Сиырдың пірі Зеңгібаба. Мүшелдік жыл санауда сиыр екінші жыл



Дата13.05.2022
өлшемі97.74 Kb.
#173858
Байланысты:
СӨЖ 1
П5, П4

СӨЖ 1
Ірі қара шаруашылығы – мал шаруашылығының өнімді көп беретін саласы. Ірі қараның арғы тегі ертеде Еуразия құрлығының далалы, орманды-далалы өңірінде таралған жабайы тур. Ол бұдан 7–10 мың жыл бұрын Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолға үйретілген. Ірі тұлғалы, денесінің биіктігі 2 м шамасында, мүйізі алға қарай бағытталып, ұзын болып келеді. Ерте кездерде көп аулағандықтан, турлар саны азайып, ХVІІ ғасырдың басында біржола жойылып кеткен.

 

Сиыр – сүтқоректілер класының жұптұяқтылар отрядына жататын күдір тұқымдастар өкілі. Қазіргі кезде дүние жүзінде сиырдың 250-ге жуық әр түрлі қолтұқымдары өсіріледі.



 

Сиырдың еті, сүті және терісі басқа да өнімдері күнделікті тұрмысымызда қажетімізді өтеп келеді. «Сиыр – бір үйдің асыраушысы» деген сөз бекер айтылмаса керек.

 

Сиырдың пірі – Зеңгібаба. Мүшелдік жыл санауда сиыр – екінші жыл.



Қазақ жерінде сиыр – басқа түліктерден кейін қолға үйретілген мал. Алғаш сиырды Ресеймен көршілес аймақтардан айырбастау тәсілімен әкелген. Ғалымдардың пікірі бойынша, ерте кезде Қазақстанның көптеген аймақтарында жергілікті қазақ сиырларының қолтұқымы өсірілген. Сиырдың етін, сүтін пайдаланған. Қазіргі кезде ірі қара шаруашылығы – еліміздегі мал шаруашылығының ең дамыған саласы.

 

Ірі қарадан алынатын негізгі өнім сүті мен еті болғандықтан, сиырдың қолтұқымдары негізінен 2 бағытта өсірілуде.



 

Етті бағыттағы қолтұқымдар. Бұл бағытта Қазақстанда кеңінен таралған қолтұқымға қазақтың ақбас сиыры жатады. Қолтұқым жергілікті қазақ, қалмақ сиырларын Англиядан әкелінген герефорд бұқаларымен жұптастыру арқылы шығарылған. Түгі қызыл, басы ақ, бүкіл денесінде ақ түсті дақтар бар. Жазда жүні қысқа және біртегіс жалтылдап тұрады. Қыста жүні ұзын, әрі тығыз болып өседі. Бұқаларының салмағы 850–1000 кг, сиырлары 500–550 кг тартады. Күтімі жақсы болса, 1,5 жастағы тайыншаларының салмағы 450– 470 килограмға дейін жетеді. Сиырдың бұл қолтұқымы Батыс Қазақстан өңірінде көбірек өсіріледі.

 

Әулиекөл сиыры да етті бағытта шығарылған сиырдың жаңа қолтұқымы. Бұл Қостанай өңірінде қазақтың ақбас сиырымен шеттен әкелінген шароле, абердин-ангусс сиырларының бұқаларымен жұптастыру арқылы шығарылған. Қолтұқымның өнімділігі қазақтың ақбас сиырынан 15–20 пайыз көп.



 

Ірі қараның етті бағыттағы қолтұқымдары шет елдерде көптеп өсіріледі. Мұндай қолтұқымдарға – абердин-ангусс, герефорд, шортгорн, галловей, шароле, лимузин, санта-гертруда, т.б. жатады.

 

Сүтті бағыттағы қолтұқымдар. Бұл бағытта өсірілетін ірі қара қолтұқымдарынан сүт алу мақсаты көзделеді. Қазақстанда қырдың (даланың) қызыл сиыры, әулиеата, алатау, қарала, симменталь қолтұқымдары өсіріледі.



 

Қазақтың ақбас сиырының бұқасы



Қазақтың ақбас сиыры



Алатау сиырының бұқасы

 

 

Қырдың қызыл сиыры. Қолтұқым XVІІІ ғасырдың соңында Украинаның далалы аймағында (Запорожье өңірінде) шығарылған. Сиырлардан жылына орта есеппен 3 800–4 500 л сүт сауылады. Сүтінің майлылығы 3,6–3,8 пайыз. Жаздың құрғақ ауа райына бейімделген. Қырдың қызыл сиыры Қазақстаннан басқа Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстігінде, Батыс Сібірде таралған.



 

Қазіргі кезде ірі қара қолтұқымдарын асылдандыру шараларына ерекше көңіл бөлінуде. Сұрыптау жұмыстарында басты орын асыл тұқымды бұқаларды таңдап алуға тікелей байланысты. Сондықтан шет елдерде асыл қолтұқымды бұқалар өте қымбат бағаланады.

 

Сиырлардан төлді көп алу үшін ұрықты (ұрықтанған жұмыртқажасушаны) екінші сиырға салу әдісі қолданылады. Ұрығы алынған сиырда қайтадан жұмыртқажасуша жетіліп, оны қолдан ұрықтандыра береді. Осындай әдіспен бір сиырдан жылына 20-ға жуық ұрықтанған жұмыртқажасуша алуға болады. Ірі қараның сұрыптау әдіс арқылы шығарылған қолтұқымдарының сыртқы пішіні біркелкі емес. Мексика селекционерлері биіктігі 80 см, салмағы 120–150 кг тартатын өте кішкене денелі қолтұқым шығарған. Мұндай сиырлар жеке фермерлер үшін тиімді деп есептеледі.



 

Қазір Қазақстанда сиырдың қолтұқымдарын асылдандыру мақсатында игі шаралар қолға алынды. Кубадан әкелінген зебу бұқаларын әулиата сиырларымен жұптастыру арқылы сүтті бағыттағы қолтұқым шығару көзделуде. Зебу бұқаларын қазақтың ақбас сиырларымен ұрықтандыру арқылы етті бағыттағы қолтұқым алу жұмыстары жүргізілуде.



 

Ірі қара малдың өзіне тән ерекшеліктері бар. Сиыр орташа 15–20 жыл жасайды, оның буаздық мерзімі – 285 күн.

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет