Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары



жүктеу 339.76 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі339.76 Kb.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «30» қарашадағы

№ 1518 қаулысымен

бекітілген 
  

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (210.00-нысан)

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (210.00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы


10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»
1997 жылғы 20 маусымдағы (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заң), «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына (бұдан әрі – Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заң) сәйкес әзірленген.

Қағидалар жеке табыс салығын, әлеуметтік салықты есептеуге, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – міндетті зейнетақы жарналары) есептеуге, ұстап қалуға (қоса есептеуге) және аударуға, әлеуметтік аударымдар (бұдан әрі – әлеуметтік аударымдар) сомаларын қоса есептеуге және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударуға арналған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша салық есептілігі нысанын (декларацияны) (бұдан әрі – декларация) жасау тәртібін айқындайды.

Декларацияны шаруа және фермер қожалықтарына және шағын бизнес субъектілеріне арналған оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, Салық кодексінің 6-бөлімі
18
, 19-тарауларына, 7-бөлімінің 25-тарауына және 12-бөліміне сәйкес шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты салық агенттері жасайды.

Салық кодексінің 355-бабы 2-тармағына сәйкес заңды тұлғаның шешімі бойынша дербес әлеуметтік салық төлеуші деп танылған құрылымдық бөлімшелер осы Қағидалардың мақсаты үшін жеке табыс салығы бойынша салық агенттері болып танылады.

2. Декларация декларацияның өзінен (210.00-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (210.01-ден 210.02-ке дейінгі нысандар) тұрады.

3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Декларацияға қосымшалар декларациядағы тиісті көрсеткіштерді ашып көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті түрде жасалуы тиіс.

6. Декларацияға қосымшалар ашып көрсетуге жататын деректер болмаған жағдайда жасалмайды.

7. Декларацияға қосымшаның парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда, декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.

8. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық белгілер қолданылады: «+» – қосу; «–» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.

9. Сомалардың теріс мәндері тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол жақ торкөзінде «–» белгісімен белгіленеді.

10. Декларацияны жасау кезінде:

1) қағаз жеткізгіште – қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық жеткізгіште – Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

11. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық агенті не оның өкілі қол қояды және салық агентінің не оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда өзінің атауы жазылған мөрі бар өкілінің мөрімен куәландырылуға тиіс.

12. Декларацияны табыс ету кезінде:

1) келу тәртібінде қағаз жеткізгіште – екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз жеткізгіште – салық төлеуші пошта немесе өзгелей байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) электронды түрде – салық төлеуші (салық агенті) салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігінің қабылданғаны немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.

13. Қосымшаның «Салық агенті туралы жалпы ақпарат» деген бөлімдерінде декларацияның «Салық агенті туралы жалпы ақпарат» деген бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.

14. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық тізілімдер туралы Заң) сәйкес декларацияны табыс ету кезінде:

СТН – Ұлттық тізілімдер туралы Заңның 3-бабы 4-тармағының
4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

ЖСН/БСН – Ұлттық тізілімдер туралы Заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) міндетті түрде толтырылуы тиіс.




2. Декларацияны жасау (210.00-нысан)

 

15. «Салық агенті туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық агенті мынадай деректерді көрсетеді:



1) СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі.

Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;

2) ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі).

Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы салық төлеушінің жеке сәйкестендіру


(бизнес-сәйкестендіру) нөмірі көрсетіледі;

3) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі (тоқсан, жыл) – есепті салық кезеңдеріне кіретін тоқсан;

4) салық агентінің атауы.

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;

Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе сенімгерлікпен басқарушы заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;

5) декларацияның түрі.

Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне декларацияны жатқызу ескеріле отырып тиісті торкөздер белгіленеді.

6) хабарламаның нөмірі мен күні.

Жолдар Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген декларацияның түрі табыс етілген жағдайда толтырылады.

7) салық агентінің санаты.

Торкөз егер салық агенті А, B, C жолдарында көрсетілген бір немесе бірнеше санатқа жатқан жағдайда белгіленеді;

8) қызметкерлердің саны (адам).

Есепті тоқсанда табыстар есептелген қызметкерлердің саны көрсетіледі;

9) құрылымдық бөлімшелердің бар-жоғы.

Құрылымдық бөлімшелер болған жағдайда тиісті торкөз белгіленеді;

10) табыс етілген қосымшалар.

Табыс етілген қосымшалардың торкөздері белгіленеді;

11) 210.02 қосымшаларының саны.

210.02 қосымшаларының саны көрсетіледі, ол заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің санына сәйкес болуы тиіс.

16. «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеу» деген бөлімде;

1) 210.00.001 І, 210.00.001 II және 210.00.001 III жолдары салық агенті есепті тоқсанның әрбір айы үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға есептеген табыстардың, оның ішінде материалдық пайда түрінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша алынған табыстарды, оның ішінде Салық кодексінің 156-бабы 1-тармағының 24) тармақшасында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Салық кодексі 156-бабында көрсетілген табыстарды қоса алғанда, қызметкердің жұмыс берушіден ақшалай немесе заттай нысанда алған табыстарының сомасын көрсетуге арналған.

210.00.001 IV жолы 210.00.001 І, 210.00.001 II және 210.00.001 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін табыстардың қорытынды сомасын көрсетуге арналған.

210.00.001 А жолы есепті тоқсан үшін қызметкерлерге есептелген табыстардың сомасын көрсетуге арналған.

210.00.001 В жолы есепті тоқсан үшін дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрінде есептелген табыстардың сомасын көрсетуге арналған;

2) 210.00.002 І, 210.00.002 II және 210.00.002 III жолдары есепті тоқсанның әрбір айында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға есептелген табыстардан Салық кодексінің 167, 169, 171, 172, 174, 176, 201 және
202-бап
тарына сәйкес есептелген жеке табыс салығының сомасын көрсетуге арналған.

210.00.002 IV жолы 210.00.002 І, 210.00.002 II және 210.00.002 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін салықтың қорытынды сомасын көрсетуге арналған;

3) 210.00.003 жолы салық агенті міндетті, ерікті зейнетақы және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарын, сақтандыру сыйлықақыларын және жеке табыс салығын есептемей, есепті тоқсан соңында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға есептеген, бірақ төлемеген табыстар бойынша берешектің сомасын көрсетуге арналған;

4) 210.00.004 І, 210.00.004 II және 210.00.004 III жолдары есепті тоқсанның әрбір айында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға төленген табыстардың сомасын көрсетуге арналған. Бұл ретте Салық кодексінің


156-бабы 1-тармағының 24) тармақшасына сәйкес салық салуға жатпайтын табыстар осы жолдарда көрсетілмейді.

210.00.004 IV жолы 210.00.004 І, 210.00.004 II және 210.00.004 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін табыстардың қорытынды сомасын көрсетуге арналған.

5) 210.00.005 І, 210.00.005 II және 210.00.005 III жолдары шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға төленген табыстардан есептелген және есепті тоқсанның әрбір айы үшін бюджетке аударылуы тиіс жеке табыс салығының сомасын көрсетуге арналған.

210.00.005 IV жолы 210.00.005 І, 210.00.005 II және 210.00.005 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін салықтың қорытынды сомасын көрсетуге арналған;

6) 210.00.006, 210.00.007 жолдары салық агентінің құрылымдық бөлімшелері болған жағдайда толтырылады;

7) 210.00.006 І, 210.00.006 II және 210.00.006 III жолдары шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға төленген табыстардан есептелген және есепті тоқсанның әрбір айы үшін бюджетке бас ұйым үшін аударылуы тиіс жеке табыс салығының сомасын көрсетуге арналған.

210.00.006 IV жолы 210.00.006 І, 210.00.006 II және 210.00.006 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін салықтың қорытынды сомасын көрсетуге арналған;

8) 210.00.007 І, 210.00.007 II және 210.00.007 III жолдары 210.02 барлық нысандары бойынша 210.02.001 І, 210.02.001 II, 210.02.001 III жолдарының сомалары ретінде айқындалатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға төленген табыстардан есептелген және есепті тоқсанның әрбір айы үшін филиалдар/өкілдіктер бойынша бюджетке аударылуы тиіс жеке табыс салығының сомасын көрсетуге арналған.

210.00.007 ІV жолы 210.01.007 ІІ және 210.01.007 ІІІ жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін салықтың қорытынды сомасын көрсетуге арналған.

17. «Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу» деген бөлімде:

1) 210.00.008 І, 210.00.008 II және 210.00.008 III жолдары шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың есепті тоқсанның әрбір айы үшін міндетті зейнетақы жарналары ұсталатын (есептелетін) табыстарының сомаларын көрсетуге арналған.

210.00.008 IV жолы 210.00.008 І, 210.00.008 II және


210.00.008 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын есепті тоқсан ішіндегі табыстарының қорытынды сомасын көрсетуге арналған;

2) 210.00.009 І, 210.00.009 II және 210.00.009 III жолдары Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың төленген табыстарынан есептелген және есепті тоқсанның әрбір айы үшін жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасын көрсетуге арналған.

210.00.009 IV жолы 210.00.009 І, 210.00.009 II және 210.00.009 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін міндетті зейнетақы жарналарының қорытынды сомасын көрсетуге арналған;

3) 210.00.010 жолдары салық агентінің құрылымдық бөлімшелері болған жағдайда толтырылады;

4) 210.00.010 І, 210.00.010 II және 210.00.010 III жолдары Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан есептелген және есепті тоқсанның әрбір айы үшін бас ұйым үшін жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасын көрсетуге арналған.

210.00.010 IV жолы 210.00.010 І, 210.00.010 II және 210.00.010 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін міндетті зейнетақы жарналарының қорытынды сомасын көрсетуге арналған;

5) 210.00.011 І, 210.00.011 II және 210.00.011 III жолдары 210.02 барлық нысандары бойынша 210.02.002 І, 210.02.002 II, 210.02.002 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, Қазақстан Республикасының зейнетақы заңдарына сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың төленген табыстарынан есептелген және есепті тоқсанның әрбір айы үшін филиалдар/өкілдіктер бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасын көрсетуге арналған.

210.00.011 IV жолы 210.00.011 І, 210.00.011 II және


210.00.015 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін міндетті зейнетақы жарналарының қорытынды сомасын көрсетуге арналған.

18. «Мүгедек қызметкерлердің саны және еңбекақысын төлеу бойынша шығыстар» деген бөлімде Салық кодексінің 135-бабы 3-тармағының шарттарына сәйкес тірек-қимыл мүшесі бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдар толтырады. Бұл бөлімде:

1) 210.00.012 І, 210.00.012 II және 210.00.012 III жолдары есепті тоқсанның әрбір айы үшін мүгедек қызметкерлердің жалпы санын көрсетуге арналған;

2) 210.00.013 І, 210.00.013 II және 210.00.013 III жолдарында


8 және 210.00.012 тиісті жолдарының қатынасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсанның әрбір ай үшін жалпы қызметкерлер санындағы мүгедек қызметкерлер санының үлес салмағын көрсетуге арналған;

3) 210.00.014 І, 210.00.014 II және 210.00.014 III жолдары есепті тоқсанның әрбір айы үшін еңбекақы төлеу бойынша жалпы шығыстардағы мүгедек қызметкерлерге еңбекақы төлеу бойынша шығыстардың үлес салмағын көрсетуге арналған.

19. «Салық кодексінің 358-бабы 1, 3-тармақтарында белгіленген ставкаларды қолдана отырып, әлеуметтік салықты есептеу» деген бөлімді Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Салық кодекстің 191-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын салық агенті болып табылатын резидент еместер толтырады. Бұл бөлімде:

1) 210.00.015 І, 210.00.015 II және 210.00.015 III жолдары Салық кодексінің 163-бабы 2-тармағында, 192-бабының 18) – 21) тармақшаларында айқындалған табыс түрінде, сондай-ақ есепті тоқсанның әрбір айы үшін Салық кодексінің 191-бабы 7-тармағында белгіленген табыстар түрінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға төленген жұмыс беруші шығыстарының сомасын көрсетуге арналған.

210.00.015 IV жолы 210.00.015 І, 210.00.015 II және
210.00.015 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін табыстардың қорытынды сомасын көрсетуге арналған.

2) 210.00.016 І, 210.00.016 ІІ және 210.00.016 ІІІ жолдары Салық кодексінің 359-бабы 1-тармағына сәйкес есепті тоқсанның әрбір айы үшін есептелген және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдардың сомасына азайтылған әлеуметтік салық сомасын көрсетуге арналған.

210.00.016 IV жолы 210.00.016 І, 210.00.016 II және
210.00.016 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін табыстардың қорытынды сомасын көрсетуге арналған;

3) 210.00.017, 210.00.018 жолдары салық агентінің құрылымдық бөлімшілері болған жағдайда толтырылады;

4) 210.00.017 І, 210.00.017 II және 210.00.017 III жолдары есепті тоқсанның әрбір айы үшін бас ұйым үшін есептелген әлеуметтік салықтың жалпы сомасын көрсетуге арналған.

210.00.017 IV жол 210.00.017 І, 210.00.017 II және 210.00.017 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін салықтың қорытынды жалпы сомасын көрсетуге арналған;

5) 210.00.018 І, 210.00.018 II және 210.00.018 III жолдары 210.02 барлық нысандары бойынша 210.02.003 І, 210.02.003 II, 210.02.003 III жолдарының сомалары ретінде айқындалатын, есепті тоқсанның әрбір айы үшін филиалдар/өкілдіктер бойынша есептелген әлеуметтік салықтың жалпы сомасын көрсетуге арналған.

210.00.018 IV жолы 210.00.018 І, 210.00.018 II және 210.00.018 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін салықтың қорытынды жалпы сомасын көрсетуге арналған;

6) декларацияны ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арналған арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар табыс еткен жағдайда, аударуға жататын әлеуметтік салықтың жалпы сомасы Салық кодексінің 451-бабында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, 210.00.019 жолында көрсетіледі (7 А торкөзді толтырған кезде).

210.00.019 І, 210.00.019 II және 210.00.019 III жолдары есепті тоқсанның әрбір айы үшін заңды тұлға бойынша есептелген әлеуметтік салықтың жалпы сомасын көрсетуге арналған.

210.00.019 IV жолы 210.00.019 І, 210.00.019 II және 210.00.019 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін салықтың жалпы қорытынды сомасын көрсетуге арналған.

20. «Салық кодексінің 358-бабы 2-тармағында белгіленген ставканы қолдана отырып, әлеуметтік салықты есептеу» деген бөлімді арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, адвокаттар, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары толтырады. Бұл бөлімде:

1) 210.00.020 І, 210.00.020 ІІ және 210.00.020 ІІІ жолдары Салық кодексінің 359-бабы 2-тармағына сәйкес есептелген, әлеуметтік салық сомасына кемітілген және салық төлеуші есепті тоқсанның әрбір айы үшін өзі үшін және қызметкерлері үшін төлейтін, бюджетке төлеуге тиіс әлеуметтік салық сомасын көрсетуге арналған.

210.00.020 IV жолы 210.00.020 І, 210.00.020 II және 210.00.020 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін салықтың қорытынды сомасын көрсетуге арналған.

21. «Әлеуметтік аударымдарды есептеу» деген бөлімде:

1) 210.00.021 І, 210.00.021 ІІ, 210.00.021 ІІІ жолдары Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заңға сәйкес есепті тоқсанның әрбір айында жұмыс берушінің әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесінің комитеті, қаржы полициясы және мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерін ақшалай ұстауға шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға табыстар түрінде төленетін шығыстарына енгізе отырып, жұмыс берушінің шетелдік азаматтарға немесе азаматтығы жоқ тұлғаларға төлейтін табыстары түріндегі шығыстарын көрсетуге арналған.

Бұл ретте әлеуметтік аударымдар Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заңда белгіленген әлеуметтік аударымдар объектісінен есептелінген мөлшерде жүргізіледі. Әлеуметтік аударымдарды есептеуге қабылданатын ай сайынғы табыс Республикалық бюджет туралы Заңда белгіленген ең төменгі еңбекақының он еселенген мөлшерінен артық болмауы керек.

210.00.021 IV жолы 210.00.021 І, 210.00.021 II және 210.00.021 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарының қорытынды сомасын көрсетуге арналған;

2) 210.00.022 І, 210.00.022 ІІ және 210.00.022 ІІІ жолдары Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заңға сәйкес айқындалатын, есепті тоқсанның әрбір айында әлеуметтік аударымдардың сомасын көрсетуге арналған.

210.00.022 IV жолы 210.00.022 І, 210.00.022 II және 210.00.022 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін әлеуметтік аударымдардың қорытынды сомасын көрсетуге арналған;

3) 210.00.023, 210.00.024 жолдары салық агентінің құрылымдық бөлімшелері болған жағдайда толтырылады;

4) 210.00.023 І, 210.00.023 II және 210.00.023 III жолдары есепті тоқсанның әрбір айында бас ұйым бойынша әлеуметтік аударымдардың сомасын көрсетуге арналған.

210.00.023 IV жолы 210.00.023 І, 210.00.023 II және 210.00.023 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін әлеуметтік аударымдардың қорытынды сомасын көрсетуге арналған;

5) 210.00.024 І, 210.00.024 II және 210.00.024 III жолдары 210.02 барлық нысандары бойынша 210.02.004 І, 210.02.004 II, 210.02.004 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсанның әрбір айында филиалдар/өкілдіктер бойынша әлеуметтік аударымдардың сомасын көрсетуге арналған.

210.00.024 IV жолы 210.00.024 І, 210.00.024 II және 210.00.024 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін әлеуметтік аударымдардың қорытынды сомасын көрсетуге арналған.

22. «Салық агентінің жауапкершілігі» деген бөлімде:

1) «Салық агентінің атауы» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

Егер декларацияны дара кәсіпкер, адвокат, жеке нотариус табыс етсе, жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі.

Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде сенімгерлікпен басқару шартына сәйкес сенімгерлікпен басқарушының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

2) декларацияның тапсырылған күні.

Декларацияның салық органына табыс етілген күні көрсетіледі;

3) жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша бенефициар салық органының коды.

Салық агентінің тіркеу есебінің орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;

4) міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша бенефициар салық органының коды.

Салық агентінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органының коды көрсетіледі;

5) «Декларацияны қабылдаған лауазымды адамның Т.А.Ә.» жолында декларацияны қабылдаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

6) декларацияның қабылданған күні.

Салық кодексінің 584-бабы 2-тармағына сәйкес декларацияны табыс етілген күні көрсетіледі;

7) құжаттың кіріс нөмірі.

Салық органы берген декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі;

8) пошта штемпелінің күні.

Пошта немесе басқа байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.


3. «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеу» 210.01-нысанын жасау


23. Бұл нысан салық агентінің шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан жеке табыс салығының сомасын есептеуіне арналған. Нысан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға қатысты табыс етіледі.

24. «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеу» деген бөлімде:

1) А бағанда кезекті реттік нөмірі қойылады;

2) В бағанда есепті тоқсанда табыстар есептелген, төленген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың тегі, аты-жөні көрсетіледі;

3) С бағанда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың салық төлеушілерді тіркеу нөмірлері көрсетіледі;

4) D бағанда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірлері көрсетіледі.

Жолдар Ұлттық тізілімдері туралы Заңға сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірлері болған кезде толтырылуы тиіс;

5) Е бағанында резиденттік белгісі көрсетіледі «1» - резидент, «2» - резидент емес;

6) F бағанында осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың резиденттік елінің коды көрсетіледі;

7) G бағанында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың резиденттік еліндегі салықтық тіркеу нөмірі көрсетіледі.

Осы баған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың салықтық тіркеу нөмірі болған кезде толтырылады;

8) Н бағанында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжат түрінің коды, сондай-ақ осындай құжаттың нөмірі мен берілген күні көрсетіледі;

Декларацияны толтырған кезде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжат түрлерінің мынадай кодтарын пайдалану қажет:

01 – шетел азаматының төлқұжаты;

02 – шетел азаматының жеке куәлігі;

03 – теңізшінің төлқұжаты;

04 – ықтиярхаты;

05 – басқа да кұжаттар.

9) І бағанында осы Қағидалардың 29-тармағына сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға төленетін табыс түрінің коды көрсетіледі;

10) J бағанында осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес халықаралық шарт түрінің коды көрсетіледі, осыған сәйкес N бағанында көрсетілген табысқа қатысты, Салық кодексінде белгіленген тәртіптен ерекшеленетін салық салу тәртібі қарастырылған;

11) К бағанында егер салық агенті J бағанында халықаралық шарт түрінің кодын 22 «Өзге де халықаралық шарттар (келісімдер, конвенциялар)» деп көрсеткен жағдайда толтырылуға жататын халықаралық шарттың атауы көрсетіледі;

12) L бағанында осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес халықаралық шарт жасасқан елдің коды көрсетіледі. Баған, егер салық төлеуші мемлекетаралық немесе үкіметаралық шарттың ережелерін қолданған жағдайда толтырылады;

13) М бағанында халықаралық шартта немесе Салық кодексінің 194, 158-баптарында белгіленген төлем көзінен ұсталатын табыс салығының ставкасы көрсетіледі;

14) N бағанында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға есептелген табыстар, оның ішінде материалдық пайда түрінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша алынған табыстарды, оның ішінде Салық кодексінің 156-бабы 1-тармағының 24) тармақшасында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Салық кодексі 156-бабында көрсетілген табыстарды қоса алғанда, қызметкердің жұмыс берушіден ақшалай немесе заттай нысанда алған табыстары көрсетіледі.

15) О бағанында Салық кодексінің 166-бабы 1-тармағының
1) тармақшасында
белгіленген салықтық шегерім көрсетіледі;

16) Р бағанында Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан есептелген және Салық кодексінің 166-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес шегерімге жатқызылатын міндетті зейнетақы жарналары көрсетіледі;

17) Q бағанында Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар өз пайдасына енгізетін және Салық кодексінің 166-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес шегерімге жатқызылатын ерікті зейнетақы жарналары көрсетіледі;

18) R бағанында жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар өз пайдасына енгізген және Салық кодексінің 166-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес шегерімге жатқызылатын сақтандыру сыйлықақыларының сомалары көрсетіледі;

19) S бағанында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайын жақсарту жөнiндегi iс-шараларды жүргiзуге тұрғын үй құрылыс жинақ банктерiнен алған қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге бағытталған және Салық кодексінің
166-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес шегерімге жатқызылатын сомалар көрсетіледі;

20) Т бағанында Салық кодексі 166-бабы 6-тармағына сәйкес белгіленген мөлшерде және шарттарда медициналық қызметтерге (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақы төлеуге жұмсалатын және Салық кодексінің 166-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес шегерімге жатқызылатын шығыстар көрсетіледі;

21) U бағанында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Салық кодексінің 156-бабы 1-тармағының 24) тармақшасында көрсетілген табыстарын қоспағанда, Салық кодексінің 156-бабына сәйкес салық салуға жатпайтын табыстары көрсетіледі;

22) V бағанында есепті тоқсан үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан есептелген жеке табыс салығының сомалары көрсетіледі;

23) W бағанында Салық кодексінің 156-бабы 1-тармағының
24) тармақшасында
көрсетілген табыстарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға салық кезеңінде төленген табыстар көрсетіледі;

24) Х бағанында міндетті зейнетақы жарналарын және Салық кодексінің 156-бабы 1-тармағының 24) тармақшасында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Салық кодексінің 357-бабы 3-тармағына сәйкес әлеуметтік салық салынбайтын табыстар көрсетіледі;

25) Y бағанында әлеуметтік салық салынатын табыстардың барлығы көрсетіледі. Y бағаны жолдарының шамасы (N – X – P) формуласы бойынша анықталады;

26) Z бағанында есепті тоқсан үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан есептелген әлеуметтік салықтың сомасы көрсетіледі;

27) AA бағанында Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заңға сәйкес айқындалатын, әлеуметтік аударымдар есептелетін жұмыс берушінің шығыстары көрсетіледі;

28) AB бағанда Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заңға сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдардың сомасы көрсетіледі.

N бағанының 00000001 қорытынды жолының шамасы 210.00.001 IV жолына көшіріледі. W бағанының 00000001 қорытынды жолының шамасы 210.00.004 IV жолына көшіріледі. V бағанының 00000001 қорытынды жолының шамасы 210.00.002 IV жолына көшіріледі.

 

3. «Құрылымдық бөлімше бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық сомасын есептеу» - 210.02-нысанын жасау



 

25. Бұл нысан салық агенті заңды тұлғаның филиал/өкілдік бойынша төлеуге жататын жеке табыс салығының, әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың сомаларын есептеуіне арналған. Нысанды заңды тұлға Салық кодексінің 161, 162, 362, 364-баптарына сәйкес әрбір филиал/өкілдік бойынша жасайды.

26. «Салық агенті туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде:

1) СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі.

Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған жағдайда жолда сенімгерлікпен басқарушы салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;

2) БСН – салық төлеушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі.

Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған жағдайда жолда сенімгерлікпен басқарушы салық төлеушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

3) салық агентінің атауы.

Құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.

Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;

4) салық агентінің тіркеу есебінің орны бойынша салық органының коды.

Заңды тұлғаның тіркеу есебінің орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;

5) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі (тоқсан, жыл) – есепті салық кезеңдері кіретін тоқсан (араб сандарымен көрсетіледі);

6) түрі.


Декларацияны Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызу ескеріле отырып, тиісті торкөздер белгіленеді;

7) хабарламаның нөмірі мен күні.

Жолдар Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген Декларация түрі табыс етілген жағдайда толтырылады;

8) филиалдың/өкілдіктің СТН-і – салық төлеуші филиалдың/өкілдіктің тіркеу нөмірі;

9) БСН – филиалдың/өкілдіктің бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

10) филиалдың/өкілдіктің атауы.

Құрылтай құжаттарына сәйкес филиалдың/өкілдіктің атауы көрсетіледі;

11) филиалдың/өкілдіктің тіркеу есебінің орны бойынша салық органының коды.

Филиалдың/өкілдіктің тіркеу есебінің орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;

27. «Есептік көрсеткіштер» деген бөлімде:

1) 210.02.001 І, 210.02.001 ІІ және 210.02.001 ІІІ жолдары есепті тоқсанның әрбір айы үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға төленген табыстардан есептелген және филиал/өкілдік бойынша бюджетке аударылуға тиіс жеке табыс салығының сомасын көрсетуге арналған.

210.02.001 IV жолы 210.02.001 І, 210.02.001 II және 210.02.001 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін салықтың қорытынды сомасын көрсетуге арналған;

2) 210.02.002 І, 210.02.002 ІІ және 210.02.002 ІІІ жолдары Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға төленген табыстардан есептелген және есепті тоқсанның әрбір айында филиал/өкілдік бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасын көрсетуге арналған.

210.02.002 IV жолы 210.02.002 І, 210.02.002 II және 210.02.002 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін міндетті зейнетақы жарналарының қорытынды сомасын көрсетуге арналған;

3) 210.02.003 І, 210.02.003 ІІ, 210.02.003 ІІІ жолдары есепті тоқсанның әрбір айы үшін филиал/өкілдік бойынша есептелген әлеуметтік салықтың сомасын көрсетуге арналған.

210.02.003 IV жолы 210.02.003 І, 210.02.003 II және 210.02.003 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін салықтың қорытынды сомасын көрсетуге арналған;

4) 210.02.004 І, 210.02.004 ІІ, 210.02.004 ІІІ жолдары Мндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заңға сәйкес айқындалған есепті тоқсанның әрбір айы үшін филиал/өкілдік бойынша әлеуметтік аударымдардың сомасын көрсетуге арналған.

210.02.004 IV жолы 210.02.004 І, 210.02.004 II және 210.02.004 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін әлеуметтік аударымдардың қорытынды сомасын көрсетуге арналған.

28. «Салық агентінің жауапкершілігі» деген бөлімде:

1) «Салық агентінің атауы» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде мүлікті сенімгерлікпен басқару шартына сәйкес сенімгерлікпен басқарушының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі.

2) тапсырылған күн.

210.02-нысанының салық органына тапсырылған күні көрсетіледі;

3) жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша бенефициар салық органының коды.

Филиалдың/өкілдіктің тіркеу есебінің орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;

4) міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша бенефициар салық органының коды.

Филиалдың/өкілдіктің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органының коды көрсетіледі;

5) «Нысанды қабылдаған лауазымды адамның Т.А.Ә.» деген жолда 210.02-нысанын қабылдаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

6) қабылданған күні.

Салық кодексінің 584-бабы 2-тармағына сәйкес 210.02-нысаны табыс етілген күн көрсетіледі;

7) құжаттың кіріс нөмірі.

Салық органы берген 210.02-нысанының тіркеу нөмірі көрсетіледі;

8) пошта штемпелінің күні.

Пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.

 

5. Табыс түрлерінің, елдердің және халықаралық шарттардың кодтары



 

29. Декларация толтыру кезінде мынадай Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс түрлерін кодтауды пайдалану керек:



1010 – Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізуден түскен табыстар;

1011 – сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасындағы, одан тысқары жерлердегі тауарларды өткізуден түскен табыстар;

1020 – Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен табыстар;

1021 – Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде басқарушылық, қаржылық (сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру жөніндегі қызметтерді қоспағанда), консультациялық, аудиторлық, заң (соттарда, төрелік сотта немесе аралық сотта өкілдік ету және құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметтерді, сондай-ақ нотариаттық қызметтерді қоспағанда) қызметтерін көрсетуден түсетін табыстар;

1030 –  Қазақстан Республикасының Үкіметі Салық кодексінiң
224-бабына сәйкес айқындайтын жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудiң нақты орындалған, көрсетiлген жерiне қарамастан, оларды орындаудан, көрсетуден түсетiн табыстары, сондай-ақ осы бапта белгiленген өзге де табыстары;

1040 – Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiкке құқық немесе мүлiкпен жасалатын мәмiлелер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тiркелуге жататын мүлiктi өткізу кезіндегі құн өсiмiнен түсетiн табыстар;

1041 – Қазақстан Республикасының аумағындағы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тiркелуге жататын мүлiктi өткізу кезіндегі құн өсiмiнен түсетiн табыстар;

1042 – резидент шығарған бағалы қағаздарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан резидент заңды тұлғаның, консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн өткізу кезіндегі құн өсiмiнен түсетiн табыстар;

1043 – егер резидент емес заңды тұлғаның мұндай акциялары, қатысу үлестерi немесе активтерi құнының 50 және одан да көп пайызын Қазақстан Республикасындағы мүлiк құрайтын болса, резидент емес шығарған акцияларды, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн өткізу кезіндегі құн өсiмiнен түсетiн табыстар;

1050 – талап ету құқығын берген салық төлеуші үшін - резидентке борышты талап ету құқықтарын беруден түсетін табыстар;

1051 – талап ету құқығын берген салық төлеуші үшін - Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емеске борышты талап ету құқықтарын беруден түсетін табыстар;

1060 – талап ету құқығын сатып алатын салық төлеуші үшін - резиденттен борышты талап ету құқықтарын алудан түсетін табыстар;

1061 – талап ету құқығын сатып алатын салық төлеуші үшін - Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместен борышты талап ету құқықтарын алудан түсетін табыстар;

1070 – бұрын негізсіз ұсталған айыппұлдардың бюджетке қайтарылғандарынан басқа, тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) және санкциялардың басқа да түрлері;

1080 – резидент заңды тұлғадан түсетін дивидендтер нысанындағы табыстар;

1081 – Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес құрылған пайлық инвестициялық қорлардан түсетін дивидендтер нысанындағы табыстар;

1090 – мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы болып табылатын резидент емес үшін Қазақстан Республикасында салық міндеттемелерін орындау жүктелмеген сенімгерлікпен басқарушы-резиденттен мүлікті сенімгерлікпен басқаруды тағайындау туралы акт бойынша алынған табыстар;

1100 – борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар нысанындағы табыстар;

1101 – эмитенттен алынатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар нысанындағы табыстар;

1120 – роялти нысанындағы табыстар;

1130 – Қазақстан Республикасында орналасқан мүлікті жалға беруден түсетін табыстар;

1140 – Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүліктен алынатын табыстар;

1150 – Қазақстан Республикасында туындайтын тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйлықақылары түріндегі табыстар;

1151 – Қазақстан Республикасында туындайтын тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйлықақылары түріндегі табыстар;

1160 – халықаралық тасымалдарда қызметтерді көрсетуден түсетін табыстар;

1161 – Қазақстан Республикасы ішінде көліктік қызмет көрсетуден түсетін табыстар;

1162 теңіз тасымалы шартында (келісімшартта) көзделген сталиялық уақыттан тыс тиеу-түсіру операцияларында кеменің бос тұрып қалғаны үшін төлем түріндегі табыс;

1170 – Қазақстан Республикасының аумағындағы құбырларды, электр беру желілерін, оптикалық-талшықты байланыс желілерін пайдаланудан түсетін табыстар;

1180 – резидент емес жеке тұлғаның жұмыс беруші болып табылатын резидентпен жасасқан еңбек шарты (келісімшарты) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін табыстары;

1181 – резидент емес жеке тұлғаның жұмыс беруші болып табылатын резидент емеспен жасасқан еңбек шарты (келісімшарты) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін табыстары;

1190 – өздерiне резидентке қатысты жүктелген басқарушылық мiндеттердi орындауға байланысты, мұндай мiндеттердi нақты орындайтын жерiне қарамастан, басшының гонорарлары және (немесе) басқару органының (директорлар кеңесiнiң немесе өзге де органның) мүшелерi алатын өзге де төлемдер;

1200 – жұмыс беруші болып табылатын резиденттің Қазақстан Республикасында тұруына байланысты резидент еместің жеке тұлғаға төлейтін үстемақылары;

1201 – жұмыс беруші болып табылатын резидент еместің Қазақстан Республикасында тұруына байланысты резидент еместің жеке тұлғаға төлейтін үстемақылары;

1210 – резидент емес жеке тұлғаның жұмыс берушіден алған материалдық пайда түріндегі Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін табыстары;

1211 – резидент емес жеке тұлғаның жұмыс беруші болып табылмайтын тұлғадан алған материалдық пайда түріндегі табыстары;

1220 – резидент жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері;

1230 – қалайша және кімге төлем жүргізілетініне қарамастан, мәдениет және өнер қызметкеріне: театр, кино артистеріне, радио, теледидар қызметкеріне, музыкантқа, суретшіге, спортшыға Қазақстан Республикасындағы қызметтен төленетін табыстар;

1240 –резидент төлейтін ұтыстар;

1241 – егер ұтысты төлеу осындай тұрақты мекеменің қызметіне байланысты болса, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі бар резидент емес төлейтін ұтыстар;

1250 – Қазақстан Республикасында тәуелсіз жеке (кәсіби) қызмет көрсетуден алынған табыстар;

1260 – резидент емес жеке тұлғаның резидент жеке тұлғадан өтеусіз алынған мүлкін қоспағанда, өтеусіз алынған немесе мұраға қалдырылған мүлік, оның ішінде жұмыстар, қызметтер түріндегі табыстары;

1270 – туынды қаржылық құралдар бойынша табыстар;

1280 – міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс;

1290 – күмәнді міндеттемелер бойынша табыс;



1300 – банктердің және лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың құрылған провизияларының (резервтерінің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс;

1310 – сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары құрған сақтандыру резервтерін азайтудан түсетін табыс;

1320 талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс;

1330 – кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім бергені үшін алған табыс;

1340 – тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс;

1350 – табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түсетін табыс;

1360 – кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарын жою жөніндегі іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуінен түсетін табыс;

1370 – бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін табыс;

1380 - егер бұрын бұл сома шегерімге жатқызылмаса, негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, таңылған немесе борышкер таныған айыппұлдар, өсімпұлдар және басқа санкция түрлері;



1390 – бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар;

1400 өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс;*

1410 дивидендтер; *

1420 депозит, борыштық бағалы қағаз, вексель бойынша сыйақылар, ислам жалдау сертификаты;

1430 – оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі. Бағамдық айырма сомасы халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы Заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады;

1440 ұтыстар;



1450 – әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыс;

1460 – кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін табыс;

1470 – сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы алатын (алынуға жататын), мүлікті сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табыс;

1480 – ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс;

1490 – 1010 – 1480 табыс кодтарында көрсетілмеген басқа да табыстар.

30. Ел кодын толтыру кезінде «Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген 22 «Әлем елдерінің жіктеуіші»–қосымшасына сәйкес елдерді кодтауды пайдалану қажет.

31. Декларацияны толтыру кезінде халықаралық шарт (келісім) түрлерінің мынадай кодталуын пайдалану керек:

01 – Табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция;

02 – Ислам Даму Банкінің құрылтай шарты;

03 – Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы жұмысының жағдайлары жөніндегі келісім;

04 – Азия Даму Банкінің құрылтай шарты;

05 – Жаңа Үкіметтік ғимараттың құрылысы жобасына грантты пайдалану бойынша келісім;

06 – Қаржылық ынтымақтастық туралы келісім;

07 – Өзара түсіністік туралы меморандум;

08 – Континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісім;

09 – Халықаралық Қайта құру және Даму банкінің келісімі;

10 – Халықаралық валюталық қордың келісімі;

11 – Халықаралық қаржылық корпорацияның келісімі;

12 – Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі конвенция;

13 – Еуропалық Қайта құру және Даму банкін құру туралы;

14 – Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы;

15 – Орталық Азия университетін құру жөніндегі шарт;

16 – Инвестициялар кепілдігінің көп жақты агенттігін құру туралы;

17 – «Нұр-Мүбәрак» ислам мәдениетінің Египет университеті туралы келісім;

18 – Әуе қатынасы туралы келісім;

19 – «Агросервистік қызметті қолдау» жобасын дайындауға арналған Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің грантын беру туралы келісім;

20 – «Қазақстан Республикасында ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау» жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Yкіметінің грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келісім;

21 – Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенция;

22 – Өзге де халықаралық шарттар (келісімдер, конвенциялар).

________________________




Каталог: sites -> default -> files -> npa -> fno -> 2013 -> pravila kaz
pravila kaz -> Нысан Жалпы ережелер
pravila kaz -> Резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары
pravila kaz -> Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері бойынша қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын, мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің салық есептілігін жасау қағидалары
pravila kaz -> Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарын, банктік қызметті, лицензия негізінде кейбір банктік операцияларды, зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақыны төлеу жөніндегі қызметті
pravila kaz -> Жұмыспен қамтуға көмектесу, міндетті медициналық сақтандыру, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорларына, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа аударымдардың және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударымдары салық есептілігін
pravila kaz -> Жеке табыс салығы және мүлік бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
pravila kaz -> Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
pravila kaz -> Экспортқа рента салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
pravila kaz -> Көлік құралы салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет