Шығыс Қазақстан облысында жасөспірім полицияға хабарласып, мектепке бомба қойылғанын хабарлаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: krassever.ru

Абоненттік нөмірдің иесі 12 жастағы мектеп оқушысы болып шықты. Оның телефонынан сыныптасы қоңырау шалып, мектепте бомба барын хабарлаған.

  • Ақтөбедегі мектептерде жаппай атыс болатыны хабарланған соң ата-аналар балаларын алып кетті
  • "Мектептерде жаппай атыс болады": Ақтөбеде жасөспірімнің хабарламасынан кейін 50 мыңға жуық бала сабаққа бармады

“Қазіргі уақытта оқушыға қатысты материал кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның қарауына жіберілді”, – делінген хабарламада.

Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін дұрыс орындамаған ата-аналарға әкімшілік айыппұл салынады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде белгісіз біреу мектептерде жаппай атыс болатынын Telegram-арнасы арқылы хабарлаған еді. Ақпаратты ести сала полиция қызметкерлері білім ордаларын бақылауына алды. Ал балаларының қауіпсіздігі үшін алаңдаған ата-аналар оларды мектептен алып кетті. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.