Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен немересі, олигарх Нұрәлі Әлиев АҚШ-тағы концерттен бой көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото Instagram желісінен

Әлиев әлеуметтік желілерде U2 рок-тобының концертіндегі кадрлармен бөлісті. Іс-шара Лас-Вегаста, "Сфера" павильонында өткен. Назарбаевтың немересі өзінің Instagram желісінде концерттен бірден 3 видео жариялады.

Нұрәлі Әлиев жыл сайын Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің рейтингіне енеді. Өткен жылы іскерлік журнал оның байлығын 249 000 000 долларға бағалады. Ол Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің тұңғышы.

  • "Түрмеге қаматамын деп қорқытты": Әлия Назарбаева 170 млн доллар тұратын бизнесті рейдерлік жолмен басып алды деп айыпталды

  • Бергей Рысқалиев пен Аслан Мусин Лондонда көзге түсті

Осы жылдың қаңтар айында Алматыда жер сілкінісі орын алған еді. Осы кезде тұрғындарға апаттық жағдайды ескертпеген компания Нұрәлі Әлиевтіңсына тиесілі екені белгілі болды. TNS-INTEC компаниясы өз кезегінде Darmen Holding компаниясына тиесілі, холдингтің соңғы иесі Нұрәлі Әлиев болып табылады.

2022 жылы ТЖД жер сілкінісі туралы ерте ескерту жүйесін орнатуға TNS-INTEC-пен келісімшартқа қол қойып, оған 1,1 млрд теңге жұмсағаны белгілі болды.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.