Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда үш ЖЭО салатын ресейлік компанияны атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: commons.m.wikimedia.org

Скляр ЖЭО-ны ресейліктер өз қаржысына салатынын атап өтті. Салынған ақша Табиғи монополияларды реттеу комитеті бекітетін тариф есебінен қайтарылады.

"Бұл жобаларды инвесторлар қаржыландырады. Шетелдік компаниялар – “Самұрық-Энерго” және ресейлік “Интер РАО” компаниялары арасында тиісті келісімге қол қойылды, Ресейлік технологиялар қолданылады. Бастапқыда қазандықтарда көмір жағады, кейін олар газға ауыстырылады. Көкшетауға газ келген кезде көмірден газға көшіреміз. Бірінші Көкшетауда, одан кейін Семей мен Өскеменде салынады. 3 жобаға шамамен 350 миллиард теңге жұмсалады. Бәйтеректен несие берілмейді", – деді Скляр.

  • Зейнетақы қорынан алынатын 1,5 триллион теңге Ресей Қазақстанға салып беретін ЖЭО құрылысына жұмсалмақ
  • Қазақстан мен Ресей үш жылу электр станциясын салу туралы меморандумға қол қойды

Құрылысты "Интер РАО" компаниялар тобы жүргізеді. Компанияның Еуропадағы бөлімшелерінің басшылары Путинмен байланысы болғандықтан санкцияға ұшырады.

Алайда жақында Литва соты қаржылық қылмыстарды тергеу қызметіне (FCIS) компанияны санкцияланған өнеркәсіптер тізімінен шығаруды бұйырды. Шешімге қатысты әлі де апелляциялық сотқа шағымдануға болады.

Қазір холдингті "Интер РАО" құрылымы – "Интер РАО Капитал" (29,56%) және 27,63% үлесі бар "Роснефтегаз" (Роснефтегаз және Интер РАО директорлар кеңесін Игорь Сечин басқарады) бақылайды. Федералдық желілік компания (ФСК, Россетінің бөлігі) 8,57% үлеске ие.

Айта кетейік, бұған дейін Зейнетақы қорынан алынатын 1,5 триллион теңге Ресей Қазақстанға салып беретін ЖЭО құрылысына жұмсалатыны туралы айытлған еді. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.