Сиыр сүтінің биологиялық құндылығы



бет1/6
Дата02.01.2018
өлшемі1.6 Mb.
#12626
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6


Сиыр сүтінің биологиялық құндылығы

Қазіргі заман физиология, биология, медицина және молекулалық биология ғылымдарының даму беталысы сиыр уыз сүті құрамында тек ас қорытуды, зат алмасуды жақсартатын май, белок, витамин, минерал зат, гормон, фермент қатарлы тағамдық заттар болумен бірге аса бағалы "организмді реттегіш" компоненттер, иммунитетті факторлар мен өсу факторлар, қорғаныс заттар, яғни түрлі биологиялық активті функционалды фракциялар мөлшері жоғары болғандықтан өсіп-жетілуді тездету, асқазан-ішек жолдарының қабілетін жақсарту, иммунитеттік реттеуді күшейту, қартаюды кешеуілдету, көп түрлі ауру тудырғыш бактерияларды тежеу, тіпті өспе ісіктерінің алдын алу қатарлы бір қатар физиологиялық қасиетке ие екендігін дәлелдеді. Бұл сиыр уыз сүтін емдік-профилактикалық бағытта функционалды тағамдар өндіру үшін пайдаланудағы орнын көрсетіп берді.

Сиыр сүтінің функционалды компоненттері ерекше, толығымен белоктық заттар. Уыз сүт белогы казеин мен сарысу белогынан тұрады. Жаңа сауылған уыз сүт құрамындағы белок мөлшері жәй сүтпен салыстырғанда 4-5 есе көп. Сондықтан уыз сүт шикізаты белок мөлшері жоғары сапалы тамақ өнімдер өндіруге қолдануға тиімді.

Сүт бөліп шығару сағат санының артуына ілесіп уыз сүт құрамындағы жалпы белок пен казеиннің мөлшері төмендейді, бірақ казеиннің жалпы белокта иелейтін салыстырмасы артады.

2, 24, 48, 72 сағаттарда сауылған 100 г уыз сүт құрамында 17 түрлі амин
қышқылдардың жалпы мөлшері 19,38 г, 6,17 г, 4,48 г және 4,23 г. Бұл жәй
сүттегі 2,83 г-нан жеке-жеке 6,85, 2,18, 1,58, және 1,50 есе жоғары. Оның
құрамындағы ауыстыруға келмейтін амин қышқылдар - валин, изолейцн,
треонин, фенилаланиннің мөлшері жоғары.

Сиыр сүт белогының химиялық құрамы жәй сүт белогының химиялық құрамынан көп парықты. Олар β-лактаалбулин (β-Lg), -лактоглобулин (-Lа), иммуноглобулин (Lg), лактаферрин (Lf), пероксидаза (Lр), лизоцим (Lz), сералбумин (BSA), тітіркендіргіш өсу факторлары, витамин В12 біріктіргіш белогы және пропиозорептон қатарлы биологиялық активті заттардың мөлшері жағынан ерекше парықты.

Сиыр сүтінен жаңа өнім дайындаудың алғашқы кезеңінде Вышемирский Ф. А және Абросимова С. В (Ресей) өздерінің зерттеу жұмысында жиналған уыз сүттен сүт кілегей шикізатын өңдеп шығарды. Уыз сүтті центрифугадан өткізіп, май мен уыз көк сүтін бөліп, төмен температурада кептіру технологиясы көмегімен уыз көк сүт ұнтағы жасалады. Осы ұнтақты қайтадан май шикізатына (18-29%) қосу, төмен температурада пастеризациялау (t=70-75 °С, τ =10-15 мин) арқылы қоректік құндылығы жоғары уыз сүтінің май шикізатын жасап шығарып патент алды. Бұл әдістің негізгі мақсаты - уыз сүт шикізатының компоненттерін толығымен керекке жарату.

Жақынғы бірнеше жылдан бері дәуір талабына сай уыз сүтінен дайындалған функционалды тағамдардың көптеген түрі жарыққа шықты. Бұл тағамдардың балалар мен ересек адамдар организмнің үздіксіз өсетін қажеттеріне, әсіресе иммунитеттік қабілетін арыттыру және өсуді тездету, кәрілікті сипаттайтын физиологиялық және биохимиялық процестердің даму қарқынын едәуір кідірту, егде жасқа жеткен созылмалы аурулардан және алмасу процесіндегі әртүрлі ауытқулардан зардап шегетін кісілердің жекелеген алмасу түрлерінің тепе-теңдігін сақтау және тіршілік қызметі процесінде жұмсалған энергияның орнын толтыру үшін аса пайдалы диеталық және емдеу-сауықтыру мақсатындағы тағам екендігін дәлелдеді.

Тиімді әрі толық құнды тағам мәселесін шешуге сарысу белоктары зор маңыз атқарады. Сиыр бұзаулағаннан кейін 3 сағат аралығында сауылған уыз сүттегі сарысу белогының мөлшері 72 сағат өткен кезде сауылған уыз сүттен 6 есе көп, бұл жәй сүттегі мөлшерден 18 есе жоғары. Сүт өнеркәсібі дамыған елдерде сиыр уыз сүтінен белоктық шикізатар, консервілік тағамдар және сусындардың түр-түрі шығарылуда. Қазір сиыр уыз сүтінен емдік-профилактикалық функционалды тағамдар дайындауда сарысу белоктары пайдалынады. Уыз сүт сарысу белоктарын айыру үшін өңдеудің заманогөй мембранды әдіс - ултрафильтрация технологиясы қолданып, сүт өнімдері мен тағамдарға байытқыш ретінде пайдаланады. Сарысу белоктарын айыру үшін жиналған уыз сүт, көк сүт және сарысу шикізат етіп қолданылады.

Мембранды әдіспен сарысу белоктарын қойылтуға және сүт фракцияларын айыруға, түрлі дәрежеге бөлуге болады. Сарысудан айырып алынған белоктар қоректік құндылығы жоғары ауыспайтын амин қышқылдарына бай. Өйткені құрамындағы күкіртті амин қышқылдар мөлшері жоғары. Бөліп алынған сарысу белоктарының тұтқырлығы мен ылғалдылығы төмен, ұйынды түзу қасиеті жақсы, эмульсиялану рөлі және көпіршу қабілеті жоғары болғандықтан өзгергіштік дәрежесі төмен, жақсы эмульсиясы есептеледі. Сарысу белоктары қышқылды жағдайда ерігіш келеді, қышқылды сусындар мен нан өнімдері немесе белокты өнімдерге қосып көп түрлі тағам әзірлеуге болады.

Уыз көк сүтін ультрафильтрациядан пайдаланып бөліп алған сарысу
белогын төмен температурада құрғату арқылы диеталық тағам немесе шикізат шығарылады.

Сүт құрамындағы иммуноглобулин ең маңызды активті заттардың бірі саналады. Уыз сүттен LgG мөлшері әртүрлі өнімдер алу жәй сүттен айыруға қарағанда жұмсалатын уақыт пен қаражат көп үнемделеді.

Сиыр сүт құрамында -лактоальбумин мөлшері 1,0% -1,6, биологиялық құндылығы жоғары сарысу альбумині. Екі сағат арлығында сауылған уыз сүтте 48 сағат аралығында сауылған сүттен 3 есе, жәй сүттегі мөлшерден 4 есе көп. -Lа жалпы өнім мөлшері 1-8 күн аралығында тұрақты болады.

а-Lа кальций біріктіргіш белок, ол 1:1 мол қатынаспен кальциймен бірігеді. Са2+-дан басқа Мg+, Со2+, Zn2+ сияқты екі валентті иондарды біріктіре алатын, әрі галактоза мен глюкозадан сүт қантын түзуге қажетті арнаулы белок. Оның жылуға сезімталдығынан пайдаланып кальций мөлшері төмен жағдайда 50-60°С қыздырып, рН 3,8-4,2 кезде центрифуга апараты көмегімен бөліп алуға болады. Бөліп алынған лактальбуминнен альбумин сүзбесі жасалады. Одан ақ ірімшік, паста, тағы басқа сүт-белокты өнімдер өндіреді. Ол балалар қоректік тағамында триптофан мен цистин мөлшерінің төмен болу проблемасын шешуге пайдалынады.

β-Lg сарысу белогының негізгі фракциясы есептеледі. 3 сағатта сауылған уыз сүті құрамында жәй сүттегі мөлшерден 10 есе көп. Ол организмдегі фосфордың алмасуымен байланысты белок, β-Lg S. typhimurium, S. enteritidis, Yersinia enterocolitiса, Klebsiella oxytoса және Е. соlі қатарлы ауру тудыратын микроорганизмдер мен ішек кілегей қабығындағы мықын ішек глюкопротеин фракцияларын сіміргіштік рөлін тежейді.

Серальбумин (ВSА) қан сарысуынан келеді. 3 сағат аралығында сауылған уыз сүтте мөлшері жәй сүттегіден 18 есе көп.

Лактаферин (Lf) мен трансферин (Tf) уыз сүт құрамындағы басты гликопротеин. Уыз сүті Lf-нің қайнар көзі есептеледі. 3 сағат кезде сауылған уыз сүтте 1.5-5.0 мг/мл, жәй сүтте 0.02-0.35 мг/мл, яғни 9-153 есе көп. Зерттеулер лактаферрин құрамындағы амин қышқылдардың азықтық белок қоры екендігін, онда бактерияға қарсы тұру, темірді біріктіру, тасымалдау, қорытылуы мен сіңірілуі және биологиялық пайдалануды арттыру, сондай-ақ организм ішек жол бактерияларын жақсарту, иммунитетті реттеу, тотығуға қарсы тұру, рак ауруына қарсы тұру қатарлы физиологиялық рөлі барлығы анықтады. Шет елдерде нәрестелер мен балалар құрғақ сүт консервілеріне лактаферрин қосу ерте жүзеге асқан. Әйелдер мен нәрестелер тағамына қосу арқылы оларда көп кездесетін темір кемшіл болу жагдайын жақсартуға болады. АҚШ-та сүттен бөліп алынған лактаферринді спорттық және функционалды тағамдарға қосуға рұқсат етілсе, Япония мен Кореяда функционалды тағам ретінде пайдалануға рұқсат етіледі. Қазір лактаферрин сүт өнімдеріне қосуда кең көлемде пайдалынады. Мысалы, айран, әсіресе нәрестелер мен балаларға арналған құрғақ сүт консерві өнімдеріне көп пайдалынады. Қытайда нәрестелер мен балалар құрғақ сүт консервілі өнімдеріне 0.3-1 мг/г қосу белгіленген.

Пероксидаза (Lр) сүтте сақталатын гемоглобулин. Сиыр сүті құрамындағы ең маңызды фермент. Уыз сүттегі мөлшері 11- 45 мг/мл, жәй сүтте 13-30мг/мл. Жылуға төзімді, тек 80 °С жоғары температурада белсенділігі әлсірейді, бірақ белсенділігін қайта қалпына келтіру қасиеті бар.

Лизоцим (Lz) сиыр уыз сүт пен жәй сүттегі мөлшері 0.14-0.7 мг/л және 0.07-0.6 мг/л. Ол глюкопротеиндерге жатады, көмірсу қосылыстарының мөлшері 1,5-17,3%аралығында.

Сиыр уыз сүт майында күйіс қайтаратын мал майларына тән ортақ қасиет бар, ондағы май қышқылдарының түрлері кәдімгі майлармен салыстырғанда әлде қайда көп. Бұл сиыр тазқарнының микроорганизмдерді биологиялық синтездеуімен тығыз байланысты.

Сиыр сүтіндегі майдың мөлшері жәй сүтпен салыстырғанда 23,5% жоғары. Оның құрамында май қышқылының 60 неше түрі бар екендігі анықталды. Бұлардың ішінде төмен молекулалы суда ерігіш май қышқылының мөлшері жоғары болғандықтан, уыз сүті организмге тез сіңетін, әрі ерекше хош иіс пен дәмділік қасиет бар. Холестрин мен фосфолипид жалпы май мөлшерінің 0,5% және 1,0% құрайды.

Сиыр сүті тағамдық белоктың негізгі көзі. Оны өңдеуден алынатын өнімдердің амин қышқыл құрамының жоғары және жұғымсыз заттарының аз болуына байланысты бүкіл элемдік қызығушылық ешқашан бәсеңдеген емес, қайта күннен-күнге арта түсуде.

Қазір «New Life» (АҚШ), «Неаltheries» (Жаңа Зеландия) фирмасы, «ТЕRUN» (Қытай), Австралия және Финляндия қатарлы елдер сиыр уыз сүт функционалды тағамдарын дайындайды. Олардың ассортименті 100-ден асады. Формалары ұнтақ, капсул, таблетка, сироп және сусын түрінде шығарады.

Қазақстанның Алматы, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының Шымкент сүт ЖСШ сүт өнімдерінен жаңадан бөлініп алынған, сүт қышқылы бактериялары мен ашытқы саңырауқұлақтары зерттеу нысаны ретінде қолданылды.

Сүт қышқылы бактериялары мен ашытқы саңырауқұлақтардың жаңа штамдары мынадай нысандардан бөлініп алынған:


  • сиыр, түйе және ешкі сүті;

  • үй жағдайында даярланған айран;

  • қымыз;

  • шұбат.


1.3.3 Анализдеу әдісін таңдау

Өсіп шыққан сүт қышқылы бактерияларының шоғырлары микроскоппен зерттелді. Одан соң ішінде зарарсыздандырылған сұйық қоректік орта бар пробиркаға (гидролизденген сүт, МRS ортасы) егілді. Пробиркаларда 30 және 37°С температурада 24 сағат бойына өсіріп алып, одан кейін зерттеулерге қолданылды.

Бөлініп алынған бактериялар мен ашытқы саңырауқұлақтардың морфологиялық, физиологиялық және биохимиялық қасиеттерін зерттеу жәнеолардың қандай түрлерге жататындығын анықтау. Микроорганизмдердің культуралдық, морфологиялық ерекшеліктерін зерттеу, жалпы бұл салада қолданылып жүрген әдістер бойынша жүргізілді

Микроорганизмдердің морфологиялық ерекшеліктері бір-екі тәуліктік өсірілген культуралардан зерттелді. Олардың ішінен Синева - түр өзгешеліктері арқылы Грам бойынша бекітілген препараттар даярланды. Сонымен қатар, олардың шоғырларының консистенциясы, өсу сипаты, шамасы, пішіні және түсі зерттелді. Осы шыққан шоғырлар жәй көзбен және лупа көмегімен саналды. Морфологиялық өзгерістері жарық бергіш микроскоптармен - Ахіоsкор 40 бақыланды.

Сүт қышқылы бактериялары мен физиологиялық және биохимиялық қасиеттері ас тұзына, қолайлы температураға төзімділігі, қыздырғаннан соңғы тіршілікке қабілеті, көмірсуларын ашыту және хош иісті заттарды түзушілік қабілеті, қышқыл түзушілік қуаты, сүтті ұйыту уақыты, аргининнен аммиакты түзуі, метилен көгінің сүтті өзгертуге қатынасы, глюкозадан СО2 түзу, диацетил түзу қабілеті жалпы қолданылып жүрген әдістермен бағаланды.

Қышқылдығы 0,1 N NaОН-пен титрлеу арқылы тексеріп, Тернер градусы арқылы өлшенді.

Культуралар пробиркаға құйылған майсыздандырылған сүтте, олардың әрқайсысына тән температуралық жүйеде өсірілді. Бактериялар титрі залалсыздандырылған түтік суында бір ізді бір қатар сұйылту тәсілімен, оларды агарлы қоректік ортада сеуіп, содан соң өскен шоғырларды санау арқылы анықталды.

Тиісті бір температурада, зарарсыздандырылған сүтке зерттелетін штамның бір түйірін немесе 18 сағат өсірілген ашытқыны қосады. Сүтті өте абайлап араластырады да, осы культураға тән температурада термостатта қоюланғанша ұстайды. Бұдан соң қоюланудың ұзақтық мерзімін белгілейді де, 1-2 сағаттай бөлме температурасында ұстайды. Бұдан кейін +3 - +5 °С температурада тоңазытқышқа орналастырады. Келесі күні оның дәміне, иісіне және консистенциясына, қоюлану сипатына дегустациялау тәсілін қолдана отырып сағалылығын белгілейді.



  • Ашытқылар құрамын анықтау. Ол үшін ашытқыны тиісті сұйылтулардан өткізіп, гидролизденген сүті бар агар құйылып қатырылған Петри табақшасына сеуіп, одан кейін қолайлы температурада термостатта 3-5 тәулік өсіріп, микроскоптау арқылы тексерілді.

Культуралардың хош иіс түзуін сапалық реакция арқылы анықтайды. Ацетоин түзілуін сілтілік үлгімен белгіледік. Ақ түсті фарфор пластинкасына культуралардың екі тамшысы тамызылды, оған 40%-дық КОН ертіндісі және 0,04% креатин ертіндісі қосылып, жақсылап араластырылады. 20-25 минут бойына қызғылт түс пайда болуы қадағаланып белгіленді. Түзілген хош иісті заттардың мөлшерін бояудың шапшаңдығы мен қарқындылығына қарап өлшедік.

Диацетилді А.Г.Гриневичтің әдісі бойынша анықтадық. Зерттелетін культураларды қиғаштай қатырылған қоректік агарға төмендегі құрамда септік: гидролизденген сүт – 1000 мл, лимонды қышқыл калий – 10 г, глюкоза – 10 г, агар - 25г, рН - 6,8-7,0 қиғаштап жасалған агар қосылған сүт гидролизатқа себілген культуралар 30 °С термостатта 24 сағаттай ұстадықта, содан соң реактивтердің қоспасын: 5мл 20%-дық тұзды қышқыл гидроксил амин және 2мл 10%-дық хлор никельдің 1 мл-ін қостық. Реактивтерді қолданар алдында жасадық. Пробиркаларды термостатта 2-4 сағаттай көлбетілген күйінде орналастырдық. Диацетилдің реакциясын никельдің диметилглиоксимасының қызыл түсті кристалдарының пайда болуы арқылы анықтадық. Түзілген диацетилдің мөлшерін бояудың қарқындылық дәрежесіне қарай шамамен көрсеттік.

Бактериялар мен ашытқы саңырауқұлақтардың антагонистік белсенділігін агардың диффузиясына қарай зерттедік. Тест-культуралар ретінде Грам теріс бактериялар - Escherichia coli, Salmonella dublin, Грам оң бактериялар - Bacillus vubtilis, Staphylococcus aureus, Sarcina flava, Mycobacterium rubrum, Mycobacterium citreum қолданылды. Тест-культуралар әр түрге арналған құрамы қолайлы ЕПА, Гаузе II орталарында өсірілді.

Балқытылған, одан соң салқындатылған қоректік ортаға 0,1мл суспензиясы қосылып, жақсылап араластырылғаннан соң, Петри табақшасына құйылды. Қатқан қоректік ортадан агарды дөңгелектеп кесіп, шұңқырлар жасайды, оған ерттелетін микроорганизмдердің бір тәулікте өсірілген культуралары қосылып, 24 сағаттай уақытқа термостатта ұсталды. Бір тәуліктен соң сүт қышқылы бактерияларының тест-культуралдарының өсуі тежелген аймақтары анықталды.

Тәжірибені күн сайын 28°С және 37 °С үш тәулік бойына бақылап отырдық. Ең күшті белсенділікті анықтау мақсатында әртүрлі қоректік орталарда өсіру арқылы сүт қышқылы бактерияларына ең қолайлы жағдай таңдап жасалды (гидролизденген сүт және МRS ортасы).

Антибиотиктік тұрақтылығын зерутеу үшін, стрептомициннің,


левомицитиннің, ампицилиннің, бензилпеницилиннің, эритромициннің,
ванкомициннің, гентамициннің, тетрациклиннің стандарт ертіндісімен
қанықтырылған стандарттық индикаторлар дискісі деп аталатын бұрыннан
қолданылып жүрген әдіс пайдаланылды. Тәжірибеде суспензия күйіндегі торшалардың 1 мл-дей (бактериялық лайлық стандарты) мөлшерінде, бір Петри табақшасына бір мл суспензия болатындай етіп, қолайлы температурада өсірілген бір тәуліктік культуралары қолданылды. Зерттелетін сүт қышқылы бактериялар культуралары себілген табақшалардағы қоректік ортаның бетіне антибиотиктері бар дискілер орналастырылды. Өсіру 28°С және 37 °С үш тәулік бойына жүргізілді. Сүт қышқылы бактерияларының антибиотиктерге сезімталдығы өсуді тежейтін аймақ өлшемімен анықталды.

Амин қышқылдарын, ауыр металдарды, песгицидтерді, микотоксиндерді, микробиологиялық қауіпсіздіктерді көрсететін және Е, С, В1, В2 дәрумендерді анықтау үшін колондық, жоғары әсерлі сұйықтық хроматографиялық, флуориметрлік және титрометрлік әдістер қолданылды. Зерттеу «Қазақтың тағам академиясының» қызметкерлерімен бірлесе отырып жүргізілді.

Ашытқыларды таңдағанда қышқыл түзушілік белсенділік (қоюланудың ұзақтық мерзімі), қышқыл түзудің қуаттылығы (қою массаның титрлеу қышқылдығы, ГОСТ 3624 бойынша), массаның ылғал жоғалтқыштығы (5минут бойынша 10см3 ыдыраған қою массаның бөлшектену фактісі 1000-ға тең болатын центрифугалау әдісін қолданудан алынған қою массаның көлемі), сүт қышқылы бактерияларының саны (ГОСТ 10.444-11), дәмдік сапасы (өнімді ашытып, салқындатып, сол күйінде біраз ұстау) бақылау көрсеткіштері ретінде алынды.

Нақты, нанымды нәтижелерді алу үшін, тәжірибелер 3-5 қайталамамен жасалды.



1.3.4 Зерттеу нәтижелері және оның анализі

Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан алынған сүттің микроорганизмдермен тұқымдануы, қауіпсіздік мониторингісі.

Қоршаған ортаның жағдайының нашарлауы және онымен байланысты тағамдық заттардың жоғары деңгейде сапасының нашарлауы, халықтың денсаулығына аса қауіпті жағдай туғызуы ықтимал. Бұндайда ең бастысы аймақтық бір жердің шеңберінен шықпайтын экожүйенің бүліну дәрежесін ғылыми дәлелдермен негізделуі. Сонымен бірге экосферадағы қазіргі кездегі жүйелерде заттардың қайталап орын ауыстыру үрдісін зерттеу жөнінен анық түсінік болуы тиіс.

Бұл ауыл шыруашылығы өндірісі мен оларды өңдеу саласында ғылыми зерттеулердің ең қажетті, маңызды міндеті болып саналады.

Сүт тағамдарының қолайлылығы және пайдалылығымен анықталатын негізгі факторларға аймақтық ерекшеліктер, ұлттық дәстүрлер, әр топтағы халықтың тамақтану өзгешеліктері жатады. Бұндай жағдайда сүт және сүт өнімдерінің сапасына ерекше талап қойылады, өйткені санитарлық гигиеналық ережелер бұзылғанда, бұл өнімдер кейбір жұқпалы аурулардың создырғышы болып саналатын микроорганизмдердің дамуына қолайлы жағдай туғызады.

Сүт және сүт тағамдарының микробтармен ластануына байланысты, адамдардың зиянды бактериялардың әсерінен пайда болатын тағамдармен улануы, аса үлкен қауіп төндіріп отыр. Сүт және сүт тағамдары үлгілерінің иісті нормаға сай емес микробиологиялық көрсеткіштері 2001 жылы 12,8% (1995-13,9%), балалар тағамдарының өнімдері - 7,5% (1993 - 8,5%) болды.

Сүт және сүт тағамдарына микроорганизмдердің ену жағдайлары мен олдарын тек фермалар мен сүт зауыттарынан ғана емес, сонымен қатар ластанудың басқада, атмосфералық ауа, топырақ, су, мал азықтарынан да іздестіріп зерттеу керек. Бұндайда микробтардан ғана емес, химиялық заттармен де зақымдалатынын ескеру керек.

Сүт өнеркәсібінің шикі заты ретінде сапалы болуы, оның бастапқы қасиетгері толық сақталуына байланысты. Сонда ғана ондағы өнімдердің құрам бөліктері толығымен өңделеді. Сүт және сүт тағамдар өнімдерінің экологиялық тазалығы, қоршаған орта мен экожүйенің жалпы жағдайына байланысты және оған тәуелді болады.

Қарастырылып отырылған мәселенің өзектілігі Оңтүстік Қазақстан шысындағы «Ынтымақ», «Серікбай», шикі зат өндірілетін аймақтардың ауылшылықтарынан алынған сүттің қауіпсіздік жағдайының нәтижелерін анықтап сараптап, қорытудың қажеттігі туындады.

Сүт және сүт өнімдеріндегі ауыр металдардың, пестицидтердің мико- және токсиндердің, антибиотиктердің мөлшерін сүттегі микроорганизмдерді зерттеу үшін, көрсетілген шаруашылықтардағы сиыр және түйе сүттерінің үлгісін таңдап алып, «Қазақтың тағам академиясында» тексердік (кестелер 1, 2, 3, 4).




Көрсеткіштердің аты

СанЭпи бойынша, рұқсат етілген шек

Шаруашылық сүт үлгілері

«Ынтымақ»

«Серікбай»

Органолептикалық:










Иісі және дәмі

Сүтке тән, бөгде иіссіз және дәмсіз

Сүтке тән, бөгде иіссіз және дәмсіз

Сүтке тән, бөгде иіссіз және дәмсіз

Уытты элементтер, мг/кг:










- қорғасын

0,1

0,07

0,075

-күшән

0,05

0,03

0,03

- кадмий

0,03

0,01

0,01

- сынап

0,005

0

0

-мыс

1,0

0,55

0,6

- мырыш

5,0

2,3

2,1

Пестицидтер, мг/кг










ГХЦГ(, β, γ -изомерлері)

0,05

0

0

ДДТ және олардың метаболиттері

0,05

0

0

Микотоксиндер, мг/кг

0,0005

0

0

Афлатоксин М1

0,0005

0

0

Антибиотиктер, ед/г:










Левомицитин

Рұқсат етілмейді

Табылған жоқ

Табылған жоқ

Пенициллин

Рұқсат етілмейді

Табылған жоқ

Табылған жоқ

Стрептомицин

Рұқсат етілмейді

Табылған жоқ

Табылған жоқ

Тетрадиклиндік топтар

Рұқсат етілмейді

Табылған жоқ

Табылған жоқ

Микробиологиялық:










КМАФАнМ, КТБ / см' (г)

3,0 х 105

2,5 x 104

2,5 х 104

Патогенді, сальмо-неллалар, см3 (г)

25,0 рұқсат етілмейді

Табылған жоқ

Табылған жоқ

ІТБТ (колиформдар)

0,1 рұқсат етілмейді

Табылған жоқ

Табылған жоқ
1,2,3-кесте «Ынтымақ» және «Серікбай» шаруашылықтарындағы түйе сүтінің қауіпсіздік көрсеткіштері

4 кесте - «Ынтымақ» және «Серікбай» шаруашылықтарындағы сиыр сүтінің қауіпсіздік көрсеткіштері




Көрсеткіштердің аты

СанЭпи бойынша, рұқсат етілген шек

Шаруашылық сүт үлгілері

«Ынтымақ»

«Серікбай»

Органолептикалық:










Иісі және дәмі

Сүтке тән, бөгде иіссіз және дәмсіз

Сүтке тән, бөгде иіссіз және дәмсіз

Сүтке тән, бөгде иіссіз және дәмсіз

Уытты элементтер, мг/кг:










- қорғасын

0,1

0,08

0,07

-күшән

0,05

0,025

0,03

- кадмий

0,03

0,01

0,015

- сынап

0,005

0

0

-мыс

1,0

0,7

0,6

- мырыш

5,0

1,5

2,0

Пестицидтер, мг/кг










ГХЦГ(, β, γ -изомерлері)

0,05

0

0

ДДТ және олардың метаболиттері

0,05

0

0

Микотоксиндер, мг/кг

0,0005

0

0

Афлатоксин М1

0,0005

0

0

Антибиотиктер, бір/г:










Левомицитин

Рұқсат етілмейді

Табылған жоқ

Табылған жоқ

Пенициллин

Рұқсат етілмейді

Табылған жоқ

Табылған жоқ

Стрептомицин

Рұқсат етілмейді

Табылған жоқ

Табылған жоқ

Тетрадиклиндік топтар

Рұқсат етілмейді

Табылған жоқ

Табылған жоқ

Микробиологиялық:










КМАФАнМ, КТБ / см' (г)

3,0 х 105

2,5 x 104

2,5 х 104

Патогенді, сальмо-неллалар, см3 (г)

25,0 рұқсат етілмейді

Табылған жоқ

Табылған жоқ

ІТБТ (колиформдар)

0,1 рұқсат етілмейді

Табылған жоқ

Табылған жоқ

Органолептикалық сипатына қарағанда түйе және сиыр сүттерінде бөтен иіс және дәм болмады, ал пестицидтер, микотоксиндер, афлотоксиндер және антибиотиктер сүтте табылмады, микробиологиялық көрсеткіштері рұқсат етілген шегінен артық емес. Ауыр металдардың мөлшері рұқсат етілген мөлшерден аспайтыны тексерілді.

Шикі сүт өндіру «Серікбай» Сырдария және «Ынтымақ» Отырар аудандарының шаруашылықтарынан жиналған үлгілердің микробиологиялық сипатын анықтау барысында ол жердің топырағынан, суынан, мал азығынан, сиыр және түйе сүттерінен, қыс-көктем және жаз бен күз айларында небәрі 96 үлгі тандап алынып тексерілді. Таңдап алынған сынамалардан, әртүрлі таксономиялық топтарға жататын микроорганизмдердің 250 культурасы бөлініп алынды.

Морфологиялық көрсеткіштеріне қарай (шоғырдың сыртқы пішіні, мицелийдің болуы) микроорганизмдердің жалпы санынан 110 (44%) штамдар бактерияларға, 90 (36%) штамдар - мицелийлі саңырауқұлақтарға, 35 (14%) штамдар - ашытқы саңырауқұлақтарға және 15 (6%) штамдар актиномицеттерге жатаныны анықталды.

Бактериялар мен ашытқы саңырауқұлақтар штамдарының көпшілігі топырақ, су және шикі сүт, ал мицелийлі саңырауқұлақтар мен актиномицеттер мал азығы және топырақ үлгілерінен бөлініп алынды. Микроорганизмдердің саны мен сапалық құрамын тексеру үшін, сұйық және қатты қоректік орталар қолданылды. Содан соң таза культуралар бөлініп алынды.

Шикі сүт өндіру өңіріндегі «Ақсай», «Адал» кешендеріндегі микроорганизмдердің жалпы санын зерттегенде, қыс-көктем, кезінде топырақ, су, мал азығы және шикі сүт сынамаларынан 9 үлгі алынып, тексерілді. Таңдап жиналған үлгілерінен әртүрлі таксономиялық топтарға жататын микроорганизмдердің небәрі 15 культуралары бөлініп алынды.

Микроорганизмдердің жалпы санының ішінен морфологиялық көрсеткіші жағынан (шоғырлардың сыртқы түрі, мицелийдің болуы т.б.) 5 (50%) штамдар бактерияларға, 7 (18%) штамдар саңырауқұлақтарға, 34 (22,7%) штамдар ашытқы саңырауқұлақтарға және 4 (9,3%) штамдар актиномицеттерге жатқызылды.

Шикі сүт өндіру «Отырар» ауданының шаруашылығынан алынған үлгілердің микробиологиялық сипатын анықтау кезінде зерттеуге алынған 20 үлгілерінен әртүрлі таксономиялық топтарға жататын 25 микроорганизм культурасы бөлініп алынды.

Микроорганизмдердің жалпы санының ішінен морфологиялық көрсеткіштері бойынша (шоғырлардың сыртқы түрі, мицелий болуы және т.б.) 47 (37,6%) штамдар саңырауқұлақтарға, 26 (20,8%) штамдар бактерияларға, 35 (28%) ашытқы саңырауқұлақтарға және 17 (13,6%) актиномицеттерге жатқызылды.

Бактериялар мен ашытқы саңырауқұлақтар штамдарының көпшілігі мал азығы, су және шикі сүттен, ал саңырауқұлақтар мен актиномицеттер топырақ үлгілерінен бөлініп алынды. Микроорганизмдердің саны мен сапалық құрамы, сұйық және қатты орталарда, әр мөлшерде сұйылту және «Sartorius» фирмасы жасап шығарған мембраналық жылдам әдістерімен анықталды. Бұдан соң олардан таза культуралар алынды.

Біздің ұсынған мәліметтерімізден тіпті санитарлық жағдайы жақсы сүттердің өзі таза, зарарсыздандырылған болмайтыны анықталды ««Ынтымақ» және «Бірлестік» сияқты шикі зат өндіретін аймақтың сүті мен мал азығын тексергенде, патогенді микроорганизмдер кездеспейтіні анықталды.

Жиналған мәліметтер балалар тағамына және ауруды алдын-алу мақсатында пайдалану үшін «Ынтымақ» және «Бірлестік» шикі зат аймағы шаруашылықтарынан өндірілетін сүтті пайдалануға болатынын дәлелдеді.

Сүт өнімдерінен сүт қышқылы бактериялары және ашытқы саңырауқұлақтарды бөліп алу және олардың қасиетін зерттеу.

Сүт қышқылы бактерияларының антибиотикті заттарды түзетін және бөгде микроорганизмдерге бактерицидтік, бактериостатикалық, пробиотиктік әсер егу қасиетіне қарай тағам өнеркәсібінде кеңінен қолданылады.

Бұл жағынан алып қарағанда жаңадан штамдар бөліп алу, бұрыннан барларын және сүт биотехнологиясында қолданылып жүрген сүт қышқылы бактерияларын сақтау және осы бактерияларды негізге ала отырып, ашытқыларды және биопрепараттарды сапалы қышқыл сүт өнімдерін даярлау жұмыстары едәуір қызығушылық көрсетіп отыр.

Жұмысымыздың келесі кезеңі Қазақстанның шикі зат өндіру аймақтарында, үй жағдайында даярланған сүт және қышқыл сүт өнімдерінен бөлініп алынған сүт кышқылы бактерияларын анықтау мен зерттеуге арналды.

Сүт қышқылы бактериялары мен ашытқы саңырауқұлақтарының 56 культураларының ұқсастық, бірдейлік көрсеткіштері анықталды.



Сүт қышқылы бактериялар мен ашытқы саңырауқұлақтардың сұрыптап алынған штамдарының морфологиялық, культуралдық және физиологиялық, биохимиялық қасиеттері зерттеліп, алынған көрсеткіштердегі барлық штамдар түр және түр тармағына дейін ажыратылды. Сүт қышқылы бактерияларының бөлініп алынған культураларының зерттелген белгілерін бұдан әрі қарай сипаттау, ыңғайлы болуы үшін, олардың түрлік аттары және культуралардың штамдық белгілері 5-кестеде келтірілген.
5 кесте - Әртүрлі аймақтардың сүттерінен бөлініп алынған микроорганизмдер штамдары

Штамдардьщ аттары

Бөліп алу көзі

Аймақтар

1

2

3

Lactococcus туысы







Lc. Lactis subsp. Lactis К-8

Қымыз

Алматы облысы

Lc. Lactis subsp. Lactis БТ-5

Қымыз

Алматы облысы

Lc. Lactis subsp. Lactis КоМ-2

Ешкі сүті

Алматы облысы

Lc. Lactis subsp. Lactis Ш-4

Шұбат

Алматы облысы

Lc. Lactis subsp. Lactis ТТ-4

Қымыз

Алматы облысы

Lc. Lactis subsp. Lactis ТС-26

Қымыз

Алматы облысы

Lc. Lactis subsp. Lactis КК-7

Айран

Алматы облысы

Lc. Lactis subsp. Lactis МР-7

Сиыр сүті

Алматы облысы

Lc. Lactis subsp. Lactis ГР-7

Айран

Алматы облысы

Lc. Lactis subsp. Lactis БК-3

Қымыз

ОҚО

Lc. Lactis subsp. Lactis ЖИ-9

Айран

ОҚО

Lc. Lactis subsp. Lactis ШС-10

Айран

Қызылорда облысы

Lc. Lactis subsp. Lactis СП-3

Қымыз

Қызылорда облысы

Lc. Lactis subsp. Lactis ЧС-11

Сиыр сүті

Қызылорда облысы

Lc. Lactis subsp. Lactis Ж-3

Сиыр сүті

Қызылорда облысы

Lc. Lactis subsp. Lactis ТМ-5

Сиыр сүті

Қызылорда облысы

Lc. Lactis subsp. Lactis ГЖ-3

Түйе сүті

Қызылорда облысы

Lc. Lactis subsp. Lactis Д-11

Сиыр сүті

ОҚО

Lc. Lactis subsp. Lactis У-4

Қымыз

ОҚО

Lactobacillus туысы







Lb. acidophilus ЕБ-23

Шұбат

Алматы облысы

Lb. acidophilus АБ-18

Қымыз

Алматы облысы

Lb. acidophilus Б-52

Айран

Алматы облысы

Lb. acidophilus СМ-2

Сиыр сүті

Алматы облысы

Lb. acidophilus М-3

Сиыр сүті

Алматы облысы

Lb. acidophilus ТЮ-7

Айран

Алматы облысы

Lb. acidophilus АР-2

Айран

Алматы облысы

Lb. acidophilus ББ-15

Айран

Қызылорда облысы

Lb. acidophilus Б-7

Қымыз

Қызылорда облысы

Lb. acidophilus АС-5

Айран

Қызылорда облысы

Лактококкалардың небәрі 21 культурасы бөлініп алынды: бұлардың 15-і қышқыл сүт тағамдарынан, 7-і сүттен, лактобацилдердің 30 культураларының 123-і қышқыл сүт тағамдарынан, 7-і сүттен және ашытқы саңырауқүлақтардың бес культуралары қымыз бен шұбаттан бөлініп алынды. Сонымен сүт және сүт тағамдарынан, көбінесе лактобацилдер түрінен Lb. acidophilus, лактококкалардан Lc. lactis subsp. Lactis түрлері бөлініп алынды. Культуралардың морфологиялық белгілерін зерттеу үдерісі кезінде, біз тексерген культуралардың жасушалары қозғалмайтынын, споралары болмайтынын және Грам бойынша оңға боялатынын анықтадық. Міне осы белгілеріне қарағанда бұлар сүт қышқылы бактериялары тобының кәдімгі өкілдері болатынына көз жеткіздік. Жасушалардың пішіні - майда таяқша немесе шар тәрізді, агрегациясы жекеленген, жуан немесе әртүрлі ұзындықта моншақтала тізбектелгендігін негізге ала отырып, біз бөлініп алынған штамдарды: Lactococcus және Lactobacillus туыстарына жатқыздық.

Лактококкалардың морфологиялық, культуралдық, физиологиялық және биохимиялық қасиеттері бөлініп алынған штамдардың жасушалар пішіні - шар тәрізді, олар жұпталып орналасқан, бірақ олар 2-4 жасушадан тұратын қысқа тізбекше түзеді. Таяқшалар шамасы 0,5-1,5 мкм. Барлық жасушалар Грам бойынша оңға 1 боялған, қозғалмайды. Спора түзбейді.

Гидролизденген сүтте, MRS сорпасында 24-48 сағат өсіргенде барлық штамдар қаулап өскені, культуралдық орта бірқалыпты лайланғаны және пробирка түбіне тұнбаға түскені анықталды.

Агарланған қоректік ортада өскенде, беттік шоғырларының пішіні дөңгелек, шеттері тегіс, беті жазық, ақ түсті болды. Сүт қышқылы коккаларының түптік шоғырлары, жасымық пішінді ақ немесе күңгірт түсті. Қиғаштала қатырылған агарда жартылай мөлдір жіңішке сызықша тәрізді, ал сүтте өсіргенде барлық ^штамдар қышқыл сүт иісі бар қою болып ұйыған. Сонымен морфологиялық және культуралдық белгілеріне қарағанда барлық штамдар, спора түзбейтін, Грам оң, факультативті - анаэроб коккаларға жатқызылды.

Бөлініп алынған бактериялардың туыстарға тиістілігіне қарай ажыратқанда, олар сілтілік орта жағдайына төзімді, яғни метилен көгіне, ас тұзының әртүрлі мөлшеріне, аргининнен аммиак түзілуіне немқұрайлы бейімділік көрсетеді.

Барлық культуралар глюкозадан газ түзбейді. Осы белгілеріне қарап олар гомоферментативті бактериялар тобына жатқызылды. Аргининді ыдырату тестісіне қарап сүт қышқылы лактококкаларын Lactococcus lactis subsр. lactis (аргининнен аммиак түзеді) және Lactococcus lactis subsp. cremoris (аргининнен аммиак түзбейді) деп екі түрге бөледі.

Бөлініп алынған культуралардың жетеуі Lc. lactis subsp. lactis Ш-4, Lc. lactis subsp. lactis ЖИ-9, Lc.lactis subsp. lactis TT-4, Lc. lactis subsp. lactis C-12, Lc. lactis subsp. cremoris Ж-3, Lc. lactis subsp. cremoris Д-11 басқада рН 8,3 және 9,2 дейгейінде өсе алады (кесте 6).

Кейбір Lc. lactis subsp. lactis K-8 және Lc. lactis subsp. lactis ШС-10 штамдары рН 9,6-да өсуге қабілеті бар екенін көрсетті. Қалған штамдар сілтілі ортаның ең соңғы көрсеткішіне дейін (9,6) өсе алмайтыны белгілі болды. Осы қасиетіне қарай олар энтерококк туысынан ерекшеленеді.

Бөлініп алынған культураларды температураға төзімділігін зерттеу Lc. lactis subsp. lactis K0M-2, Lc. lactis subsp. lactis TC-26, Lc. lactis subsp. lactis KK-7, Lc. lactis subsp. cremoris Ж-3 басқалары +60 °С ыстықта, 30 минут қыздырғанға төзімді болса, температура +65 С болғанда тіршілігін тоқтатады.

Барлық зерттелген штамдар, кұрамында 4,5% ас тұзы бар қоректік ортада жақсы өсті. Бұлардың ішінде Lc. lactis subsp. lactis K0M-2, ас тұзының 4,5% мөлшерінде өспейді. Ал ас тұзы концентрациясы 6% болғанда көптеген штамдар қырылып қалды. Негізінен осындай жағдайда қымыз бен айраннан бөлініп алынған штамдар тіршілік етті.

Бұл сүт қышқылы бактериялар жөнінен ғалымдардың пікірлерінде қайшылықтар бар. Кейбір ғалымдар сүт қышқылы бактериялары, әсіресе лактококкалар ас тұзының 6% мөлшерінде өсуі мүмкін еместігін қолдаса, басқалары сүт қышқылы бактерияларының ішінде ас тұзының көрсетілген мөлшерінде өсу қабілеті болатынын құптайды.

Лактококалардың барлық штамдары 0,1% мөлшері бар метилен көгін тотықсыздандыра алады, ал көпшілігі бұл бояу 0,3%-да болғанының өзінде белсенділік көрсете алады. Аргининді ыдырату тестісінің нәтижесі (басқа белгілерімен қоса қарағанда) сүт қышқылы коккаларын екі түрге: Lc. lactis subsp. lactis және Lc.lactis subsp. cremoris ажыратуға мүмкіндік берді.
6 кесте - Лактококкалар штамдарының физиологиялық жэне биохимиялық 2 қасиеттері


Облыстар

Штамдар

Орталарда өсуі, құрамында, %

рН ортасында өсуі


Темпе-ратура-ға төзімді, 0С



Аргининнен NH3 түзуі

Глюкозадан СО2 түзуі

NaCl


Сүттегі метилен көгі

4,5

6,5

0,1

0,3

8,3

9,2

9,6

60

65


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

Алматы

Lc.lactis subsp. lactis K-8

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

-

Lc.lactis subsp. lactis БT-5

+

-

+

+

+

+

-

+

+

+

-

Lc.lactis subsp. Lactis K0M-2

-

-

+

±

+

+

-

-

-

+

-

Lc.lactis subsp. lactis Ш-4

+

+

+

-

+

-

-

+

+

+

-

Lc. lactis subsp. lactis TT-4

+

-

+

-

+

-

-

+

-

+

-

Lc.lactis subsp. lactis TC-26

++

+

+

±

+

+

-

-

-

+

-

Lc. lactis subsp. lactis KK-7

+

+

+

-

+

+

-

-

-

+

-

Lc. lactis subsp. lactis MP-7

+

-

+

-

+

+

-

+

-

+

-

Қызылорда

Lc.lactis subsp. lactis ШC-10

+

-

+

+

+

+

+

+

-

+

-

Lc.lactis subsp. lactis CП-3

+

+

+

-

+

+

-

+

-

+

-

Lc.lactis subsp. сremoris ЧС-11

+

+

+

+

+

+

-

+

+

-

-

Lc.lactis subsp. cremoris Ж-3

+

-

-

-

+

-

-

-

-

-

-

Lc.lactis subsp. cremoris ГЖ-31

+

-

+

-

+

+

-

+

-

-

-

ОҚО

Lc.lactis subsp. cremoris TM-5

+

-

±

+

+

+

-

+

-

-

-

Lc.lactis subsp. lactis БK-3

+

-

+

+

+

+

-

+

-

+

-

Lc.lactis subsp. lactis MШ-23

+

-

+

±

+

-

-

+

-

+

-

Lc.lactis subsp lactis ЖИ-9

+

-

+

-

+

-

-

+

-

+

-

Lc.lactis subsp lactis C-12

+

-

±

+

+

-

-

+

+

+

-

Lc.lactis subsp.сremoris Д-11

-

-

+

-

+

-

-

+

+

-

-

Лактококкалардың сүт қышқылын түзушілігі олардың негізгі қасиеті болып саналады. Бұл белгі практикалық тұрғыдан өте маңызды. Культуралардың қышқыл түзушілік белсенділігі қышқылды титрлеуі арқылы анықталды. Қышқыл түзу шегі 43 Т°-ден 122 Т°, ал қышқыл жиналуының ең соңғы шегі 78 Т°-ден 240 Т°. Сүтті ұйыту ұзақтығы 8-ден 18 сағаттай (кесте 7).

Қышқыл түзушілік қуаты тиісінше 98 Т°, 112 Т°, 114 Т° және 90 Т°-ге сай болғанда Lc.lactis subsp. lactis БK-3, Lc. lactis subsp. cremoris У-4, Lc. lactis subsp. cremoris TM-5, Lc.lactis subsp. lactis КК-7 культурадар сүтті 8-9 сағатта қоюландыра алады.

Егерде сүттің қоюлануының шапшаңдығы мен қышқыл түзушілік қуатының көрсеткіштері тым жоғары болған сайын культуралардың бағалылығы арта түседі. Lc.lactis subsp. lactis К-8 культурасының қышқыл түзуі өте күшті болғандықтан сүтті қышқылдандырушы факторлар ретінде қолдануға мүмкіндік болады.

Барлық тексерілген культуралар маннитті, сорбитті, дульцитті ашыта алмайды. Тек қана Lc.lactis subsp. lactis К-8 маннитті ашыта алады. Арабанозаны Lc.lactis subsp. lactis Ш-4, Lc.lactis subsp. lactis ТТ-4, , Lc.lactis subsp. cremoris У-4 штамдарынан басқа штамдардың барлығы бірдей ашыта алады. Біздің жинаған деректеріміз, басқа зерттеушілер баяндаған культуралардың түрлік көрсеткіштеріне сай келеді.

Қышқыл түзушілік қуаты өте жоғары барлық штамдар лактоза немесе раффинозаны, ал кейде олар басқада бірнеше қанттарды ашытуға қабілеті бар. Қышқыл түзушіліктің артуы бұл штамдардың осындай қасиеттеріне негізделуі мүмкін. Қышқыл түзушілік қуаты төмен штамдар тек глюкоза мен галактозадан басқа кейбір күрделі қанттарды да толығырақ ыдыратып, соның нәтижесінде, олардың қышқыл түзушілік қабілетінің артуына мүмкіндік туғызады.


7 кесте – Лактококкалардың физиологиялық және биохимиялық қасиеттері.

Штамдар


Қышқыл түзушілік қуаты, Т0

Қышқыл түзу шегі, Т0

Сүтті ұйыту ұзақтығы, сағат

Глюкоза

Галактоза

Сахароза

Лактоза

Mальтоза

Раффиноза

Рамноза

Арабиноза

Манниит

Сорбит

Дульцит

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Lc.lactis , subsp. lactis K-8

82

140

10

+

+

+

+

+

-

-

+

+

-

-

Lc.lactis subsp. lactis БT-5

72

131

18

+

-

+

+

+

-

-

+

-

-

-

Lc.lactis subsp. lactis БK-3

98

146

8

+

-

+

+

+

-

-

+

-

-

-

1 Lc.lactis subsp. lactis ШС-10

44

89

16

+

-

+

+

+

-

-

+

-

-

-

Lc.lactis subsp. lactis MШ-23

90

197

12

+

-

+

+

+

-

-

+

-

-

-

Lc.lactis subsp. lactis СП-3

84

190

12

+

-

+

+

-

-

-

+

-

-

-

Lc. lactis subsp. lactis KoM-2

76

188

11

+

+

+

+

-

+

-

+

-

-

-

Lc.lactis subsp. lactis Ш-4

82

210

12

+

+

+

+

-

+

-

-

-

-

-

Lc.lactis subsp. lactis ЖИ-9

67

120

18

+

+

+

+

-

+

-

+

-

-

-

Lc.lactis subsp. lactis I TT-4

102

221

10

+

-

+

+

+

+

-

-

-

-

-

Lc.lactis subsp. lactis С-12

71

133

12

+

-

+

+

+

-

+

+

-

-

-

Lc.lactis subsp. lactis I TC-26

63

130

10

+

-

+

+

-

-

+

+

-

-

-

Lc.lactis subsp. lactis KK-7

90

195

9

+

-

+

+

-

-

+

±

-

-

-

Lc.lactis subsp. lactis MP-7

65

155

12

+

-

+

+

-

+

+

+

-

-

-

Lc.lactis subsp. lactic ГР-7

73

165

12

+

-

+

+

+

-

-

+

-

-

-

Lc. lactis subsp. cremoris ЧС-ll

43

78

18

+

+

+

+

-

±

-

±

-

-

-

Lc. lactis subsp. сremoris ГЖ-31

61

110

14

+

+

+

+

+

+

-

±

-

-

-

Lc.lactis subsp. сremoris Ж-3

62

140

12

+

+

+

+

-

+

-

+

-

-

-

Lc. lactis subsp.сremоris Д-11

67

147

10

+

+

+

+

+

-

-

+

-

-

-

Lc. lactis subsp. cremo-ris У-4

122

238

8

+

+

+

+

+

-

-

-

-

-

-

Lc.lactis subsp. сremoris TM-5

114

230

8

+

-

+

+

+

-

-

+

-

-

-



Каталог: kopilka
kopilka -> Сабақтың тақырыбы:: § 41. Тынысалудың маңызы. Тыныс алу мүшелері Сабатың мақсаты: : Білімділік
kopilka -> Бородин А. П. Две стороны личности: композитор и ученый-химик
kopilka -> Краеведческая
kopilka -> Тема: Императрица Елизавета Петровна
kopilka -> Сборник текстов на казахском, русском, английском языках для формирования навыков по видам речевой деятельности обучающихся уровней среднего образования
kopilka -> Методическая разработка урока-дискуссии «Семейное чтение романа Анны Гавальда «35 кило надежды»
kopilka -> Сабақтың тақырыбы: Географияны зерттеу нысандары Мұғалімнің аты-жөні: Күні: сынып: 7
kopilka -> 1. Өсімдіктердің қай мүшесінде мынадай ұлпалар кездеседі: қабықша


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет