Ұлттық қауіпсіздік комитеті қоғам қауіпсіздігіне төнетін ұйымдасқан қылмыст пен қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

2023 жылы ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп, 15-тен аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті.

Тінту кезінде олардан қару, ақша, есірткі заттары мен олардың құқыққа қайшы әрекеттерінің өзге де заттай дәлелдемелері алынды.

  • "Әке-шешемді ұрып, көлігім мен ақшамды ұрлады": ҰҚК экс-қызметкері бұрынғы әйелі жала жапқанын мәлімдеді

“Жалпы кісі өлтіру, тонау, бопсалау, қарақшылық және басқа ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен 98 адам ұсталып, олардың 40-ы сотталды. Қалғандарына қатысты әлі де сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде”, – деп мәлімдеді ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.