Таразда жол ережесін бұзып, TikTok желісі арқылы полицейлер көзіне түскен азамат ұсталды. Ол мас күйінде тікелей эфирге кіріп, балағат сөздер айтып, көлігін көрсеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет pixabay-дан

Деректерге сай, ол TikTok тікелей эфирінде алкоголь ішіп, көлікті басқарған. Кейін балағат сөздер айтып, алдыңғы мемлекеттік тіркеу нөмірін алып тастап, жол қозғалысы ережелерін бұзған. Мас күйінде қаланы айналып шыққан.

“24 жастағы Mercedes-Benz жүргізушісі бейнебақылау камераларының көмегімен табылды. Оған мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз, сақтандыру полисінсіз автокөлікті басқарғаны үшін, ережелерді бұзып, балағаттағаны үшін әкімшілік хаттамалар жасалды. Автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін тағы бір хаттама жасалды. Өйткені куәландыру жүргізушінің мас күйін растады”, – делінген хабарламада. 

  • "Cтримде 92 жастағы шалмен жарыстым": Қазақстандық әжелер TikTok-тың арқасында қалай табыс тауып жүргендерін айтып берді

  • Қыз зорлады деген күдікпен танымал тиктокер ұсталды

Нәтижесінде ер адам автокөлікті басқару құқығынан 7 жылға айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар оған айыппұл салынып, көлігі мамандандырылған тұраққа қамалды.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.