік топ оқушыларының елжандылығының қалыптасу деңгейлерінің табысты динамикасын көрсетті.


Сурет 1 - Ағылшын тілін оқыту арқылы оқушылар елжандылығының қалыптасуы


Сонымен, зерттеу жұмысының нәтижесі біздің ұсынған болжамымыздың дұрыстығын дәлелдеді және мектеп оқушыларын ағылшын тілін оқыту арқылы елжандылыққа тәрбиелеудің тиіміділігін арттыратын шарттардың жиынтығы туралы тұжырым жасауға мүмкіндік берді.

Қорытынды

Теориялық және эксперименттік зерттеуіміз алға қойылған ғылыми болжамды дәлелдейтін жалпы қорытынды жасауға мүмкіндік берді:

1. Зерттеу жұмыстарындағы елжандылық ұғымының жан-жақты талдау жасалуы негізінде қазіргі таңда оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің ерекшеліктері қарастырылды. Бұл: оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеуде білім беру мекемелерінің тарапынан өз деңгейінде көңіл бөлінбеуінің теріс салдары, яғни оқу үдерісіне тәрбиенің кірігіп кетуі; шындықты бейнелейтін тәрбие процесінің анық болмауы; тәрбие міндеттерін шешуде жанұя, мектепке дейінгі мекеме, мектеп, жоғары оқу орны, әскери қарулы күш, бұқаралық ақпарат құралдарының арасында байланыстың болмауы; интернет, бұқаралық ақпарат құралдарындағы сапасыз ақпараттардың кері әсерінің күшеюі; әлеуметтік катаклизмнің жанұяға кері әсер беруінен балаларды тәрбиелеуде және олардың әлеуметтенуінде жанұя рөлінің төмендеп кетуі; Отанды қорғау және әскери қарулы күштері мәселесіне халықтың бұрыс қатынасымен сипатталады.

Қазіргі қоғамда елжандылыққа тәрбиелеу мәселесінде алға жылжу бар: азаматтық және ұлттық сананың жаңаруы; елжандылық тәрбие берумен айналысатын қоғамдық ұйымдардың қайта өрлеуімен айқындалады.

2. Педагогикалық ғылымның бүкіл даму тарихында елжандылық тәрбие мәселесі өзектілігін жоймаған. Соңғы кездегі тәжірибелер көрсеткендей экономикалық, әлеуметтік, мәдени, білім беру міндеттерін шешуде әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруіне, региондардың өзін-өзі басқаруының өсуіне байланысты ата-баба мұралары негізінде оқытуға көңіл бөлінді. Ата-баба мұрасын дәріптеу жастардың ұлттық санасын қалыптастыруда оң баға береді, халқымыздың өткен тарихына талдау жасау қазіргі білім мен тәрбиедегі жетістіктерді бағалауға мүмкіндік туғызды.

3. Ағылшын тілі пәні арқылы елжандылыққа бағытталған тұлғаны қалыптастыру тұлғаға бағытталған тәсіл; оқытудың инновациялық формаларын қолдану (мысалы: іскер және рөлдік ойындар, диспут сабақ, экскурсия, мультимедиялық сабақтар); елжандылық және басқа да тәрбие бағыттарының бірлігі (мысалы: адамгершілік, эстетикалық, еңбек және т.б.); әрбір оқу-тәрбие іс-шарасының елжандылық тәрбиелік мәні; елжандылық тәрбиесіне этнопедагогика элементтерін кіргізгенде, региондардың ұлттық ерекшеліктерін ескергенде; оқушыларды өз бетінше шығармашылық іс-әрекетіне баулығанда; жұмыстың сабақ және сабақтан тыс формаларын үйлестіруде қолайлы жағдайлар туындаған кезде ғана тиімді болатыны анықталды.

4. Ағылшын тілі сабағында оқушыларға елжандылық тәрбие беру оқытудың дидактикалық принциптерін бұзбастан тіл материалының мазмұнын ұтымды түрде қолдану арқылы жүзеге асады. Бұл: қажет жағдайда оқулықтың мазмұны толықтырылып, түрлендіріліп немесе елжандылық мазмұнмен алмастырылып оқушылардың тіл ұстарту дағдылары қалыптасады; коммуникативтік тәсіл елжандылық тіл материалдарын меңгерумен байланыстыра отырып жүргізіледі; оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытуды инновациялық формаларды қолдана жүргізу (іскер және рөлдік ойындар, диспут сабақ, экскурсия) негізінде болатыны айқындалды.

5. Мектепте ағылшын тілі пәнінен сабақтан тыс елжандылық бағыттағы ұйымдастырылған іс-шаралар оқушылардың ерік-жігерін шыңдап, туған еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік қасиетті дамытты, Отанды қорғауға даяр тұруға қажетті қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ ағылшын тілінен елжандылық тәрбие беру мақсатымен сабақтан тыс атқарылатын жұмыс түрлері оқушылардың өз бетінше ізденіп, келешекте де елжандылыққа бағытталған мағлұматтарды өздігінен оқып үйрену дағдыларын әдетке айналдыруына ықпал етті.

6. Оқушыларға ағылшын тілін оқыту арқылы елжандылық тәрбиесін беру бағытындағы мектептен тыс ұйымдастырылған жұмыс түрлері олардың алған елжандылық білімі мен тәрбиесін нақты іс-әрекеттерде қолданып, өмірмен тығыз байланыстыруына, сол арқылы білімі мен тәрбиесін одан әрі жетілдіруіне жол ашты.

7. Оқушылардың ағылшын тілін меңгеру арқылы елжандылыққа бағытталған материалдарды оқып үйренуі, олардың келешекте өз мамандығына сәйкес қажетті мағлұматтарды, ағылшын тілінде қиындықсыз қабылдай алуына мүмкіндіктер туғызды.

8. Ағылшын тілін оқытудың мазмұнына бағдарламада жоспарланған мәтіндермен ұштастырыла отырып ендірілген тіл материалдарымен жұмыс істеу барысында елжандылық тәрбиенің нәтижелі болуына ықпал ететін конференция, пікірсайыс, рөлдік ойындар, ХХІ ғасырдың көшбасшысы, токшоу сияқты оқытудың әдіс-тәсілдері және эксперименттік жұмыстар ұйымдастырылды. Сабақтан тыс ұйымдастырылған “English Club” жұмысында оқушылар сабақта алған елжандылыққа бағытталған тіл материалдарын пысықтап, нақты практикалық іс-әрекеттерге тартылды. Эксперимент нәтижесінде алынған оқушылардың елжандылық тәрбиелілік деңгейінің сандық және сапалық көрсеткіштері салыстырылып біз ұсынған жүйенің тиімділігіне көз жеткіздік.

Өзіне тән ерекшелігі бар ағылшын тілі пәні оқыту мен тәрбиелеуде үлкен мүмкіндіктерге ие болғандықтан, елжандылыққа бағытталған мол мағлұматтармен ұштастыру көп педагогикалық-ұйымдастырушылық нәтиже береді. Ана тілінде дер кезінде білмегенді шет тілі пәні арқылы танып-білуге болады, басқа мәдениетті сақтаушы ретінде ана тіліне және мәдениетіне баға жетпес көмек көрсете алады, себебі адамның алдында басқа әлем туралы түсінік ашылады да адамды екі қайтара адам екенін сездіреді, (человека делает дважды человеком) тәрбиенің құралы ретінде басқа халықтарға құрмет көрсетуді тиімді тәрбиелеуге мүмкікіндік туғызатыны анықталды.

9. Елжандылыққа бағытталған тұлғаны тәрбиелеудің ұсынылған моделі зерттеу барысында мақұлданды. Осы модель негізінде айқындалған тәрбие бағдарламасы бойынша атқарылған педагогикалық іс-шаралар оқушылардың елжандылық тәрбиелілік деңгейінің 15-18% көтерілгенін көрсетті.

Біздің зерттеуіміз, ғылыми педагогикалық әдебиеттерді, мектептердегі тәжірибе жұмыстарын талдауымыз негізінде шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу жұмысын жетілдіру үшін төмендегі ұсыныстарда беруге мүмкіндік туғызды:

- елжандылыққа тәрбиелеу сабақтарын құрастырған кезде оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытатын оқытудың инновациялық формаларын қолдану;

- елжандылыққа бағытталған тұлғаны тәрбиелеуде мақсаткерлікке бағытталған жұмыс жүргізу;

- елжандылыққа тәрбиелеуде пән мұғалімдерінің, сынып жетекшілерінің инновациялық тәжірибелерін, шығармашылық ізденістерін үнемі зерттеу;

- оқушылардың өз бетінше елжандылық бағытында жұмыс істеуін қалыптастыруға көңіл бөлу;

- шет тілі пәні мұғалімдері үшін елжандылық тәрбиесіне арналған әдістемелік, дидактикалық құралдарды дайындау;

- ағылшын тілі мұғалімдері үшін елжандылық бағыттағы сабақтарды өткізу технологиясы жайындағы тәжірибелер алмасу, ақпараттар беру, семинарлар өткізу;

- басқа да қоғамдық мекемелер мен ұйымдар, ата-аналарды бірлесе жұмыс істеуге жұмылдыруды қажет етеді.

Зерттеуде елжандылыққа бағытталған тұлғаны тәрбиелеуге қатысты барлық мәселелер қарастырылды деп айтуға болмайды. Елжандылық тәрбиенің өзектілігі әлі де болса жан-жақты педагогикалық ізденістерді қажет етеді. Келешек зерттеулердің қарастыратын мәселелері: елжандылыққа бағытталған тұлғаны тәрбиелеуде ағылшын тілі пәнінің бастауыш сыныптарындағы мүмкіндіктерін қарастыру; мектепте елжанды азамат тәрбиелеуде мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіру.


Диссертация мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды:
1 Ағылшын тілінің қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі орны. // «Қазіргі таңдағы ғылым мен білім» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция еңбектері. М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты. 4 том. - Шымкент, 2005. 128-130 беттер.

2 Шет тілін оқыту үрдісінде жеке тұлғалық бағыттылықты қалыптастырудың кейбір теориялық мәселелері. //«Қазақстан Республикасында шетел тілінде білім беру философиясы және тілдік саясат» П.Г.Козловтың 80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Абылай Хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті. – Алматы, 2006. 226-229 беттер.

3 Инновациялық педагогикалық қызмет қазіргі басымдықтағы зерттеу нысаны. // «XXI ғасырда білім мен ғылымды ұштастырудың жолдары және білікті мамандар даярлау сапасын арттырудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция еңбектері. Қазақстан халықтар Достығы университеті. 2 том. Шымкент, 2006. 429-431 беттер (Е.О.Омармен бірлестікте).

4 Шет тілі сабағы арқылы отаншыл бағыттағы тұлғаны қалыптастыру. //«Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық интеграциялық байланыстарын жаңғырту» атты Орта Азия елдерінің II Түркістан интеграциялық форумы. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ. IV бөлім. – Түркістан, 2006. 283-285 беттер.

5 Жастарға отаншылдық тәрбие берудің кейбір өзекті мәселелері. //Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ хабаршысы. – Түркістан, 2006. №2, 257-260 беттер.

6 Қазіргі педагогикадағы «тұлға» ұғымы. //Бастауыш мектеп. – Алматы, 2007. №1, 17-19 беттер.

7 Мұғалімдердің кәсіптік қызметінде коммуникативтілікті қалыптастырудың кейбір жолдары. // Ұлт тағылымы. – Алматы, 2007. №1, 123-126 беттер.

8 Шет тілін оқыту арқылы қарым-қатынас жиілігіне тәрбиелеудің мәселелері. // Қазақстан мектебі. –Алматы, 2007. №3, 22-25 беттер.

9 Ағылшын тілін оқытудағы коммуникативтік тәсіл және тәрбие мәселесі. // Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ хабаршысы. – Түркістан, 2007. №3, 189-192 беттер.

10 Елжандылыққа бағытталған сабақ үлгілері және сабақтан тыс іс-шараларға арналған әдістемелік құрал. – Түркістан, А.Ясауи атындағы ХҚТУ. 2006. -30 б.

11 «English Club» (ағылшын тілі) үйірмесінің бағдарламасы. – Түркістан, А.Ясауи атындағы ХҚТУ. 2006. -7 б.

12 «Түркістанның көрнекті жерлері» әдістемелік нұсқау. – Түркістан, А.Ясауи атындағы ХҚТУ. 2008. -10 б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет