Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2016 жылғы 26 ақпандағы тұрғындармен есептік кездесуі кезінде тұрғындар айтқан ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру барысы туралы ақпарат



жүктеу 63.51 Kb.
Дата27.11.2017
өлшемі63.51 Kb.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2016 жылғы 26 ақпандағы тұрғындармен есептік кездесуі кезінде тұрғындар айтқан ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру барысы туралы ақпарат

(2016 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша)





Айтылған ескертулер/ұсыныстар

Орындалу мерзімі


Орындалуына жауапты

Орындалу барысы



«Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғаз» республикалық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізу


2016 жылғы

қазан


«НК «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ШҚОФ

С.Қ.Ақтанов

(келісім бойынша)

ЖКАЖБ


Б.С.Бейсекенов


«Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғаз» автомобиль жолының учаскесі Аягөз қаласынан Тарбағатай ауылына дейін 2016 жылға арналған орташа жөндеу жүргізу жоспарына енгізілген. Қазіргі кезде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ сайтында «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғаз» республикалық маңызы бар автомобиль жолына 715-793 шм (жалпы ұзындығы 78 шм) орташа жөндеу жүргізуге конкурс жарияланған.




Семей қ. Облыстық онкологиялық диспансердің радиологиялық орталығы құрылысын аяқтау туралы, III кезек


2016 жылғы

ІІІ тоқсан



ҚСҚҚБ

М.Ж.Отарбаев

Семей қаласының әкімі

Е.Б.Сәлімов




Облыс әкімі Д.К. Ахметовтың тапсырмасына сәйкес жұмыс тобы құрылған. Жұмыс тобы жұмысының қорытындысы бойынша объектіні аяқтаудың желілік кестесі іске қосу жұмыстары мен қызметкерлерді оқытуды есепке ала отырып әзірленді.




Ұлан ауданы Сібе көлдеріне апаратын бағыттағы автомобиль жолын орташа жөндеу туралы

2016 жылғы

қыркүйек


ЖКАЖБ

Б.С.Бейсекенов

Ұлан ауданының әкімі

Д.Б.Батырбаев




Ағымдағы жылы Сібе көлдеріне апаратын бағыттағы автомобиль жолын орташа жөндеу қарастырылған. Жалпы ұзындығы 54 шм «Васильевка-Бозанбай» және «Васильевка-Бозанбай-Алғабас-Тарғын» автомобиль жолдары учаскелері жөндеумен қамтылады. Қазіргі уақытта мердігерлік ұйымдарды айқындауға конкурстық рәсімдер жүргізілуде.



Өскемен қаласындағы облыстық Достық үйі ғимаратын жөндеуге қаражат бөлу жөніндегі мәселені қарау туралы

2016 жылғы

І тоқсан


С.Т.Улакова

С.Қ.Мүбараков

А.Қ.Нұрғазиев

Э.Т.Төлеубеков




Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 18 наурыздағы №37/444-V шешімімен облыстық Достық үйі ғимаратын жөндеуге қаражат бөлінді.



«Күршім ауданындағы Бұқтырма суқоймасы арқылы көпір өткелінің құрылысы» жобасын іске асыруға инвестициялар тарту жөніндегі мәселені шешу туралы

2016-2017 жылдар

ішінде


«МЖӘ» Өңірлік орталығы» АҚ

Ш.С. Бұқтұғұтов

ЖКАЖБ

Б.С.Бейсекенов



Күршім ауданының әкімі

С.Ж.Чукаев




«Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір өткелінің құрылысы мен пайдалануға беру» жобасы бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді, мемлекеттік, экологиялық, салалық сараптамалар қорытындысы бар, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінен жобаның конкурстық құжаттамасы және концессия шартына оңды сараптама алынған.

Қазіргі кезде Еуропа Қайта Жаңарту және Даму банкінің қатысуымен жобаны бұдан әрі іске асыру бойынша мәселе қаралуда.





Өскемен, Семей қалаларында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы ойын алаңдарының құрылысы туралы


2016 жылғы

қазан


Өскемен,

Семей қалаларының әкімдері

Т.Ж.Қасымжанов

Е.Б.Сәлімов




Өскемен

Әзірленген жобаларда: «ШҚО, Өскемен қаласындағы Комендантка ө. маңындағы Суретшілер үйінен Амур көшесіндегі жармаға дейінгі аумақты қайта құру және аббаттандыру», «ШҚО, Өскемен қаласындағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар мемориалын, Үлбі жағалауынан (Протозанов к.) Крылов көшесіне дейінгі аумақты, Сәулетай балалар саябағындағы алаңшаларды қайта құру және аббаттандыру», «ШҚО, Өскемен қаласындағы Молдағұлова мен Энтузиасттер көшесі ауданындағы Молдағұлова көшесінен Прииртыш көшесіне дейінгі аумақты қайта құру және аббаттандыру» тұрғындардың ұтқырлығы жоқ топтары, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы құрылғы орнатумен спорт және балалар алаңшаларын орналастыру және жайғастыру қарастырылған. Алаңшаларға жарақатқа қауіпсіз жабындар жабу қарастырылған. Жобаларды іске асыру ағымдағы жылдың жаз кезеңіне жоспарланған.



Семей

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ойын алаңдарының құрылысы бойынша жобаларды іске асыру мақсатында Семей қаласының әкімдігі жеке инвесторларды тарту жұмыстарын жүргізуде.





«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде Күршім, Тарбағатай, Көкпекті, Зырян, Ұлан аудандарында балық аулау және өндеу үшін шағын несиелер бөлу туралы


2016 жылғы

маусым


ЖҚжӘББ

С.С.Мырзабаева,

«Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ

Н.Ш. Ниғметов,

Күршім, Тарбағатай, Көкпекті, Зырян аудандарының әкімдері

С.Ж.Чукаев

Д.Т.Оразбаев

Р.Н.Сағындықов

А.М.Кәрімов


«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ бойынша несиелендіруге 12 өтінім түсті, оның ішінде:

- Күршім ауданынан 3 адам;

- Тарбағатай ауданынан 6 адам;

- Көкпекті ауданынан 3 адам;

- Ұлан және Зырян аудандарынан балық аулауды дамытуға шағын несие алуға өтінімдер түскен жоқ.




«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде ауылдық жерде орналасқан 78 денсаулық сақтау объектісін (дәрігерлік амбулаториялар, фельдшер-акушерлік, медициналық пунктер) ағымдағы және күрделі жөндеу туралы


2016 жылғы

IV тоқсан



Денсаулық сақтау басқармасы

В.А.Овсянников



Бүгінгі күні 14 объект бойынша конкурстық құжаттама әзірленуде. Осы объектілер бойынша а.ж. сәуір айында конкурс жариялау жоспарланған. 64 объект бойынша ақшалай қаражат бөлу мүмкіндіктерін қарастыру үшін «ШҚ облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ бюджеттік өтінім жолданды.



«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде білім берудің 139 объектісін ағымдағы және күрделі жөндеу туралы


2016 жылғы

IV тоқсан



Білім басқармасы

А.Е.Садықова,



қалалар мен аудандар әкімдері

Қазіргі уақытта мердігерлік ұйымдарды айқындауға конкурстық рәсімдер жүргізілуде.








































Каталог: assets
assets -> 017 ж қаңтар 31 қаңтар дсұ санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша Комитетпен жарияланған хабарламалар тізімі
assets -> Тоо "Аксесс Энерго птэц-2" объявляет о проведении тендера по закупкам следующих материальных, финансовых ресурсов и услуг: раз
assets -> Конверттерді ашу хаттамасы
assets -> Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама
assets -> Егемен Қазақстан. – 2014. №209. – 25 қазан Егемен-ақпарат Ақын қолымен жазылған өлең «Сәкеннің қоштасуы»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет