Шортанды ауданының мемлекеттік архиві шортанды ауданының 2017-2018 жылдарға арналған айтулы және есте қаларлық КҮндерінің



жүктеу 62.99 Kb.
Дата03.04.2019
өлшемі62.99 Kb.

ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ

ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ

2017-2018 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

АЙТУЛЫ ЖӘНЕ ЕСТЕ ҚАЛАРЛЫҚ КҮНДЕРІНІҢ

КҮНТІЗБЕСІ


Ақмола облысының

архивтер мен құжаттамалар басқармамсының ЭПМК хаттамасымен



Келісілген

________________2016 №_________




Ақмола облысының

Шортанды ауданы мемлекеттік

архиві ЭПК хаттамасымен

Келісілген

________________2016 №_________





Шортанды кенті

2016 жыл

2017-2018 жылдарға арналған

айтулы және есте қаларлық күндер
10 шілде 25 жыл (1992) бұрын ауданның мемлекеттік архиві құрылды

__________________________________________

Ақпараттық бюллетень «На службе истории». –Көкшетау, 2010. «Акмолинская правда» № 156, - 2009.


1932(нақты құрылған мерзімі белгісіз) 85 жыл бұрын (1923) «Жолымбет» аймағы құрылды.

___________________________________________

« Акмола» Энциклопедиясы 2009. « Вести» Газеті № 43, 2008.
26 сәуір Кеңес Одағының Батыры – Шишлянников Виктор Ивановичтың туылғанына 95 жыл (1923)

___________________________________________

Альманах № 2 «Акмолинская область. Люди, история, память». Көкшетау, 2008. - с. 37. Газет «Знамя Октября» -1969. - 3 қараша. (Герои Советского Союза – казахстанцы).
16 шілде Социалистік Еңбек Ардагері, Ленин сыйлығының лауреаты профессоры, ғылыми-агроном – Бараев Александр Ивановичтың туғанына 100 жыл (1908)

____________________________________________

Альманах № 2 «Ақмола облысы Люди, история, память». Көкшетау, 2008. - с. 52, Газет «Знамя Октября» -1983. - 16 шілде. Ақмола облысының энциклопедиясы. - с. 172.

1923 (нақты туған жылы белгісіз) Даңқ Орденінің толық кавалеріБелокуров Василий Антоновичтың туылғанына 95 жыл (2018)

_____________________________________________



Белан П. С. «Доблесть солдатская» Алма-Аты. -1974.


10 шілде 25 жыл (1992) бұрын ауданның мемлекеттік архиві құрылды
Шортанды ауданының аумағында Шортанды аудандық әкімшілік басшысының 1992 жылдың 10 шілдедегі шешімімен мемлекеттік архиві құрылды. 2008 жылдан бастап Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының «Шортанды ауданының мемлекеттік мұрағаты» аталады. Бұрын аудан құжаттары Целиноград облысының мемлекеттік архивінің Алексеев ауданындық филиалында сақтауда болған. Мемлекеттік архив мекемелердің, ұйымдардың және барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардың, соның ішінде жойылған және жекешелендірілген мекемелердің құжаттарды сақтау, пайдалану және есепке алуды жүзеге асырады. Аудан мекемелеріне ведомстволық архив бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.

Ақпараттық бюллетень «На службе истории». –Көкшетау, 2010. «Акмолинская правда» № 156, - 2009.




(нақты құрылған мерзімі белгісіз) 85 жыл бұрын (1923) «Жолымбет» аймағы құрылды.

Бұл жер Керей руынан шыққан, осы жерге иелік еткен, өзінің ұлдарымен бірге тұрған үлкен жанұяның отағасы, құрметті ақсақалдың атымен «Жолымбет» деп аталған. Жолымбет ақсақалдың шөбересінің пікірінше атасы 98 ыл өмір сүрген. Осы жерді алғаш зерттеушілер геологиялық есепте қателік жіберген және жаңа жер «Долымбет», кен орыны «Джолымбет» және кент те «Джолымбет» деп аталған, бұлардың бәрі бір жердің атауы болып табылады. Джолымбет кен орынындағы алғашқы жұмыстар 1933 жылы басталған. 1934 жылға қарай Джолымбет өзінің шахталарымен, алғашқы тұрғылықты үйлерімен, мектеп, контор және кадрларымен алтын өндіруші кәсіпорын ретінде құрылып үлгерген. Алғашқы директоры ретінде Бутков тағайындалған. 1938 жылы «Қазалтын» кәсіпорыны, 60 жылдары оның негізгі кен орындарымен комбинат құрылған. Қазіргі уақытты Қазақстандағы ірі кен орындарының бірі болып табылады.

«Ақмола» Энциклопедиясы 2009. «Вести» газеті, № 43, 2008.


26 сәуір Кеңес одағының батыры – Шишлянников Виктор Ивановичтың туылғанына 95 жыл (1923)

2018 жылдың 26 сәуірінде Шишлянников Виктор Ивановичтың туылғанына 95 жыл толатын еді. В.И. Шишлянников Дубовка қаласында (қазіргі – Волгоград облысы) дүниеге келген. 1931 жылы Целиноград облысының Шортанды станциясын көшіп келген, осы жерде мектептің сыгіз сыныбын бітірген. 1938 жылдан бастап Шортанды жиһаз фабрикасында слесарь болып жұмыс істеген. 1942 жылдың мамырында қызыл армияның жұмыс-шаруашылық қызметіне әскерге шақырылып, Ұлы Отан соғысының шебіне жолданған. 1943 жылдың қыркүйегінде аға сержан Виктор Шишлянников Воронеж шебінің 40-шы әскерінің 237-ші атқыштар дивизиясының 691-ші артиллериялық полкінің 1-ші батареясын басқарған. Днепр үшін шайқаста көзге түскен. 1943 жылдың қыркүйегінде Шишлянников Днепр арқылы өтіп, Украин КСР-нің Киев облысының Гребень ауылы маңындағы бір жарым шақырымдағы орман массивіне еніп, жаудың екіге жуық жаяу ротасының көзін жойған. Шишлянниковтың әрекеті жау әскерінің полк қапталынан өтіп кетуі қаупін жоюға көмектескен. 1943 жылдың 24 желтоқсанында КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарғысымен аға сержант Виктор Шишлянников Ленин орденімен және «Алтын жұлдыз» («Золотая Звезда») медалімен марапатталып, Кеңес Одығы Батырының жоғарғы атағына ие болған. Соғыс аяқталғаннан кейін Шишлянников әскер қатарындағы қызметін одан ары қарай жалғастырған. Пенза артиллериялық училищесінің жеделдетілген курсын аяқтады. 1954 жылдың 30 маусымында кенеттен қайтыс болды. Қызыл жұлдыз («Красная звезда») орденімен және басқа да ордендермен марапатталған.

Шортанды кентінде В.И.Шишлянниковтың құрметіне көшенің атауы берілген, жиһаз фабрикасының ғимаратында ескерткіш тақта орнатылған.

16 шілде Социалистік еңбек ардагері, Ленин

сыйлығының лауреаты, ғалым-агроном, профессор – Александр Иванович Бараевтың туылғанына (1908) 110 жыл толады.
Социалистік еңбек ардагері, Ленин сыйлығының лауреаты, ғалым-агроном, профессор – Александр Иванович Бараев туылғанына (1908) 110 жыл толады. Александр Иванович Бараев 1908 жылы шаруа отбасында дүниеге келген, Самара губерниясында тұрған. 1925 жылы орта мектепі бітірген соң комсомол аудандық комиссиясының жолдамасымен Куйбышев ауылшаруашылық институтына оқуға жолданған. 1930-1949 жылдары Куйбышев ауылшаруашылық-экономика институтында жұмыс істеген.

Тың жерлерді игеру алдында 1953 жылы А.И. Бараев Алматы қаласының Қазақ ғылыми-зертеу институтының директоры болып тағайындалған, сонда тың жерлерді игеру бойынша зерттеу ұйымдастырған.


1957 жылы тың жерлерді игеру орталығы Целиноград облысының Шортанды кентінде астық шаруашылық институты құрылды, оны А.И. Бараев басқарды.

Оның басқаруымен және институт ғалымдары ұжымының тікелей қатысуымен топырақтың құнарлылығын сақтап қалуға және өнімділік дақылдарын еселеуге әсерін тигізген егіншіліктің топырақ қорғау жүйесі дайындалды. Целиноград облысы Шортанды ауданының ауыл-шаруашылық ғылыми зерттеу институтының Бүіклкеңестік Еңбектің қызыл жалауы орденінің 30 жыл тұрақты директоры, 1985 жылы институтқа аты берілді, осы жерде оның құрметіне Научный кентінде көше атауы бар.


Альманах № 2 «Акмола облысы. Люди, история, память». Көкшетау, 2008. - с. 52, Газет «Знамя Октября» -1983. - 16 шілде. Ақмола облысының энциклопедиясы. - с. 172


(нақты туылған күні белгісіз) Даңқ орденінің толық кавалері - Белокуров Василий Анатольевичтің туғанына (1923) 95 жыл
Белокуров Василий Анатольевич 1923 жылы Целиноград облысы Шортанды ауданы Гуляй-Поле ауылында жұмысшы отбасында дүниеге келген. Колхозда тракторист болып жұмыс істеген. 1942 жылдан бастап Қызыл армия қатарына алынған. Ұлы Отан соғысының майдан шебіне 1942 жылдың тамызынан бастап қатысқан. 1944 жылдың 3 сәуірінде Констанция елді-мекенінде (Тернополь облысы) болған шайқаста старшина Белокуров жауынгерлерді шабуылға бастап 10-нан астам гитлершілерді жойған. 1944 жылдың 20 сәуірінде Даңқтың 3 дәрежелі орденімен марапатталған. Осовцы елді-мекенін (Тернополь облысы Бучачский ауданы) босату кезінде автоматпен жаудың 10 әскерінің көзін жойған, шайқас алаңынан жараланған офицерді алып шыққан, көрсеткен батылдығы үшін Даңқтың 2 дәрежелі орденімен марапатталған. Сол құрамда (1-ші Украиналық фронт) 1944 жылдың 23-24 шілдесінде Белокуров Галич қаласының (Ивано-Франковск облысы) маңында Днестр өзенін алғашқылардың бірі болып өтіп, оң жақ жағалау позициясын басып алып, ұстап тұрған. Жаудың шабуылын тойтарумен қатар, жаудың тірідей күшіне және әскери техникасына айтарлықтай шығын келтірген. 10 фашисттің көзін жойған. 1945 жылдың 24 наурызында Даңқтың 1 дәрежелі орденімен марапатталған.

1944 жылдың 10 қыркүйегінде шайқаста ерлікпен қаза тапқан. Краковск првинциясының Санок қаласының (Польша) оңтүстік-шығысына қарай 1 шақырым жерде жерленген.



Белан П. С. «Доблесть солдатская»

Алма-Аты. -1974.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет