Павлодарда жеңіл көлік аялдамаға соқтығысып, екі адам зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасына жол-көлік оқиғасы туралы қоңырау 14 ақпан күні сағат 14.03-те түскен. Дәрігерлердің айтуынша, аялдамалардың бірінің жанында көлік жаяу жүргіншілерді қағып кеткен. Жедел жәрдем бригадасы бес минутішінде оқиға орнына жеткен.
"Павлодардағы облыстық балалар ауруханасына миы шайқалған және жабық бассүйек-ми жарақатымен 2009 жылы туған бала түсті. 1999 жылы туған екінші зардап шегуші Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді. Жас жігіттің жамбас сүйегі зақымданып, амбулаторлық ем қабылдауға жіберілді", – делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Қалалық полиция департаменті жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тексеріс жүріп жатқанын, сараптамалар тағайындалып, көлік айыптұраққа қойылғанын мәлімдеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.