Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы, Қосағаш ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары



жүктеу 264.93 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі264.93 Kb.

Қосағаш ауылдық округінің

жергілікті қоғамдастық

жиналысының «15» наурыз

2018 жылғы хаттамалық

шешімімен

«БЕКІТІЛДІ»



Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы,

Қосағаш ауылдық округінің 2018-2020

жылдарға арналған

кешенді даму жоспары

Қосағаш ауылы

2018 жыл









  1. Кіріспе

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының Қосағаш ауылдық округі 1962 жылы құрылды. Ауыл шаруашылық жерін қосқанда округтің жалпы ауданы – 168395 га жерді қамтиды. Округ 1 елді мекеннен тұрады, орталығы Қосағаш ауылы. Жалпы халық саны 792, оның ішінде еңбекке қабілетті тұрғындар саны- 428 құрайды. Ауылдың әлеуметтік саласында 1 орта мектеп, дәрігерлік амбулатория, ауылдық клуб, кітапхана және 1 тойхана жұмыс істейді.

Қызмет көрсету саласында 1- пошта бөлімшесі, 1 – АТС, 1-тораптық су жүйесі, 4 – дүкен, 1 – мал сою алаңы ауыл тұрғындарына қызмет көрсетеді. Округке қарасты 37 шаруа қожалығы бар. Ауылдық округтің негізгі бағыты мал шаруашылығы.



  1. Талдау

2.1 Экономика және ауыл шаруашылығы
Қосағаш ауылдық округінің экономикалық бағыты –ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы. Округке қарасты 37 шаруа қожалығы бар. Ауылшаруашылық жері 133942 гектар, оның ішінде жайылымдық 130130, шабындық 3191, суғармалы жер 621.

Ауылдық округте өндірілетін мал шаруашылығының өнімдері: ет - 917 тонна, сүт – 1662 тонна, жұмыртқа –138 дана, жүн – 25 тонна өндіріледі.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту аясында 4 сауда дүкені, 1 шағын наубайхана халыққа қызмет көрсетеді. Дүкендер азық – түлікпен ауыл тұрғындарының сұранысын толық қамтамасыз етеді. Мемлекет тарпынан ауыл шаруашылығына үлкен қолдау жасалып отыр. Ауылдық округте «Жұмыспен қамту 2020», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жж.», «АГРО –БИЗНЕС» бағдарламалары жүзеге асырылуда.
Қосағаш ауылдық округінің экономикалық дамуына кері әсерін беретін негізгі факторлар:


  1. Мал шаруашылығының өнімдерінің сапасының төмендігі. Еттің сатылу бағасының төмендігі, өнімдердің сыртқы сауда айналымында жоқтығы.

  2. Мал азығының жетіспеуі /шөп, жем/, шабындық жердің аздығы, суғармалы жерді су тапшылығынан шөп шықпауы.

  3. Мал шаруашылығында кадрлердің жетіспеуі (малшы-бақташы), жалақының төмендігі, жұмысшы тұрғын жайларының, тұрмыс тіршілігіне жағдай жасалмауы.

Ауылдық округтің болашақта экономикалық дамуына жататын:



  1. Мал басын көбейту

  2. Мал өнімдерінің сапасын жақсарту

  3. Шаруашылық ассоциаларын құру

  4. Округтің мал өнімдерінің тасымалдаудағы тиімділігін пайдалана отырып (ауылдық округ Республикалық бағыттағы Қарағанды-Боғаз трассасының бойында орналасқан) сыртқы саудаға шығару.

  5. Ауыл шаруашылығы мамандарының білімін көтеру

SWOT –талдау



Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Ауылдық округте мал өнімдерінің сапалылығы

Өнім қабылдайтын орындардың жоқтығы

Ірі қара малды, жылқыны және ұсақ малды өсіруге жайлы климат

Мал шаруашылығы мамандарының жетіспеуі

Ауылшаруашылық өндірістін баянды өсуі


Ауылшаруашылық өндірісінде қазіргі заманға сәйкес инфрақұрылымның жетілмеуі

Ауылшаруашылық мақсатындағы құнарлы жерлердің бар болуы

Шағын және орта бизнестің дамуының төменділігі

Мүмкіндігі

Қауіпі

Өнім өндірушілердің бірлестіктерін /ассоциасия құру/ арқылы нарыққа шығу жолдарын қарастыру

Жастардың мал шаруашылығына бармауы

Мемлекеттік қолдауымен арнайы бағдарламалар арқылы жаңа ауыл шаруашылық техникаларға қол жеткізу.

Ауыл шаруашылық техникаларының жылдан жылға бағасының өсуі




Ауыл шаруашылық саласындағы кадр тапшылығы




    1. Әлеуметтік инфрақұрылым және қызметтер

Қосағаш ауылдық округі бойынша халыққа әлеуметтік қызмет көрсету қанағаттанарлық. Әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымның дамуы мөлшері бір деңгейде, қаланың деңгейімен салыстырғанда төмен. Ауылдық округте 792 адам, орталығы Қосағаш ауылы.
Білім саласы

Ауылдық округте 1 орта мектеп, оқушылар саны-147. Ш.Уалиханов атындағы орта мектепте 30 мұғалім қызмет жасайды. Оқушылардың жазғы демалысында сауықтыру мақсатында демалыс лагерлері ұйымдастырылады. Мектеп асханасы жұмыс істейді. Орта мектеп жанынан құрылған 25 орындық 1 шағын орталық жұмыс істейді. Мектепке математика пәнінен 1 маман, химия пәнінен 1 маман қажет етеді.

Бала туу деңгейінің төмендігінен жылдан-жылға оқушылар саны азаюда, мұндай жағдай бола берсе, келешекте мектептің жабылу қаупі бар.

Денсаулық сақтау

Қосағаш ауылдық дәрігерлік амбулаториясы жұмыс істеп тұр. Амбулаторияда 1 дәрігер, 4 медбике қызмет етеді. 1 жедел жәрдем автокөлігі бар, амбулатория жаңа заманауи талаптарға сай күрделі жөндеуден өткен. Жаңа медициналық құрылғылармен жабдықтауды қажет етеді.



Спорт, мәдениет, бос уақыт

Спорттық нысандар: 1- хоккей қорабы, 1- шағын футбол алаңы, 1- спорт зал, 1-спорт алаңы мектепке қарасты. Ауыл жастарына спортпен айналысуға ешқандай кедергі жоқ.

Ауылдық округте 1 – клуб жұмыс істейді, қарамағында 1-библиотека бар. Барлық мерекелік іс-шаралар клубта өтеді. Халықтық атақ алған ауыл тұрғындарының еркімен құрылған «Қыр гүлі» вокалды инструментальді ансамблі қызмет етеді.

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында, сенбі, жексенбі күндері волейбол, бильярд, би кештері ұйымдастырылып тұрады.


Әлеуметтік қызмет және қамтамассыз ету

Ауылдық округте тұрғындар тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Тұрғын үйлер жеке меншік иелігінде, жылу қондырғылары пеш, қатты жанармаймен жылынады. Сумен қамтамасыз етілуі үй сыртындағы су құбырынан.

Ауылдық округте жұмыссыздық деңгей төмен дәрежеде, 2017 жылы 4 адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 313 адам. Ауылдық округте жұмыс берушілер саны аз және еңбекақы деңгейі төмен.

Қоғамдық тәртіпті сақтау саласы бойынша, 1 учаскелік инспектор бекітілген.

Ауылдық округ әкімшілігі мемлекеттік қызметтің 1 түрін көрсетеді, «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар болуы анықтама» береді.

Ауыл шаруашылыққа пайдалану мақсатында берілетін жерлер, конкурс арқылы беріледі.

Ауылдық округте балалар жәрдем ақысын алушылар саны -23. Мүгедектігіне байланысты жәрдемақы алушылар саны- 29.
Әлеуметтік салада негізгі шешімін табуға тиісті мәселелер:


  1. Жұмыс берушілердің санының жоқтығы, төменгі еңбекақы

  2. Мәдени-спорттық базалардың жоқтығы

  3. Жұмыс орнының жоқтығы, әсіресе әйел адамдарға

  4. Спорттық кешеннің болмауы


Әлеуметтік инфраструктураны дамытудың жолдары:

  1. Мәдени және спорттық салалардың материальдық-техникалық базасын арттыру

  2. Осы салаларда халыққа қызмет көрсетудің жүйесін жергілікті орналасу жағдайына байланысты жүзеге асыру

  3. Жастардың ауылға келуіне ықпал ету, әлеуметтік және тұрмыстық жағдайының болуын жоғарғы деңгейге жеткізу

  4. Дәрі-дәрмектің барлық түрлерімен ауыл халқын тегін қамтамасыз ету

SWOT –талдау



Күшті жақтары Әлсіз жақтары

Білім беру

Жоғарғы деңгейдегі кадр жүйесінің қалыптасуы

Жеке пәндер бойынша мамандардың жетіспеуі

Оқушылар санының өсуінің мүмкіндігі

Материальдық техникалық базаның ескіруі

Білім деңгейінің жақсы нәтижеге қол жеткізуі

Пенсия жасындағы ұстаздарды ауыстыратын жас мамандардың жетіспеуі

Ыстық тамақпен қамтамасыз ету

Интернеттің желісінің жиілігінің төмендігі

Орта мектепке ағымдағы жөндеу жұмысының жасалуы

Мектепке арнайы автокөлік бөлінбеуі

Денсаулық сақтау

Жаңа типтегі ауылдық Амбулатория

Дәрі-дәрмекпен барлық түрімен толық қамтамасыз ету

Жас мамандарды тұрақтандыруға арнайы мемлекеттік жәрдемақымен қамтамасыз етілуі

Қаржы мәселесінің жетіспеуі



Мәдениет және бос уақыт

Ауылдық библиотеканың барлығы

Кітап қорының жетіспеушілігі

Атағы бар ансамбілдің болуы

Қолдаушы демеушілердің болмауы

Клубқа ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасалуы

Ұлттық аспаптардың болмауы

Әлеуметтік қызметтер

Қызмет көрсетудің жоғарғы деңгейі

Бос уақытты пайдалауда жастармен зейнеткерлерге арнайы орталықтандырылған орындардың болмауы

Мүмкіндігі

Қаупі

Әлеуметтік инфраструктураның мемлекеттік бағдарламамен қолдаудың мүмкіндігі

Мемлекеттік әлеуметтік қаржылардың, әлемдік қаржы дағдарысының болуына байланысты қысқаруы




Кадр мәселесі, жастардың ауылға келмеуі


2.3. Инженерлік инфраструктура және қолдау

Инженерлік инфрастрақұрылым ауылдық округте төмен деңгейде.



Сумен жабдықтау

Қосағаш ауылында 2006 жылы су жүйесі ағымдағы жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді. 3 ауылды ауыз сумен қамтамассыз етіп отыр. Су жүйесінің қызметін Қосағаш-Мәдениет-Бидайық ауылдарының тұрғын үйлері тұтынады. Су жүйесі – ешқандай мекеменің теңгерімінде жоқ. Ауыл тұрғындарын сумен қамтамасыз ету күніне 3 сағат жіберіледі. Келешекте су жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, су соратын насостарды ауыстыру қажет.



Электр энергиясымен қамтамасыздандыру

Ауылда «ВК РЭК» АҚ қарайтын электр желілері учаскесі жұмыс істейді. Ауылдық округтің елді мекендері түгелдей электр желілерімен қамтылған. Электр желілерінің техникалық жағдайы қанағаттанарлық.


Байланыс саласы

Әкімшілік ғиматарының жанында пошта бөлімшесі мен байланыс торабының бөлімшесі орналасқан. Ауылдық округте телефон орнатылған нүкте – 128. Цифрлық байланыс жүйесіне қосылған. Ұялы байланыс тарату торабтары жоқ, байланыс операторымен ұялы байланыс торабын орнатуға келіссөздер жүргізілуде. Ауыл тұрғындарының интернетке шығу мүмкіндігі жоқ.


Ауыл жолдары

Қосағаш ауылдық округі Қарағанды-Боғаз республикалық автожолдың бойында орналасқан. Ауыл жолдарының жалпы ұзындығы – 4,4 км болады. Жолдың сапасы – қанағаттанарлық. Барлық жолдарға жөндеу жұмыстары қажет. Жолдарды күтіп ұстауға «Аягөз жолдары» ҚМК бекітілген.


Экология және туризм

Ауылдық округтің экологиялық жағдайы қалыпты жағдайда, бұрынғы Семей полигоны жоғарғы радиациялы аймаққа жатады. Мал қорымы мен қоқыс төгетін арнайы орындар белгіленген. Туризм ауылдық округте дамымаған.

Негізгі қиындық туғызатын мәселелер:


  1. Жоғарғы жылдамдықтағы интернет желісінің жоқтығы

  2. Ақтоған каналының су тасқынан бұзылып істен шығуы

  3. Округ аумағындағы жолдардың нашарлығы

Перспективалық дамытудың жолдары:

  1. Жоғарғы талшықты интернет желісін тарту

  2. Ақтоған каналына қаржы бөліп, іске қосу

  3. Ауылдық округі аумағынан өтетін Республикалық маңыздағы Қарағанды-Боғаз трассасының жақсаруы

SWOT –талдау



Күшті жақтары Әлсіз жақтары

Сумен жабдықтау

Ауылдық округте орталықтандырылған тораптық су жүйесі жұмыс істейді

Су жүйесінің негізгі құдықтарының істен шығуы

Қосағаш, Мәдениет, Бидайық ауылдарын ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр

Су қорының аздығынан ауыз судың сағатпен ғана берілуі

Электр энергиясымен қамтамасыз ету

Электр желісі бар. ВКРЭК қарамағында

30 % көшелер жарықтандырылған



70 % көшелер жарықтандырылмаған

Байланыс саласы

Ауылдық округте цифрлық байланыс жүйесі орнатылған

Ұялы байланыс пен интернет желісінің жоқтығы

Ауыл жолдары

Ауылдық округі Республикалық бағыттағы Қарағанды-Боғаз автожолдың бойында орналасқан

Қала мен ауыл арасында халықты тасымалдайтын қоғамдық көліктерінің жоқтығы (Автобус)

Экология және туризм

Ауылдық округте зиянды қалдықтар шығаратын өндіріс орындарының болмауынан экология тазалығы

Округ аумағының Семей полигонына байланысты жоғарғы радиациялық аймаққа жататындығы

Мүмкіндіктері

Қауіпі

Ауылдық округтегі барлық тұрғын үйлерге орталықтандырылған су жүйесін тартып, су есептегіш құралдарын орнату


Тұрғындардың басқа қалаларға қоныс аударуына байланысты инфрақұрылымды пайдаланушылардың азаюы



SWOT- Қосағаш ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау


Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Жоғарғы деңгейдегі кадр жүйесінің қалыптасуы

Жеке пәндер бойынша мамандардың жетіспеуі

Оқушылар санының өсуінің мүмкіндігі

Материальдық техникалық базаның ескіруі

Білім деңгейінің жақсы нәтижеге қол жеткізуі

Пенсия жасындағы ұстаздарды ауыстыратын жас мамандардың жетіспеуі

Ыстық тамақпен қамтамасыз ету

Интернеттің желісінің жиілігінің төмендігі

Орта мектепке ағымдағы жөндеу жұмысының жасалуы

Мектепке арнайы автокөлік бөлінбеуі

Жаңа типтегі ауылдық Амбулатория

Дәрі-дәрмекпен барлық түрімен толық қамтамасыз ету

Жас мамандарды тұрақтандыруға арнайы мемлекеттік жәрдемақымен қамтамасыз етілуі

Қаржы мәселесінің жетіспеуі



Ауылдық библиотеканың барлығы

Кітап қорының жетіспеушілігі

Атағы бар ансамбілдің болуы

Қолдаушы демеушілердің болмауы

Клубқа ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасалуы

Ұлттық аспаптардың болмауы


Қызмет көрсетудің жоғарғы деңгейі

Бос уақытты пайдалауда жастармен зейнеткерлерге арнайы орталықтан-дырылған орындардың болмауы

Ауылдық округте орталықтандырылған тораптық су жүйесі жұмыс істейді

Су жүйесінің негізгі құдықтарының істен шығуы

Қосағаш, Мәдениет, Бидайық ауылдарын ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр

Су қорының аздығынан ауыз судың сағатпен ғана берілуі

Электр желісі бар. ВКРЭК қарамағында

30 % көшелер жарықтандырылған



70 % көшелер жарықтандырылмаған

Ауылдық округте цифрлық байланыс жүйесі орнатылған

Ұялы байланыс пен интернет желісінің жоқтығы

Ауылдық округі Республикалық бағыттағы Қарағанды-Боғаз автожолдың бойында орналасқан

Қала мен ауыл арасында халықты тасымалдайтын қоғамдық көліктерінің жоқтығы (Автобус)

Ауылдық округте зиянды қалдықтар шығаратын өндіріс орындарының болмауынан экология тазалығы

Округ аумағының Семей полигонына байланысты жоғарғы радиациялық аймаққа жататындығы

Мүмкіндіктері

Қауіпі

Әлеуметтік инфраструктураның мемлекеттік бағдарламамен қолдаудың мүмкіндігі

Мемлекеттік әлеуметтік қаржылардың, әлемдік қаржы дағдарысының болуына байланысты қысқаруы

Ауылдық округтегі барлық тұрғын үйлерге орталықтандырылған су жүйесін тартып, су есептегіш құралдарын орнату

Тұрғындардың басқа қалаларға қоныс аударуына байланысты инфрақұрылымды пайдаланушылардың азаюы


3. Стратегиялық бөлім

3.1 Кіріспе

Мал шаруашылығын дамытудағы зор үлес қосып отырған Қосағаш ауылдық округі. Мал басы жылдан жылға көбеюде, сонымен қатар мал өнімдері де артуда. Негізгі мал шаруашылығымен айналысып отырған шаруашылық басшыларының көбін жастар құрайды. Ауыл жастары мемлекеттік қолдаудың арқасында шағын және орта бизнеске қарай бет бұруда.

Ауылдық округтегі мекемелер орта мектеп, дәрігерлік амбулатория, ауылдық клуб жаңа заман талабына сай жабдықталып, қаралған штат бойынша мамандар жұмыс істеуде. Көрсетілетін қызмет түрлері стандартқа сай. Клуб қызметкерлері қалыпты жағдайда жұмыс жасайды. Ауылдағы өнерлі жастарды өтетін іс-шараларға тартып, салт-дәстүрді насихаттауда. Тұрғындардың 30% спортпен айналысады. Ауылдағы спорттық нысандар, спортпен айналысушылар үшін әр қашан қолайлы жағдай туғызады.

Ауылдық округтегі тұрғындар 100 % таза ауыз сумен қамтылған. Ауыз судың таратылуы, экологиялық қауіпсіздендірілген. Үнемі электр энергиясымен қамтылған. Республикалық автожол арқылы барлық қалаларға қатынауға қолайлы мүмкіндіктері бар.


3.2 Мақсаты және басымдық бағыты

3.2.1 Экономика және ауыл шаруашылығы

Стратегиялық мақсаты 1: Қосағаш ауылдық округі, ауыл шаруашылық саласын дамытуда, келешекте экономикасының өсуіне ішкі мүмкіндіктерді толық пайдалануда.

Стратегиялық бағыты 1 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде үлкен жетістіктерге жете отырып, экономикасын көтеру, инвестиция тарту арқылы шағын орта бизнесті дамыту және ішкі резервті пайдалану.


Басымдық бағыты 1. Ауыл шаруашылығын дамыту.

  • асыл тұқымды ет бағытындағы ірі қара малын инвестициялық жобалар арқылы көбейту.

  • мал бордақылау алаңдарын ашу.

  • ветеринариялық-санитарлық ахуалды жақсатру.


Басымдық бағыттағы индикаторлар

  • ет өндіруді 150%-ға жеткізу.

  • ауыл шаруашылық техникаларын 80% жаңалау

  • ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру.

  • ауыл шаруашылық өндірісінің өнімділігін арттыру.


Басымдық бағыты 2. Шағын кәсіпкерлікті дамыту және ауыл тұрғындарының белсенділігін арттыру

Міндет:


  • шағын бизнестегі кәсіпкерлерді ынталандыруға бастама

  • көрсетілетін сервистік қызметтердің түрлерінің әлеуетін көтеру

  • жұмыс істеп тұрған және жаңадан құрылған кәсіпкерлердің білімін көтеру

Басымдық бағыттағы индикаторлар



  • жол бойындағы көрсетілетін қызмет түрлерін ашу

  • шағын, орта бизнесті көтеру және жұмысшылар санын 10-15 % арттыру




      1. . Әлеуметтік инфрақұрылым және қызметтер


Стратегиялық мақсаты 2. Ауылдық округтің әлеуметтік бағытын дамыту, халықтың әлеуметтік жағдайын қанағаттандыру

Стратегиялық мақсаты 2 білім саласын көтеру (мектеп, мектеп жасына дейінгі), денсаулық саласының қызметін жақсарту, мәдениет, спорт саласын жақсарту, әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру.

Ауылдық округтегі мекемелердің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында жас мамандарды тарту. Бұл үшін жаңа бағдарламалар дайындау.
Басымдық бағыт 1. Келешекте ауылдық округте білім саласын дамыту, сапалы білім және саналы тәрбие беру.

Міндет:


  • жаңа талаптарға сай білім сапасын көтеру

  • білім саласының материалдық-техникалық базасын нығайту

  • мамандардың толық болуы

  • сапалы білім алуға қол жетімділікті көтеру

Басымдық бағыттағы индикаторларға жету:

  • қолайлы білім алу деңгейін көтеру 50 %

  • білім сапасын сақтай отырып, білімді түлектер дайындау


Басымдық бағыт 2. Халықтың денсаулығын сақтау және нығайту, салауатты өмір салтын сақтау.

Міндет:


  • сапалы медициналық көмек көрсетуге кепілдік жасау

  • салауатты өмр салтын құру

  • қоршаған ортаның жағымсыз әсерлерінен сақтану

  • медицина қызметкерлерінің білімін арттыру

  • халықты дәрі-дәрмекпен қамтамассыз етуді жақсарту

  • профилактикалық іс-шаралар өткізу

  • міндетті медициналық сақтандыруды ұйымдастыру

Басымдық бағыттағы индикаторлар



  • өткен жылмен салыстырғанда аурулардың санын 5% азайту

  • өткен жылмен салыстырғанда өлім- жітімді және созылмалы аурулар санын азайту

  • кардиограф құрылғысымен 100 % қамтамассыз ету


Басымдық бағыт 3. Мәдениет және спортты дамыту

Міндет:


  • ауыл тұрғындарын мәдени іс-шараларға тарту

  • кітапхана қызметінің жұмысын жақсарту

  • ауыл тарихын халыққа кеңінен насихаттау

  • спортпен айналысушыларға қолайлы жағдай жасау

  • жастарды салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау

Басымдық бағыттағы индикаторлар



  • жаңа музыкалық аспаптармен жабдықтау 20 %

  • кітапхана қорындағы кітаптарды жаңарту 50 %

  • өткен жылмен салыстырғанда мәдени іс-шараларға қатысушылар санын арттыру



      1. Инженерлік және көлік инфрақұрылым


Стратегиялық мақсат 3. Халықтың тұрмысын жақсартуға қолайлы жағдай жасау және коммерциялық қызметті жүзеге асыру
Ауылдық округте инженерлік және көлі инфрақұрылымы төменгі деңгейде. Оған тежеу болатын жағдайлар шағын, орта бизнестің жақсы дамымауы, тұрғын-дардың тұрмыс жағдайының толық комфортты болмауынан. Ауылдағы инженерлік инфрақұрылым (жол тазалау, қоқыс шығару, құрылыс жұмыстарына, мал азығын дайындау) барлығы шару қожалықтары арқылы жүзеге асырылады.
Басымдық бағыт 1. Халықты таза ауыз сумен қамтамассыз ету.

Міндет:


  • су жүйесіне күрделі жұмыстар жүргізу

  • судың тазалығын сақтау

Басымдық бағыттағы индикаторлар



  • өткен жылмен салыстырғанда су жүйесіндегі ақаулықтарды азайту

  • экологиялық және инфекциялық тәуекелділікті азайту


Басымдық бағыт 2. Ауылдық округте электр энергиясын тиімді және үнемді пайдалану

Міндет:


  • ауылдық округте трансформатырлардың қуаттылығын шығынсыз пайдалану

Басымдық бағыттағы индикаторлар




  • электр желілері мен трансформаторладың жүктемесін 5 % азайту


Басымдық бағыт 3. Тұрғындарды қол жетімді байланыс жүйесімен қамтамассыз ету

Міндет:




  • телефон байланысын жаңғырту

  • жоғарғы жылдамдықтағы интернет жүйесіне қол жеткізу

  • тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру

Басымдық бағыттағы индикаторлар жетістігі 3:

  • интернет жүйесін енгізу


Басымдық бағыт 4. Көлктік инфрақұрылымды қолдау және дамыту

Міндет:


  • ауылдың ішкі жолдарын жөндеу

  • тасымалдаушы (такси) жеке кәсіпкерлерге жағдай жасау

Басымдық бағыттағы индикаторлар жетістігі 4:



  • ауылдың ішкі көлік жолдарын қанағаттанарлық жағдайға жеткізу


Басымдық бағыт 5. Ауылдық округті абаттандыру

Міндет:


  • ауыл ішін көгалдандыру

  • жеке тұрғындардың үй аумағының жағдайын жақсарту

  • көше атауының белгілерін, үй нөмірлерін қою

  • көше жарығын 70 % жеткізу

  • тазалық айлығын өткізу, сенбіліктер ұйымдастыру, таза аула, көше акцияларын ұйымдастыру

Басымдық бағыттағы индикаторлар жетістігі 5:



  • ауылдық округтегі көше жарықтары

  • ауылдық округтегі абаттандырылған көшелер


Басымдық бағыт 6. Экология және туризм

Міндет:


  • тұрғындар арасында экологиялық мәдени сауықтыру жұмыстарын жүргізу

Басымдық бағыттағы индикаторлар 6:

  • зиянды қоқыстардың санын азайту


Іс-шаралар жоспары
Стратегиялық мақсат: 1. Қосағаш ауылдық округіндегі кәсіпкерлік пен шағын және орта бизнесті дамыту арқылы экономика мен ауыл шаруашылық өндірісін өркендету



Іс-шаралар

Орындалу мерзімі

Қажылан

дыру көзі

Орындалуына жауаптылар

Өнім көрсеткіші

Нәтижелі көрсеткіш

Жұмыс

орындарының

саны




1. Ауыл шаруашылығын дамыту бағыты

1

Мал бордақылау алаңын ашу

2018-2019

Өз қаржысынан

Қосағаш ауылдық округі әкімінің аппараты

шаруа қожалығы



Мал басының санына байланысты

Ет сапасын арттыру

2

2

300 бас ірі қара малына қора салу

2018-2019

Өз қаржысынан

Қосағаш ауылдық округі әкімінің аппараты

Жеке кәсіпкер



Мал басының санына байланысты

Ет сапасын арттыру

3

3

Ауыл шаруашы-

лық техникасын жаңарту



2018-2020

АҚ «Казагро

финанс»


Қосағаш ауылдық округі әкімінің аппараты

Шаруа қожалығы



Жаңартылған ауыл шаруашылық техникасы, 2 бірлік

Ауыл шаруашылық техникасының жаңартылу үлесі







2. Шағын кәсіпкерлікті дамыту және тұрғындардың іскерлік белсенділігін арттыру

1

Шағын кәсіпкер-

лікті оқыту



2018-2020

«Атамекен» қоры

Қосағаш ауылдық округі әкімінің аппараты

Аягөз аудандық әкімшілік



Кәсіпкерлікті оқығандар саны








Стратегиялық мақсат: 2. Ауылдық округтегі әлеуметтік құрылымдарды дамыту



Іс-шаралар

Орындалу мерзімі

Қажыландыру көзі

Орындалуға жауаптылар

Өнім көрсеткіші

Нәтижелі көрсеткіш

Жұмыс орындарының саны




1. Ауылдық округ бойынша білім беру жүйесін дамыту

1

Жас мамандарды жұмысқа тарту

2018-2020

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы

Қосағаш ауылдық округі әкімінің аппараты

Жас мамандардың санын арттыру

Білім сапа-сын сақтап, бәсекелестікті арттыру




2

Мектептің техникалық базасын жаңарту

2018-2020

Аудандық бюджет

Аудандық білім бөлімі,

Қосағаш ауылдық округі әкімінің аппараты













2. Дәрігерлік амбулаторияны заман талаптарына сай жабдықтап тұрғындардың денсаулығын нығайту

1

Санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу

2018-2020

Демеушілер арқылы

Қосағаш ауылдық округі әкімінің аппараты




Аурудың алдын алу




2

Заман талабына сай құрал жабдықтар

(ЭКГ аппараты)



2018-2020

Мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасы

ШҚО облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Қосағаш ауылдық округі әкімінің аппараты















3. Мәдениет және спортты дамыту бағыты

1

Ауылдық клуб үйіне көрермендер залын жарық-тандыру, сахналық киімдер алу, ұлттық музыкалық аспаптар алу

2018-2019

Аудандық бюджет

Аягөз аудандық мәдениет бөлімі

Қосағаш ауылдық округі әкімінің аппараты




Жаңа жабдықтармен қамтамасыз ету

Мәдени ағарту ісін 50%-ға жақсарту




2

Оқырмандар

ға арналған кітап қорын толықтыру



2018-2019

Демеушілер арқылы

Қосағаш ауылдық округі әкімінің аппараты

Кітап қорын көбейту

Кітап қорын 50%-ға жаңарту




3

Қоғамдағы мәдени және спорттық іс-шараларды дамыту

2018-2020

Демеушілер арқылы

Қосағаш ауылдық округі әкімінің аппараты


Жылына 14 іс-шарадан кем емес

Өткен жылдармен салыстырғанда іс-шара сапасын жақсарту





Стратегиялық мақсат 3. Әлеуметтік инфрақұрылым және қызмет көрсету саласы



Іс-шаралар

Орындалу мерзімі

Қажыландыру көзі

Орындалуға жауаптылар

Өнім көрсеткіші

Нәтижелі көрсеткіш

Жұмыс орындарының саны




1. Ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету

1

Су құбырларын күрделі жөндеуден өткізу

2018-2020

Өңірлерді дамыту 2020 МКК «Су»

Қосағаш ауылдық округі әкімінің аппараты

Аягөз аудандық әкімшілік






Сапалы сумен қамтамасыз ету







3. Тұрғындарды қолжетімді байланыс қызметімен қамтамасыз ету

1.

Интернет байланысын жақсарту үшін волоконды-оптикалық желіні тарту

2018-2019

АҚ «Қазақте-леком»

Қосағаш ауылдық округі әкімінің аппараты













4. Көлік инфрақұрылымын жетілдіру

1.

Ауылдың көше жолдарын ағымдағы жөндеуден өткізу

2018-2020

Аудандық бюджет

Өңірлерді дамыту 2020



Қосағаш ауылдық округі әкімінің аппараты

Аудандық ТҮКШ бөлімі



Жөнделетін жолдың ұзындығы 6 км










5. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау

1.

Ауылдық округтегі тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын қоршау

2018-2020

Аудандық бюджет

Өңірлерді дамыту 2020



Қосағаш ауылдық округі әкімінің аппараты

Аудандық ТҮКШ бөлімі















6. Ауылдық елді-мекенді абаттандыру

1.

Ауылдық округтің көшелерін жарықтанды-ру

2018-2019

Өңірлерді дамыту 2020

Қосағаш ауылдық округі әкімінің аппараты

Жарықтанған көшелер саны







2.

Елді-мекенді көгалдандыру

2018-2019

Өңірлерді дамыту 2020

Қосағаш ауылдық округі әкімінің аппараты













7. Экология

1.

Ауылдың санитарлық экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында, тұрғындардың арасында «Таза аула, көше» байқауларын ұйымдастыру

2018-2019

Демеушілер арқылы

Қосағаш ауылдық округі әкімінің аппараты












Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет