Сыныбы: 3 Уақыты



жүктеу 92.7 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі92.7 Kb.


Сыныбы:

3

Уақыты:




Шараның тақырыбы:

Мен өз Отанымның патриотымын!

Құзыреттілікке жеткізетін шараның мақсат-міндеттері:

А) Ақпараттық құзыреттілік

Ә) Коммуникативтік құзыреттілік

Б) Проблеманы шешу құзыреттілік

Оқушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету.

Оқушылардың мемлекеттік нышандарды оқып- үйренуде өзіндік дағды қалыптастырып және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сайысқа қатысушы топтар әр бөлімде берілетін тапсырмалар шешу арқылы оқушылар тапқырлыққа, шапшаңдыққа, шығармашыллыққа үйренеді.


Шараның түрі:

Сайыс

Шараның әдіс-тәсілдері, қолданылатын пед.технологиялар

Отаншылдық, патриоттық, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу.
Ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту.



Пәнаралық байланыс:

Педагогикалық шеберлік , бейнелеу өнері

Оқыту құралдары:

Интерактивті тақта, рәміздер авторларының суреттері, рәміздер суреттері, таңба - белгілер, т. б.



Шараның барысы

Оқытушының қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі Оқушыларды түгендеу,назарларын сабаққа аудару.Мемлекеттік Рәміздеріміз жайлы терең, жан-жақты білуге және Рәміздеріміздің авторлары жайлы , өз білімімізді ой өрісімізді кеңейтеміз. 1-жүргізуші: Ендігі кезекте сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейік.
І кезең «Сәлем – сөздің анасы»
ІІ кезең «Бәйге»
ІІІ кезең «Тарихы терең төлтаңбам»
ІV кезең «Белгі және ұғым»
V кезең «Менің қиялымдағы рәміз»
VІ кезең «Топ басшыларының сайысы»

Әділ қазылар алқасы тағайындалады.




Оқушылардың жинаған ұпайлары хабарланады.
Сұрақ жауап кезеңінде оқушылар берілген сұрақтарға көрсетілген уақыт ішінде жауап беріп, баға алып екінші кезеңге өтуі керек.

Оқушылардың ІІ кезең бойынша жинаған ұпайларын хабарландыру.





1-жүргізуші: ҚР-ның Ата заңының 9-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимні бар»,- делінген.
2-жүргізуші: Сондай-ақ осы заңның 34- бап, 2-тармағында «Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті, »- делінген. Олай болса бүгінгі өткізгелі отырған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» атты ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер.
1-жүргізуші: Бүгінгі сабағымызға сынып оқушылары 3 топқа бөлініп сайыса отырып, өз білімдері мен өнерін ортаға салуға келіп отыр.
2-жүргізуші: Бүгінгі сайыс сабаққа қатысқалы отырған оқушылардың білімдеріне баға беріп, төрелік жасайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1-жүргізуші: Кез-келген мемлекет өз Елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбатты, туымен тұғырлы болады дейміз. Олай болса осы 3 негізгі рәміздер атындағы топтардың сәлемдесу, танысу кезеңіне сөз берейік.
1-жүргізуші: Енді оқушылардың рәміздер туралы білімдерін көрсететін «Бәйге»кезеңіне кезек берейік.
2-жүргізуші: Талапты бала
Талпынған құстай.
Құмары қанбас
Аспанға ұшпай.
Сайыстың «Бәйге» кезеңі бойынша оқушыларға сұрақтар беріледі.
1. ҚР-ның тәуелсіздігі қашан жарияланды?
2. ҚР-ның рәміздері қашан қабылданды?
3. Геральдика дегеніміз не?
4. Виксикология дегеніміз не?
5. Нумизматика дегеніміз не?
6. Елтаңба тану ғылымының атасы кім?
7. Мемлекеттік Тудың авторы кім?
8. Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары кімдер? 
9. Мемлекеттік Әнұранның авторлары кімдер?


Амандасып сайысқа қатысатын топтар өздерінің топтарымен таныстырады.

1-топ: Өзіңдікі туың да,


От пен ауа, суың да.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буын да!

2-топ: Елтаңбасы елімнің


Неткен көркем, әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.

3-топ: Әнұраным, жан ұраным,


Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім - сағынарым,
Мәңгі-бақи шырқалады
Республика Әнұраны.


Шараның тақырыбымен, мақсатымен және қандай бөлімдерінен тұратынымен танысып, білімдерін кеңейтеді. шараны бастауға дайындығын білдіреді.

Амандасу сайысында өздерінің топтарын таныстырады.Топтың атын не себепті қойғандарын түсіндіреді



ІІ кезең «Бәйге» шарты бойынша оқушылар берілген сұрақтарға ойланып өз білімдеріне сүйеніп жауап береді.

Жалпы сұрақ Қазақстан Республикасының мемілекеттік нышандары жайлы.Ең басты мақсат оқушылардың мемлекет ныандары жайлы қаншалықты білетіндігінде.Және оны ұмытпайтындай етіп еске ұстауға үйрену.




Оқушылар Ту, Елтаңба, Әнұран тарихын әңгімелейді.


МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ



Шакен Ниязбеков – Қазақстан Мемлекеттік Туының авторы.



МЕМЛЕКЕТТIК ЕЛТАҢБАСЫ



Мәлібеков Жандарбек Мәлібекұлы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы.



Уалиханов Шота-Аман Ыдырысұлы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтанбасының авторы


1-жүргізуші: Бәрі болған қазақ сынды көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта
Кім сенеді Ту болмады дегенге? 

2-жүргізуші: Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.
Қалай оның Елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса ен – таңба? !

1-жүргізуші: Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын , өзі әнші халықта ,
Кім айта алар болмаған деп Әнұран? !

2-жүргізуші: Енді бүгін өлген туым тірілді,
Әнұраным алды жаулап ғұмырды .
Босағада қалып келген Елтаңбам
Баяғыша төріме кеп ілінді.

1-жүргізуші: Сайысымыздың «Тарихы терең төлтаңбам» деп аталатын кезеңінде оқушылар Ту, Елтаңба, Әнұран тарихынан сыр шертеді.



«Ту» тобы жауап беруде:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл. туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

«Елтаңба» тобының жауабы:

Елтаңба — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемл. гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — гербтiң жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қ. р. м. елтаңбасының авторлары — Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов.



Бұл кезенде оқушыларды тудағы бейнелерді тусіндіру.Мемлекттік тудағы әрбір бейне қандай мағына беретінін және тустерінің қандай маңызы бар екенін білуі.

Тудың авторы кім екенін біліп, оқушылардың мемлекеттік туды қадірлей білуі.

Мемлекеттік елтаңбаның қандай мәні бары екенін білуі.Елтаңбаның тарихын ұғынуы.Оқушылар өз ойларын анық жеткізіп онда суреттелген бейнелерді жатқа білуі керек.




Жұмекен Нәжімеденов – Қазақстан Республикасының әнұранының авторы



Н.Ә.Назарбаев– Қазақстан Республикасының әнұранының авторы



Шәмші Қалдаяқов-композитор,қолданыстағы Қазақстан гимнің авторы

ІІІ. Қорытынды.

Ән: «Көк тудың желбірегені»


Ой толғаныс қатысушыларға сұрақ



  1. Кезең ішіндегі ең қызықтысын атаңыз?

  2. Кезең тапсырмалары қаншалықты күрделі болды?




«Әнұран» тобының жауабы:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының мәтіні 


сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әні: Шәмші Қалдаяқовты

Алтын күн аспаны,


Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:


Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,


Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарас қан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:


Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным

Оқушылар шарадан үлкен әсер алып ой толғаныс, алған әсерлерін білдіреді.



Бұл топ әнұранды айтқанда жүрнктерімен сезініп,өздерінің Қазақстан Республикасының азаматтары екеніне,кеуделерінде патриодтық сезім ұялаған, Қазақстанның болашақтан үміт күтер азамат болатындарына сенімім мол

Бұл тәрбие сағаты өз мақсатына жетті.Оқушылар өздеріне көптеген мәлімет алды.Ендігі алдағы уақытта осы үйренгендерін ұмытпай,мемлекеттік рәміздерді қадірлеуі керек.




Каталог: uploads -> konspekt -> izo
konspekt -> Сабақ тақырыбы XVIII ғ. ақын-жыраулар шығармалары тарихи дерек көзі ретінде қаншалықты құнды?
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: «Қымыз» Этнолингвистикалық атаулар (7-сынып)
konspekt -> Ұлғайту. Ата-аналардың өз ұлттық салт дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ата-аналаға қазақтың көне сөздері және ырым, тыйым
konspekt -> «Шоќ ж±лдыздар» атты
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың салт-дәстүрлері
konspekt -> Эволюциялық ілім
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Қ
izo -> Веер, изготовление соцветий
izo -> Сабақтың тақырыбы: Натюрморт және композиция
izo -> Сабақ тақырыбы: «Граттаж техникасы және сия бояуларымен жұмыс»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет