Сынып: 7 Күні: Тақырыбы: Материктер мен мұхиттар географиясы Мақсат-міндеттер: Білімділік мақсаты



жүктеу 1.83 Mb.
бет1/12
Дата25.09.2018
өлшемі1.83 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




Сынып: 7

Күні:

Тақырыбы: Материктер мен мұхиттар географиясы

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Жалпы географиялық білім беру, материктер мен мұхиттар географиясы түсінігін, оның зерттеу пәні мен зерттеу объектілері туралы, зерттеу салалары туралы білімді ашу.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, Материктер мен мұхиттардың физикалық картасы

Сабақ түрі: Кіріспе сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары:

І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (19мин)

ІV кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

V кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Сосын балалармен танысып, өзінің жұмыс тәртібін орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.



Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады. Сосын мұғаліммен танысады.


ІІ

Мұғалім балаларға сұрақтар қояды:

1. 6-сыныптағы физикалық географиясы курсында немен таныстыңдар?

Ал ендігі 7-сыныпта сендер елтану бағытындағы Жер табиғатының ерекшеліктерімен оның алуан түрлілігі, ондағы елдер мен халықтардың әлеуметтік жағдайы туралы білім аласыңдар. Жеке-жеке мұхиттар мен материктерге тоқталамыз.

Сосын мұғалім келесі фронтальді сұрақтарды қояды.

1. Неше материк, неше мұхит бар?

2. Материк пен дүние бөлік арасындағы айырмашылығы қандай?

Сосын материктер, мұхиттар, аралдар тақырыбын өз беттерінше оқып шығындар деген тапсырманы береді.


Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарға жауап береді.



ІІІ

Тақырыпты бекіту үшін балаларға материк, мұхит және дүние бөліктері аудандарының арақатынасы диаграмаларын сызғызады.

Сосын арал деген не және оның түрлерін атап (материктік, жанартаулық, маржандық) және оларды картадан көрсетеді. Балалармен бірге аралдардың пайда болуын талқылайды.

Сосын параграф соңындағы сұрақтарды қояды.

Оқушылар кескін картаға мұхиттарды, теңіздерді және аралдарды түсіреді.



Балалар материк, мұхит және дүние бөліктері аудандарының арақатынасы диаграмаларын сызады. Сосын балалар бұл аралдарды атластарынан өздері тауып есіңе сақтайды.
Сосын параграф соңындағы сұрақтарға жауап береді.

ІV

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

V

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.

Сынып: 7

Күні:

Тақырыбы: Материктер мен мұхиттар жердің ірі табиғи кешені

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Географиялық білімнің қалыптасу, даму кезеңдерімен таныстыру. Материктер мен мұхиттардың ашылуы мен зерттелуіндегі басты кезеңдермен, ұлы географиялық ашулармен, көрнекті зерттеушілердің маңызды саяхаттары мен олардың ғылыми нәтижелерін оқып үйрену.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру. Саяхатшылардың батыл да табандылығы мысалында оқушыларды Отансүйгіштікке, батылдық пен табандылыққа тәрбиелеу.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, Дүниежүзінің физикалық картасы, Ұлы географиялық ашулар картасы, глобус, кескін карталар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)

ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.



Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Мұғалім оқушылардың алдыңғы сыныптардан алған білімдеріне негізделіп, ежелгі дәуірдегі географиялық мәліметтердің жинақталуы, алғашқы жер шарын айналып шығу саяхаттары, Ұлы географиялық ашулар, материктер мен мұхиттар тарихындағы маңызды зерттеулер, дүние жүзіне әйгілі атақты саяхатшылар мен зерттеушілер туралы мәліметті береді.

Географиялық мәліметтердің жинақталуы сонау ежелгі дәуірден қазіргі зерттеулерге дейін кезең-кезеңге бөлінген.

Сосын мұғалім балаларды 4 топқа бөліп, бірінші топқа ежелгі заман зерттеулері, екінші топқа орта ғасырлар зерттеулері, үшінші топқа Ұлы географиялық ашулар мен төртінші топқа қазіргі заманғы географиялық зерттеулерді бөліп береді.


Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды.
Оқушылар топтарға бөлініп, өз тақырыптарын қорғайды, сосын бір-біріне сұрақтарды қояды.

ІІІ

Материалды бекіту кезеңінде мұғалім оқушыларға балалармен бірге сұрақтарды қояды.

1. Ежелгі заман зерттеулері немен ерекшеленді?

2. Орта ғасырлар зерттеулері қандай ғасырларды қамтиды және олардың атақты зерттеушілері нені ашты?

3. Неге үшінші кезең Ұлы географиялық ашулар кезеңі деп аталады?

4. Қазіргі заман зерттеулерінің маңызы неде?


Оқушылар білімдерін бекіту үшін сұрақтарға жауап береді. Бір бірін тыңдап білімдерін бекітеді.

ІV

Үй жұмысы:

1. Кіріспе, §1, 2 оқып, қысқаша конспект жазу.

2. Кескін картаға материктер, мұхитттар мен аралдарды түсіру.

3. Қосымшадағы 1, 2, 3 кестелерді сызу және жаттау.



Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.



Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.

Қоштасады.


Сынып: 7

Күні:

Тақырыбы: Материктер мен мұхит шұңғымаларының пайда болуы

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – материктер мен мұхиттар табиғатын оқып үйрену барырысында қолданылатын карталар жайында, оларды мазмұны мен қамтитын аумағына қарай топтастыруы туралы, сонымен қатар бұл карталарда пайдаланылған проекциялар мен оларда болатын бұрмалану туралы қысқаша мағлұмат беріледі.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру. Сондай-ақ бұндай карталарды қалай пайдалану жолдары мен жұмыс істеудің қарапайым әдіс-тәсілдері түсіндіріледі.

Тәрбиелік мақсаты – Географиялық карта жасаудың өте көп уақыт пен тереңде тиянақты білімді және асқан қажырлылық пен төзімділікті талап ететіндігін түсіндіру арқылы, оқушыларды ғалым-картографтар еңбегін бағалауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, глобус

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.


ІІ

Мұғалім үй тапсырмасын тексергенде ең бірінші кескін карталарын тексереді. Сосын әрбір баланы тақта алдына шығарып, материктер мен мұхиттарды, олардың ауданы мен ең терең жерлерін, аралдардың түрлері мен орналаласқан жерлерін сұрайды.

Оқушылар мұғалімге кескін карталарын көрсетеді, сұрақтарға жауап береді.



ІІІ

Ең алдымен карта мен глобус деген не деген сұрақтарды қояды. Сосын айырмашылығын айтып болған соң, картографиялық проекция дегеніміз не деген сұрақ қойып, оның жауабын картадан іздеңдер дейді. Сосын проекция мен оның негізгі түрлерін түсіндіреді. Нәтижесінде балалар глобус пен жарты шарлар, дүние жүзі мен материктер карталарының географиялық торларын салыстырып, айырмашылықтарын анықтайды. Бұдан кейін картаны оқып үйренудің негізгі құралы шартты белгілермен өздері танысыңдар деп айтады.

Келесі кезекте мұғалім карталарды қамтитын аумағына, мазмұнына, масштабына және қолданылу сипатына қарай топтастырылуымен таныстырады.



Сұрақтара жауап береді және проекция, оның түрлерін дәптерге сызып жаттайды.

Сосын картаны оқып үйренудің негізгі құралы шартты белгілермен танысады.



ІV

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балалармен бірге тақырып соңындағы сұрақтарға жауап береді және қорытынды шығарады.

Тақырыпты бекіту үшін сұрақтарға жауап береді.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.



Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.


Сынып: 7

Күні:

Тақырыбы: Жер бетіндегі құрлық пен судың ара қатынасы, олардың жарты шарларда таралуы

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Литосфералық тақталар және олардың қозғалыстары, геологиялық жыл санау, геохронологиялық кесте, материктік және мұхиттық жер қыртыстары, геосинклинальдар мен платформалар, материктер мен мұхиттардың пайда болу жолдары туралы білім беру.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру. Саяхатшылардың батыл да табандылығы мысалында оқушыларды Отансүйгіштікке, батылдық пен табандылыққа тәрбиелеу.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус, кескін карталар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)

ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.



Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Сабақты өткен сыныптардан алған білімді еске түсіруден бастауға болады. Одан әрі жер қыртысының түрліше бөліктері мен олардың арасындағы айырмашылықтарды 10-сурет бойынша ажыратады.

Содан кейін геологиялық жыл санау мен геохронологиялық кестені түсіндіре бастайды. Оны мұғалім 11-сурет көмегімен геологиялық жыл санаудың кезеңдері мен басты оқиғалармен таныстырады.

Сосын Литосфералық тақталар мен олардың қозғалыстарын түсіндіру үшін 12, 13-суреттерді пайдаланады. Барлық литосфералық тақталарды картадан көрсетеді.

Сосын бұл тақырыпты өздерін оқып шығып, талқылаңдар деген тапсырманы береді.



Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды.
Оқушылар топтарға бөлініп, өз тақырыптарын қорғайды, сосын бір-біріне сұрақтарды қояды.

ІІІ

Материалды бекіту кезеңінде оқушылар оқыған тақырыпты айтып, бір-біріне сұрақтарды қояды. Әрбір литосфералық тақта мен ежелгі материктерді мұғалім картадан көрсетіп, балаларды толықьырады.

Оқушылар білімдерін бекіту үшін сұрақтарға жауап береді. Бір бірін тыңдап білімдерін бекітеді.

ІV

Үй жұмысы:

1. §3, 4 оқып, қысқаша конспект жазу.

2. Кескін картаға литосфералық тақталарды түсіру.

3. Аралдардың орналасқан жерлерін жаттау және картадан көрсету.



Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.



Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.

Қоштасады.


Сынып: 7

Күні:

Тақырыбы: Материктік және мұхиттық жер қыртысы

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Литосфералық тақталар және олардың қозғалыстары, геосинклинальдар мен платформалар, материктер мен мұхиттардың пайда болу жолдары туралы қазіргі түсініктер, материктер мен мұхиттар бойынша жер бедері ірі пішіндерінің орналасу заңдылықтары туралы түсінік беру. Жер бедері ірі пішіндерінің орналасу заңдылықтарын дәлелдейтін нақты мысалдарды, жер сілкіну мен жанартау атқылау аудандарын картадан көрсете білуі.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру. Сондай-ақ бұндай карталарды қалай пайдалану жолдары мен жұмыс істеудің қарапайым әдіс-тәсілдері түсіндіріледі.

Тәрбиелік мақсаты – Географиялық карта жасаудың өте көп уақыт пен тереңде тиянақты білімді және асқан қажырлылық пен төзімділікті талап ететіндігін түсіндіру арқылы, оқушыларды ғалым-картографтар еңбегін бағалауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, глобус

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім-жоғын сұрайды.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.



Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Мұғалім үй тапсырмасын тексергенде ең бірінші кескін карталарын тексереді. Сосын әрбір баланы тақта алдына шығарып, аралдар мен архипелагтардың орналаласқан жерлерін сұрайды. Сосын балалардан географиялық диктант алады.

1. Картографиялық проекция деген не? 2. Проекциялардың негізгі түрлерін атаңдар. 3. Карталар мазмұнына қарай нешеге бөлінеді және олардың түрлерін атаңдар. 4. Литосфера деген не, ол қандай бөліктерден құралады? 5. Геологиялық жыл санау деген не? 6. Жер қыртысының түзілгеннен бері неше эраларға бөлінеді? 7. Ең ұзаққа созылған эра. 8. Неше литосфералық тақталар бар, оларды атаңдар. 9. Жер қыртысының қозғалмалы бөліктері қалай аталады? (геосинклинальдар) 10. Ежелгі заманда бүкіл құрлықтарды біріктірген біртұтас қандай материк болды?



Оқушылар мұғалімге кескін карталарын көрсетеді, аралдар мен архипелагтарды картадан көрсетеді. Сосын географиялық диктант жазады.



ІІІ

Ең алдымен жер бедері деген не, жер бедерінің негізгі пішіндерін атаңдар, жер бедері абсолюттік биіктігіне қарай нешеге бөлінеді деген сұрақтарды қояды. Сосын жер бедері ішкі және сыртқы күштердің қатар әсер етуі нәтижесінде өзгеріп отырады деп айтады. Сосын мұхит табанының жер бедерін 21-сурет арқылы түсіндіріп, суретті сызып алыңдар деген тапсырманы береді.

Сұрақтара жауап береді және мұғалімді тыңдап, түсінбеген жерлерін сұрайды. Сосын мұхит табанындағы жер бедері суретін сызып алады.


ІV

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім келесі тапсырмаларды береді:

1. 4, 5-кестелердегі мағлұматтарды картадан тауып алыңдар.

2. «Жер қыртысының құрылымы» мен дүние жүзінің физикалық картасын салыстырып, қорытынды шығарыңдар.


Тақырыпты бекіту үшін тапсырмаларды орындайды.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.



Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.


Сынып: 7

Күні:

Тақырыбы: Геологиялық жыл санау және геохронологиялық кесте


Каталог: uploads -> konspekt -> geografiya
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Қ
geografiya -> Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы
geografiya -> Сабақтың мақсаты : Оқушылардың өзен және оның бөліктері, өзендердің қоректенуі, шаруашылықта пайдаланылуы туралы түсінік беру
geografiya -> Сыныбы 10 кїні Та›ырыбы
geografiya -> Сабақтың тақырыбы: Ресейдің экономикалық-географиялық жағдайы. Сабақтың мақсаты: а Білімділігі
geografiya -> Муханбетжанова Кулшат Рысбековна Еңбек өтілі 5 жыл Мамандығы География пәні мұғалімі Деңгейі ІІІ деңгей Орта мерзімді сабақ
geografiya -> Білімдіден шыќќан сµз


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет