Қазақстанда вейпті таратуға және сатуға тыйым салынуы мүмкін. Журналистер ішкі істер министрі Ержан Сәденовтен заң талаптарын орындамағандар қалай анықталатынын сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: oek-adm.ru

Министр бәрі заң жүзінде болатынын айтты. 

"Заң негізінде жедел жұмыс атқарылады. Барлық тетік бар", — деді Ержан Сәденов мәжіліс кулуарында.

Сонымен қатар тілшілер "қазақстандықтарды көшеде тоқтатып, олардан вейпті қайдан алғаны сұрала ма" деген сұрағына министр қысқа қайырып жауап берді. 

"Керек адамды табамыз", — деді ол.

  • Қазақстанда темекі шегетіндер саны көбейіп келеді: Вейпке тыйым салу мәселені шеше ме?
  • Неліктен Қазақстанда вейппен қоса темекіге де тыйым салынбайды – Депутат жауап берді

Бұған дейін Respubliсa партиясы үкіметтің вейптерге толығымен тыйым салу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. 

Партия мәліметінше ведомствоаралық комиссия вейптерге, сұйықтықтарға және олар үшін хош иістендіргіштерге толығымен тыйым салу туралы шешімге келген. 

“Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 10 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Respublica партиясының фракция мүшесі Нұргүл Тау еліміздің Премьер-Министріне депутаттық сауал жолдаған болатын. Сауал қазақстандықтардың балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында вейптердің таралуын тоқтатуды талап еткен үндеулеріне негізделген”, – делінген хабарламада. 

Депутаттың сөзінше, комиссия мүшелерінің барлығы дерлік (12, қарсы 2) бұл шешімді қолдаған. 

Жақында мәжіліс Қазақстанға вейптерді әкелуге, өндіруге және сатуға толық тыйым салатын заң қабылдады. Құжатта тәртіп бұзушыларға қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған. 

 

 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.