Шұжық және консерві өндірісі


Герметикалау және маркілеу



жүктеу 1.47 Mb.
бет10/11
Дата19.09.2017
өлшемі1.47 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Герметикалау және маркілеу

Қаңылтыр банкаларды жабу. Қаңылтыр банкаларды корпустың шеті мен қақпақтың шетін қиюластыра отырып, ішінде тығыздайтын қоймалжың қабаты бар қос қатар жапсырма тігісімен герметикалайды. Банкаларды жабу үшін жапқыш машиналардың екі түрі қолданылады: жартылай автоматты және автоматты. Екі жағдайда да, банкаларды герметикалайтын машинаның жұмысшы бөлігі, банкалар орналастырылатын төменгі патроннан және төменгі патроннан жоғарыға берілген кезде, банкалардың қақпағы қысылатын жоғарғы патрон мен жапқыштан тұрады. Кейбір жүйеде жабу үрдісі кезінде банкалар қозғалмайды да, жапқыш роликтер банканың айналасында айналып тұрады. Кейбіреуінде банка айналып тұрады, ал роликтер банкалардың айналу бағытына қарағанда қозғалыссыз тұрады. Жартылай автоматты жапқыш машинаның өнімділігі машинаның түріне, жұмысшының тәжірибесіне және банкалардың өлшеміне байланысты; ол минутына 15-30 банканы құрайды. Мұндай машиналарды әртүрлі ассортиментті консервілердің аз партиялы өндірісінде пайдаланады.

Автоматты жапқыш машиналар банкаларды герметикалауға қатысты барлық операцияларды оындайды: банкаларды жапқыш механизмге беру, банкаға қақпақты беру, жабу және банкаларды машина столынан тасымалдағышқа беру. Кейбір машиналар консервілерді вакуумдеуді де қамтамасыз етеді. Автоматты жапқыш машиналардың өнімділігі әртүрлі болуы мүмкін (минутына 100-300 банка).



Банкаларды маркілеу және буып-түю. Банкілерді маркілеу, буып-түю стандарт талаптарына сай келуі шарт. Консервілердің жапсырма қағазында дайындаған кәсіпорынның атауы; мекен-жайы; тауарлық белгісі; консервінің атауы; сорты; салмағы; консервілерге қойылатын техникалық шарттар немесе стандарт нөмірі; сақтау шарты; консервінің құрамы; пайдаланар алдындағы дайындау тәртібі көрсетіледі. Литографиялық этикеткасыз қаңылтыр банкалардың қақпағы мен түбіне консервілердің дайындалған орны мен мерзімін сипаттайтын шартты белгілер басылады. Банкалардың түбіне ведомость индексін әріппен, зауыт нөмірін санмен және дайындалған жылдың соңғы санын штампілейді. Қақпағына кезек (смена) нөмірін, дайындалған уақытын (айы - әріптерді рет-ретімен, З әріпінен басқасын), консервінің ассортиментті нөмірін басады.

Банкілерді ағаш немесе картон жәшіктерге салады. Жәшіктің бір бүйірінде мынадай жазу болуы тиіс: «Құрғақ, әрі қараңғы жерде сақтау қажет». Шыны ыдыстағы консервілер салынған жәшіктерге: «Жоғары қаратып қойыңыз!», «Абайлаңыз – шыны ыдыс! » деген жазулар басылады.


Жылумен өңдеу

Жылумен өңдеудің теориялық негізі. Консерві өндірісінде өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, сақтау кезінде стерилдеу, пастерлеу, тиндализация сияқты жылумен өңдеу тәсілдерін қолданады. Стерилдеу – микроорганизмдердің өмір сүруін баяулату немесе толықтай жою үшін, 100 оС жоғары температураға дейін қыздыра отырып жүргізілетін, консерві өндірісіндегі технологиялық үрдістердің негізгі операцияларының бірі.

Стерилдегенге дейін ет шикізаты, көмекші материалдар мен дәмдеуіштер консервілердің былғануының негізгі қайнар көзі болып табылады. Стерилдеудің мақсаты – сақтау кезінде пайда болатын, соның салдарынан консервілердің бұзылуына әкеліп соғатын, адам денсаулығына қауіп тудыратын (токсиндерді) микроорганизмдерді жою. Етті 134 оС температурада 5 минут аралығында қыздыру кезінде, жылуға төзімді микроорганизмдермен қоса, споралардың барлық түрі жойылады. Бірақта жоғары температураның әсері, өнімнің сапалық және тағамдық құндылығының химиялық өзгеруіне әкеліп соғады. Осыған байланысты ет өнімдерін стерилдеудің неғұрлым кеңінен тараған және шектелген температурасы 134 оС-ден төмен (120 оС аралығында). Дұрыс таңдалған және ғылыми негізделген стерилдеу тәртібі (температура және оның әсерінің ұзақтығы) консервіленетін өнімнің жоғары сапалы болуына кепілдік беруі тиіс. Әйтпесе шамадан тыс жоғары температура, тағамдық ет өнімдерін консервілеу кезінде, олардың тағамдық құндылығының төмендеуіне ікеліп соғады.

Жылумен өңдеу кезінде банкаларды айналдыра отырып, консервілерді стерилизациялау процесін жылдамдатуға болады. Аппараттардың құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты, стерилизациялау кезінде банкалар өзінің көлденең өсі бойымен немесе түбінен қақпағына қарай айналады. Соңғы тәсіл тиімді болып табылады. Ротационды стерилдеу - консервілердің сапасының жақсаруына, өнімнің периферийлі қабатының күйіп кету дәрежесінің төмендеуіне, бактериялардың жылуға төзімділік қасиетінің әлсіреуіне әсер етеді. Ротационды стерилдеу «Бұқтырылған ет», «Гуляш» сияқты ет кесекті консервілеріне тиімді болғанымен, қою консистенциялы (паштеттер) өнімдер өндірісіне жарамайды.

Етті жоғары температурада қыздыру кезінде болатын өзгерістер. Стерилизациялау тәртібі консервілердің сапасын анықтайтын маңызды фактор болып табылады. Өнімге әсер ету сипаты бойынша, 100 оС жоғары температурада жылумен өңдеу процесінде, ылғалды қыздырудың ерекшеліктері сақталады. Бұл кезде етте ерігіш ақуызды заттардың ыдырауы (денатурациясы), дәнекер тіндердегі коллагеннің еруі және пісіп кетуі, майлардың гидролизі мен тотығуы, дәрумендердің (витаминдердің), экстрактивті заттардың құрылымы мен органолептикалық көрсеткіштерінің өзгеруі жүреді.

Жоғары молекулалы азотты заттардың гидролизі. Стерилизация әсерінің негізінде етте ерігіш ақуызды заттардың полипептидтерге дейін ыдырауы жүреді. Бұдан полипептидтердің бір бөлігі төменгі молекулалы азотты негізге дейін гидролизденеді.

Сиыр етін стерилизациялау кезінде, мысалы алмаспайтын аминқышқылдарының еру деңгейі шамамен 11 % құрайды. Ыстыққа неғұрлым сезімтал триптофан, лизин, гистидин, цистин (жойылуы 20 % жоғары), лейцин, метионин, аргинин, треонин және аспаргин қышқылында - 1-4 % жойылады. Етті 120-135 оС температурада 1 сағ 50 мин бойы қыздыру кезінде, екі негізді аминқышқылы 2-2,5 есеге, аргинин - 3,5 есеге төмендейді. Оттегінің қатысуымен көптеген аминқышқылдарының жайылу жылдамдығы өседі, әсіресе құрамында күкірті барлар. Жеке аминқышқылдарының жойылу дәрежесіне, тек қыздыру тәртібі ғана емес, орта реакциясы да әсер етеді. 105 оС температурада 48 сағ аралығында қышқылды гидролизде триптофан толығымен бұзылады, серин мен треониннің мөлшері азаяды.

Стерилизациялау кезінде колланеннің өзгеруі оң рөл атқарады, піскен коллаген жақсы қайнайтындықтан, салқындату кезінде дірілдек (желе) пайда болатын сорпа түзеді. Пайда болған қоректік сорпа суды жақсы байланыстырады. Жылумен өңдеу кезінде коллагеннің ыдырау дәрежесі мен жылдамдығы дәнекер тіндердің ұсақталу дәрежесінің ұлғаюының нәтижесінде бірден жоғарылайды. Бұлшық ет тінінде коллагеннің ыдырауының арқасында өнім неғұрлым «нәзік» бола түседі. Осыған байланысты консерві өндірісінде, дәнекер тінге бай І және ІІ сұрыпты ет кеңінен қолданылады.

Майдың өзгеруі. Стерилизациялау шартында үшглицеридтердің ыдырауы және гидроксил тобындағы май қышқылы радикалдарының қос байланыстарының қанығуы жылдамдайды. Бос май қышқылдарының қатысуы тотығу қосылысының түзілуіне ықпал етеді. Бұл өзгерістің куәсі қышқыл санының өсуі мен йоды және роданды санның азаюы болып табылады. Стерилдеу әсерінен жоғары температурада өңдеу майдың биологиялық құндылығының төмендеуіне әкеліп соғады деуге болады.

Экстрактивті заттардың өзгеруі. Стерилдеу кезінде екі қарама-қарсы процесс орын алады: жоғары молекулалы қосылыстардың ыдырауы нәтижесінде экстрактивті заттардың жиналуы және қыздыру әсерінен олардың мөлшерінің азаюы.

Дәрумендердің өзгеруі. Жалпы дәрумендер қыздыруға төзімсіз болып келеді және олар құрылымы бойынша әртүрлі топтарға жататын болғандықтан, олардың стерилдеу кезінде бұзылуы да әртүрлі болып келеді. Қыздыруға тұрақтылығы төмен С, Д, В1, тиамин, никотин және пантотен қышқылы болып саналады. Стерилденетін өнім мен қыздыруға белгіленген тәртіпке байланысты олардың жойылуы 40-90 % дейін жетеді. Көбінесе, «Бұқтырылғын сиыр еті» консерві өндірісінде В1 дәруменінің жойылуы 56-86% құрайды. Неғұрлым жылуға төзімді дәрумендер А, Е, К, В1.
Консервілерді сақтау және тасымалдау

Жылумен өңделіп болған соң консервілер сұрыпталып, салқындатуға және буып-түюге жіберіледі. Консерві банкаларының бірден-бір жиі кездесетін ақауы майысу (сәл ғана және қатты майысу) болып табылады. Мұндай ақаулар консерві банкаларын автоклавты кәрзеңкелерден қабылдау столына әкеліп төккен кезде пайда болады. Сәл ғана майысқан, герметикалылығын жоғалтпаған банкалар стандартқа жатады және сатуға таратылуға жіберіледі.

Түбі мен қақпағында, басқа да себепті айтарлықтай ақауы бар банкалар сақтауға қабылданбайды және оларды қолдану санитарлық бақылау ұйымдарының рұхсатымен ғана жүзеге асады.

Банкаларды сұрыптағаннан кейін 40о С дейін суда салқындатады да сақтауға жібереді. Банкаларды консервілерді сақтауға арналған арнайы орындарда салқындатады.

Қыс кезінде жылы қоймалардағы температура 2,4о С, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75% аспауы керек. Консервілерді төменгі температурада сақтаудың қажеті жоқ. Себебі ол кезде консервілердің ішіндегі сұйықтық мұзға айналады, бірақ мұз кристалдарының түзілуі, ет консервілерінің тауарлық түрінің немесе консистенциясының нашарлауына әсер етпейді.

Консервілердің барлық түрлері үшін тиімді сақтау температурасы плюс, 0о С жақын (1-2о С). Ауаның ылғалдылығы 75% дейін.

6 кесте.

Консервілердің түрлері



Сақтау мерзімі, жыл

Іші лакталмаған барлық өлшемді қаңылтыр банкаларда

Шыны банкаларда

Құралған

Тұтас жабылған

Бейтарап

Етті, дәндер қосылған етті, макарон өнімдері қосылған, көкеніс қосылған



3


2


3


Қышқылды

Етті және қызанақ құймасы құйылған көкеніс қосылған етті, тұздалған қырыққабат қосылған

Құрамында ысталған өнімдері бар консервілер

1,5
1 дейін


1 (250 г дейін)


1 дейін

2
1 дейін

 Консервілер қараңғы жерде сақталуы керек.

 Консервілерді көп мөлшерде қалыптауға рұхсат етілмейді.


Диеталық және балаларға арналған консерві өндірісінің ерекшеліктері

Диеталық және балаларға арналған консерві өндірісінде қолданылатын арнайы тамақ өнімдерін өндіру кезінде, физиология, биохимия ерекшеліктері және өсіп келе жатқан бала ағзасынында (1 жастан бастап, 16-17 жасқа дейін), сонымен қатар арнайы тамақтануды қажет ететін сырқат адамдардың тамақтану гигиенасына айрықша көңіл бөлінеді.

Балалар тағамына арналған консервілер, оның ішінде ет консервілері арнайы зауыттарда, цехтарда, басқа өндірістерден ауашаланған бөлімшелерде немесе ет комбинаты аумағында жеке тұрған ғимаратта дайындалады. Технологиялық аумақ жоғары санитарлық талаптарға сай болуы қажет.

Шикізатқа қойылатын талаптар. Балаларға арналған тағамдар өндіру үшін сиыр етін, субөнімдерді, шошқа етін, жылқы етін, құс (балапан) етін пайдаланады. Жас балаларды тамақтандыруға арналған консервілерді өндіру үшін қолданылатын ет шикізатының негізгі түрі, өндіріс кешенінде бордақыланған 12-20 айлық тайыншалар болып табылады. Ал субөнімдерден бауыр, тіл, ми пайдаланылады.

Балаларға арналған ет консервілерінің биологиялық құндылығын арттыру үшін, балалардың ас қорыту, зат алмасу процесін жеңілдету үшін ет шикізатына басқа да ақуыздық заттар (майсыздандырылған сүт, пахта, сүт сарысуы, гидролизденген көкеніс ақуызы, соя және жұмыртқа ақуызы және т.б.) қосылады.

Құс еті, әсіресе жас құс еті, толыққанды белок көзі болып табылады және бала ағзасында ақуыздардың жылдам сіңуімен ерекшеленеді. Механикалық сылудан өткен балапан етінің биологиялық құндылығы жоғары болады.

Сіңірсіздендірілген сиыр етіндегі май тінінің мөлшері 5-9 %, ал шошқа етінде 10-15% - аспауы тиіс.



Балаларға арналған ет консервілерінің технологиялық сызбасы


Ет және басқа да шикізатты дайындау



Етті волчокта ұсақтау



Піскілеу


Су қосып эмульгирлеу


Бумен қыздыру және бір сәтке салқындату




Сорпа мен майды қатты фазадан бөліп алу



Сорпаны майсыздандыру

Май

Компоненттерді араластыру (ет, су немесе сорпа, тұз, крахмал, май)








Ірі кесекті

3,0 мм дейін ұсақтау



Пюре тәрізді

1,5 мм дейін ұсақтау



Гамогенделген

200 мкм көп емес дисперсты массаға дейін ұсақтау








Масса деаэрациясы



Консерві массасын 80-85оС дейін қыздыру



Консерві ыдысын толтыру





Ыдыс дайындау, стерилдеу, консервілерді жуу және кептіру, этикетка жапсыру, қорапқа салу, қораптарды штабелдеу


Дайын өнімнің сапасын анықтау. Балаларға арналған консервілерді мынадай көрсеткіштері бойынша зерттейді: құрғақ заттар, май, ас тұзы (әрбір партияда), белок – 10 күнде 1 рет; сынап тұзы мен хлорорганикалық пестицидтер – 4 айда 1 реттен кем емес; қорғасын тұзын –қаңылтыр банкаларды құрау үшін 10 күнде 1 реттен кем емес; қалайы тұзын – қаңылтыр банкаларды қолданған жағдайда консервілерді 6 ай сақтағаннан кейін.

Әрбір дайын болған партияға микробиологиялық бақылау жүргізеді. Анықталатын көрсеткіштер: мезофильді аэробты және факультативті-анаэробты бактериялар (1 г өнімде немесе 1 см2 аумақта 50 микробты денеден көп емес), мезофильді (жіберілмейді), термофильді (ортақ пайдалануға арналған консервілерге қатысты); жартылай фабрикаттар (фрикаделька мен түшпара) мен пайдалануға дайын өнімдер үшін – жалпы бактериалдық көбею 106, патогенді микроорганизмдер мен ішек таяқшаларының бактериялық тобы болмауы қажет.



Субөнімдер

Малды сойғанда алынатын қосымша өнімдер (бас, сирақ, құлақ, кеңірдек, құйырығы, желіні, ет қалдықтары) мен ішкі органдар (тіл, асқазан, талақ, ми, жүрек, бауыр, өкпе, көкбауыр, көмей, жұтқыншақ, бүйрек және т.б.) субөнімдер деп аталады. Субөнімдер құрамы мен қасиетіне байланысты, тағамдық және жемдік мақсаттарға, сонымен қатар медициналық препараттар дайындау үшін де қолданылады. Субөнімдердің тағамдық құндылығы олардың морфологиялық және химиялық құрамына байланысты болады.

Субөнімдер малдың түріне байланысты - сиырдың, қойдың, шошқаның деп, азықтық және техникалық деп, құрылысы мен өңдеу ерекшеліктеріне байланысты - түкті, шырышты, етті-сүйекті, сілекейлі деп, азықтық құндылығына байланысты - І және ІІ- категориялы субөнімдер деп бөлінеді.

Субөнімдер тез бұзылатындықтан оларды тез арада өңдейді. Алғашқы өңдеуде субөнімдерді ластанған жерлерден (қаннан, ішек қарынның ішіндегі заттардан) тазалайды, құндылығы төмен ұлпаларды, май қалдықтарын кесіп алып тастайды. Ал келесі өңдеу әрбір субөнімдердің ерекшеліктеріне байланысты жүргізіледі.

1. Етті-сүйекті субөнімдер - сиырдың басы (тілі мен миы жоқ), сиыр мен қойдың құйырықтары. Қосымша өнімдер цехында бастарды келесі кезекпен өңдейді: ерінін кесіп алады, терісінің қалдықтары мен ластанған жерлерін кесіп алып тастайды, астыңғы жақ сүйегін еттен тазалау, астыңғы жақ сүйегін кесіп алып, қалған ет қалдықтарынан тазалау, бас сүйегін еттен тазалау, басты ұзын бойына екіге бөлу, миды алу, гипофизді алып тастау, гипофизді алдыңғы және артқы бөліктерге бөлу, миды, бас етін және сүйектерді жуу.

2. Етті субөнімдер - тіл, бауыр, жүрек, ет кесінділері, өкпе, өңеш еттері, талақ ми, барлық малдардың таңдайы, шошқа мен сиырдың кеңірдегі, сиырдың желіні.

Етті субөнімдерді өңдеудің жалпы технологиялық жүйесі келесі операциялардан тұрады: су құбырындағы суық сумен жуу (жуғыш барабандарда, душтың астында)  артық ұлпалардан тазалау (қабықшалар, қан жолдары  терінің қалдықтары, май ұлпалары)  суын сорғыту  мұздатқышқа жіберу.

Тіл. Тіл – сыртында сілекейлі қабықшасы бар, етті-бұлшық етті мүше. Тілдер шұжық және консерві дайындау үшін қолданылатын шикізат, жоғары биологиялық құндылығы, жағымды дәмі мен иісі бар.

Алдымен тілді жуады, майлардан тазалайды, тілдің маңайындағы ет пен бездерді кесіп алып тастайды, содан соң таңдайды тілдің маңайындағы еттен бөліп алады. Шұжық және консерві өндірісінде қолданылатын тілдерді пысытқылаудан (бланшировка) кейін, сыртқы дәнекер қабықшасын алып тастайды. Бұл қол еңбегін қажет етеді.



Бауыр. Бауыр - қызыл-қоңыр түсті, тығыз консистенциялы мүше, ол емдік препараттар дайындау үшін жақсы шикізат көзі болып табылады. Тағамдық мақсатта пайдалану үшін, ешқандай патологиялық өзгеріссіз бауырды қабықшадан тазалап, майларын кесіп алады, лимфа және қан тамырларынан ажыратады, содан кейін суық сумен жуады.

Өкпе. Өкпедегі май мен ет қалдықтарын кесіп алып, екі бөлікке бөліп жуады. Әдетте өкпені төменгі сортты тамақ өнімдерін өндіру үшін қолданады, мысалы: ливер шұжықтарын дайындау кезінде.

Жүрек. Жүрек – бұл конус тәрізді бұлшық етті мүше. Тағамдық мақсатта пайдалану үшін, жүректен май мен жүрек қаптарын кесіп алып, ортасынан екіге бөліп жуады. Жүректі технологиясы ұсақ ұнтақтауды қажет етеін ет өнімдері өндірісінде және төменгі сортты шұжық өнімдерін өндіру үшін қолданады.

Бүйрек. Бүйрек – бұл күрең-қоңыр түсті қос мүше. Бүйрек үсті май қабықшасы бүйректің екеуін де толығымен жапқан. Тағамдық мақсаттарға пайдаланған кезде, ірі қара мал мен шошқалардың бүйректерінен май қабаттары мен қабықшаларды кесіп алып тастайды, қан жолдарынан тазалайды. Олардан деликатесті консервілер дайындайды.

Желін. Желін – құрылымы күрделі, ірі паренхиматозды мүше болып табылады.Тағамдық субөнімдер ретінде тек қана ірі қара малдың желіні пайдаланылады. Желіндегі сүтті кетіру үшін, оны бірнеше бөлшектерге бөледі. Желіннен маммитоцин емдік препаратын дайындауға болады.

Ми. Ми екі қабаттан тұрады: ақ және сұр түсті зат. Ет өндірісінде әдетте, ми ливер бұйымдары мен паштеттер дайындау кезінде, фарштың бір компоненті ретінде кіреді. Кейде олардан консервілер дайындайды.

Етті субөнімдер - дұрыс бөлінген, таза мүшелердің өзіне тән иісі және түсі болу керек. Азықтық мақсатта пайдалану үшін дені сау, патологиялық өзгерістері жоқ малдардан алынған субөнімдер жіберіледі.

3. Шырышты субөнімдер - ІҚМ-дың, ұсақ малдардың және шошқалардың асқазандары. Нутровкадан кейін сілекейлі субөнімдердің майларын кесіп алады, ішіндегі заттардан тазалап, айналдырады. Субөнімдерді 65-68оС температурада 6-8 минуттай күйдіреді.

Сілекей қабықтарын қолмен немесе центрифуганың көмегімен алады. Өңдеуден өткен, сілекейлі қосымша өнімдер жақсылап тазаланып жуылған, концистенциясы тығыз, ақшыл - қызғылт, сарғылт немесе ақшыл - сұр түсті болуы керек.

4. Түкті субөнімдер - сиыр мен шошқаның өнімдері, құлақтары мен еріндері, шошқа құйырықтары, шошқа мен қойлардың бастары, сиыр мен шошқалардың аяқтары, шошқа желінінің терісі. Өңдеуден өткен қосымша өнімнің түсі сарғылт немесе сарғылт қоңыр болу керек.

Тағамдық құндылығы бойынша субөнімдерді екі категорияға бөледі:

І-категориялы субөнімдерге - тіл, бауыр, бүйрек, ми, жүрек, еттің кесінділері, барлық малдардың көк еттері, сиыр мен қойлардың құйырықтары, сиырдың желіні жатады.

ІІ-категориялы субөнімдерге - бас (ми мен тілі жоқ), өкпе, барлық малдардың талақтары, құлақтар, сиыр мен шошқаның кеңірдегі, мес қарын, сиыр мен қойдың ұлтабары, сиырдың аяқтары, еріндері, ішектері, шошқалардың аяқтары мен құйырықтары, асқазандары жатады. Барлық субөнімдерді өңдеуден кейін мұздатады. Субөнімдердің шығымы малдың түріне байланысты болады.


Малдың түрі бойынша І-және ІІ-категориялы субөнімнің шығымы

(тірі салмағы бойынша, %).

3 кесте.

І категориялы субөнімдер



Субөнімдердің атаулары

ІҚМ

Салмағы 30кг жоғары шошқа өнімдері

Ұсақ мал

Бауыр

Бүйрек


Тіл

Ет кесінділері

Жүрек

Көк ет


Етті-сүйекті құйрық

Желін


0,98

0,27


0,24

0,42


0,39

0,42


0,16
0,26

1,27

0,23


0,20

0,40


0,26

0,35



1,00

0,22


0,22

0,38


0,45

0,32




ІІ-категориялы субөнімдер



Тазартылған мес қарын

Шошқаның ас қазаны

Өкпе

Тіл мен миы жоқ бас



Талақ

1,33

-

0,66



2,95

0,17


-

0,55


0,30

4,45


0,13

-

-

0,80



3,60

0,20


Каталог: ebook -> umm
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Пән бойынша дәрістердің конспектісі №1 Дәріс Тақырыбы: Кіріспе Дәріс мазмұны
umm -> Пән бойынша глоссарий анимизм
umm -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік униврситеті
umm -> Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umm -> Ќазаќстан республикасы
umm -> Адам құқықтары туылу кезінен пайда болатын тұлғаның ажырағысыз құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары жаратылыс жэне кез келген өзге құқықтың негізгі түсінігі болып табылады
umm -> Қазақстанда құқықтық мемлекет құру азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен байланысты арнайы институттарды одан әрі жетілдіруді талап етеді
umm -> Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі
umm -> Өзіндік бақылауға арналған тест тапсырмалары. 1 тақырып. Тұқымқуалаушылықтың биохимиялық негiздерi


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет