«Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыстық және республикалық бюджеттерден қаржыландырылатын 18 бюджеттік бағдарларламалардың әкімшісі болып табылады



жүктеу 37.69 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі37.69 Kb.

«Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыстық және республикалық бюджеттерден қаржыландырылатын 18 бюджеттік бағдарларламалардың әкімшісі болып табылады.

2009 жылы білім беру объектілерінің құрылысы мен қайта жаңғыртуларына республикалық және облыстық бюджеттерден 2617 млн.теңге сомасында қаржы бөлінді. 12 объектінің құрылысы жүргізілуде және 3 объектінің ЖСҚ әзірленуде, тағы 6 білім беру объектісінің ЖСҚ әзірлеу жоспарланып отыр. 1 білім беру объектісі бойынша ЖСҚ әзірлеуге конкурс өткізілді.

2009 жылы 9 білім беру объектісін пайдалануға беру жоспарланған, соның ішінде: жергілікті бюджет есебінен: Күршім ауданы Теректі бұлақ ауылындағы 180 орынға арналған мектеп, Семей қаласындағы М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж үшін спортзал жапсаржайының құрылысы; республикалық бюджет есебінен: Үржар ауданы Қарқол ауылындағы 600 орынға арналған мектеп, Семей қаласының Холодный ключ кентіндегі 400 орынға арналған мектеп, Семей қаласындағы 320 орынға арналған бала бақша.



Денсаулық сақтау объектілерінің құрылысына 2009 жылы 3192,5 млн.теңге бөлінді, соның ішінде республикалық бюджеттен -3171,3 млн.теңге, облыстық бюджеттен – 21,2 млн.теңге. 5 денсаулық сақтау объектісінің құрылысы жалғастырылуда, 2 денсаулық сақтау объектісіне ЖСҚ әзірленуде. Ағымдағы жылы 3 денсаулық сақтау объектісі бойынша ЖСҚ әзірлеу жоспарланып отыр.

2 денсаулық сақтау объектісін: Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылындағы 100 адамды қабылдайтын емханасы бар 75 төсектік аудандық аурухананы және Тарбағатай ауданы Ақжар ауылындағы 50 төсекке арналған туберкулезге қарсы аурухананы пайдалануға беру көзделіп отыр.



Әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін дамытуға облыстық бюджеттен 2009 жылы 4,4 млн.теңге бөлінді. Көрсетілген қаржыға әлеуметтік қамсыздандырудың 4 объектісі бойынша ЖСҚ әзірлеу көзделуде, соның ішінде: Глубокое ауданындағы Зимовьево интернат-үйі ғимаратының құрылысына, Семей қаласындағы «Қарт және жалпы топтағы мүгедек адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекеме» мемлекеттік мекемесінің гаражын қайта жаңғыртуға, Зырян ауданы Серебрянск қаласындағы медициналық-әлеуметтік мекеме оқшаулағышының құрылысына, Ұлан ауданы Бозанбай ауылындағы бұрынғы аурухананың бөлме-жайларын 80 төсек орынға арналған жүйке ауруларының медициналық-әлеуметтік мекемесі ретінде қайта жаңғыртуға.

Мәдени объектілерді дамытуға 34 957 мың теңге сомасында қаржы бөлінді.

Мына мәдени объектілерінің: Шығыс Қазақстан облысының мұражай ғимаратын қайта жаңғырту және Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайының жәдігерлер залдары мен қоржайларына технологиялық жабдықтар құру және Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайының желдету және ауасына жел айдау жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.



Дене шынықтыру және спорт объектілерін дамытуға облыстық бюджеттен 718 917,4 мың теңге сомасында қаржы бөлінді. Ағымдағы жылы «Восток» стадионын қайта жаңғырту жұмыстары және Семей қаласындағы спорттық сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды. Өскемен қаласындағы хоккей модулінің құрылысына ЖСҚ әзірленуде, Зырян ауданының Жаңа Бұқтырма кентіндегі спорт лагерін қайта жаңғыртуға, Үржар, Тарбағатай, Ұлан аудандарында 3 спорт модульдерінің құрылыстарына ЖСҚ әзірленуде.

Ішкі істер органының объектілерін дамытуға облыстық бюджеттен 132 941 мың теңге бөлінді. Өскемен қаласының Ленин даңғылы бойындағы 73/1-үйге 4-ші қабат сала отырып, негізгі ғимаратты қайтадан жаңғырту және жапсаржай салу жұмыстары жүргізілуде. Зырян және Семей қалаларындағы 2 уақытша ұстау оқшаулағыштарының құрылыстарына ЖСҚ әзірлеу аяқталуға жақын.

Ауыл шаруашылқ объектілерін дамытуға облыстық бюджеттен 300 мың теңге бөлінді. Аталған қаржыға Тарбағатай ауданы Қандысу өзеніндегі су қоймасының имаратын қайта жаңғыртуға ЖСҚ әзірленді.

Қоршаған ортаны қорғау объектілерін дамытуға 2009 жылы облыстық бюджеттен 182,255,7 мың теңге бөлінді. Ағымдағы жылы бөлінген қаржыға қоршаған ортаны қорғаудың 9 объектісі бойынша ЖСҚ әзірлеуді аяқтау, Зырян ауданы Серебрянск қаласындағы және Көкпекті ауданы Самар ауылындағы тазарту имараттарын қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтау, Семей қаласындағы ағынды суларды тазарту имараттарының жабдықтарын кешенді сынау және іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге облыстық бюджеттен 23 513 мың теңге сомасындағы қаржы Өскемен қаласындағы тазарту имараттарын дамытуға ТЭН әзірлеуге және Ұлан ауданындағы «Бәйтерек» балаларды сауықтыру кешенінің құрылысына ТЭН әзірлеуге бөлінді.

Тұрғындарды, объектілер мен аумақтарды табиғи және апатты жағдайлардан инженерлік қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізу бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен 19 696,5 мың теңге сомасындағы қаржы Үржар ауданы Қабанбай ауылы маңындағы Алакөл көлінің тынысжай аумағының жағалауын бекіту бойынша ЖСҚ әзірлеуді аяқтауға бөлінді.

Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен Өскемен, Семей және Зырян қалаларында жалға берілетін тұрғын үй құрылыстары үшін 594 000 мың теңге сомасында қаржы қарастырылған. Республикалық бюджеттен Өскемен және Семей қалаларында кредиттік тұрғын үйлерді салуға және сатып алуға 1 123 000 мың теңге сомасында кредит бөлінді. Республикалық бюджет қаражатының есебінен 1 198 000 мың теңге сомасындағы қаржы Өскемен, Семей қалалары мен Зайсан ауданының инженерлік-коммуникациялық инфррақұрылымдарын дамытуға және жайластыруға бөлінді.



Республикалық бюджеттен Жол картасы бағдарламасының шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және елді мекендерді абаттандыруға нысаналы трансферттер 371 300 мың теңге сомасында бөлінді, соның ішінде ШҚО Көкпекті ауданы Көкпекті ауылындағы канализациялық желілері мен тазарту имараттарының құрылысына және ШҚО Өскемен қаласының 16-тұрғын үй ауданына ауданнан тыс инженерлік желілер салуға.
Каталог: kaz -> files
files -> 200. Сәйкестік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты
files -> 100. Тиімділік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты
files -> Шілікті ауылдық округінде 011 жылдың айында атқарылған жұмыстар туралы Шілікті ауылдық округінің әкімі өз жұмысын Қазақстан Республкасының «Қазақстан Республкасындағы жергілікті мемлекеттік басқару»
files -> Шілікті ауыл округі бойынша жылы і-ші жартыжылдықта атқарылған жұмыстар
files -> Акиму Восточно-Казахстанской
files -> 902. Мәслихаттарға облыстардың, республикалық маңызы бар
files -> «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет