Смагулова Гульмира Каировна бастауыш сынып мұғалімі Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Донской орта мектебі



жүктеу 64.47 Kb.
Дата29.04.2019
өлшемі64.47 Kb.



Смагулова Гульмира Каировна

бастауыш сынып мұғалімі

Ақмола облысы

Еңбекшілдер ауданы

Донской орта мектебі

Сынып: 2 «а»

Күні

Пәні: әдебиеттік оқу

70 сабақ


Сабақтың тақырыбы:

Күлмеңіздер кәріге. М. Дулатов «Жұлдыздар» Удмурт халық ертегісі

Жалпы мақсаттар:

Оқушылар өзгеге жасаған жақсылықтың ерте ме, кеш пе алдынан шығатынын ұғынады

Әдіс - тәсілдер

Тәсілі : жеке, жұппен, топпен

Қолданылатын модульдер: АКТ,СТО, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, талантты және дарынды балаларлы оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау (белгілеп астын сызып қою)

Оқыту нәтижесі:

-оқушылар қазақтың классик ақыны М.Дулатов өмірімен толығырақ танысып, мәтіндегі негізгі идеяны ұғынады.

-әр түрлі ой дамыту стратегиялары арқылы шығармашылық ойлануына өзіндік жұмыс жасап ізденеді.



Дереккөздер

Оқулықпен жұмыс, қосымша мәліметтер, интерактивті тақта

Сабақтың барысы :

Уақыты:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиядық дайындық


2 мин




«Көңілді күн» бейнеролик

Топтарға бөлінеді.


Би қимылдарын жасайды

Жұлдызшалардың түстеріне қарай топтарға бөлінеді



Үй жұмысын тексеру

5 мин

Хрестоматиядан «Жаман жолдас» әңгімесін оқып, мазмұны бойынша салған суреттерінен көрме ұйымдастыру

Салып келген суреттерін тақтаға іледі.


Қызығушылығын ояту

3 мин


1. «Кәрілік» сөзіне кластер құру, жұппен жұмыс


Топтастыру

Мағынаны тану

Сергіту сәті:


25 мин

-Балалар біз бүгін сендермен Міржақып Дулатовтың «Күлмеңіздер кәріге» әңгімесімен танысамыз.

Міржақып Дулатұлы (1885-1935)-қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы. Қазіргі Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты «Қызбел» ауылында туып өскен. Әкесі шебер адам, ер-тұрман жасап, етік, мәсі іккен. Ал анасы-Дәмеш әнші болған кісі. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан хат таниды. Міржақып анасынан екі жасында, ал әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді.

Алыстан Алаш десе аттанамын,

Қазақты қазақ десе мақтанамын.

Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ-

Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!-деп жырлаған ақын.

Диктофоннан «Күлмеңіздер кәріге» мәтінін тыңдату.



Сөздікпен жұмыс

Келемеж қылу-мазақ ету

Сұрақтар қою:

-Балалар кімге күлді?

-Әкесі не деп ескертті?

-Әкесінің қандай сөзі балаларға әсер етті?

-Өмірде осында балалар бар ма, болса оларға не дер едің?
1.Жұмбақ шешу:

2.Ертегі дегеніміз не?

-Онда біз бүгін сендермен «Жұлдыздар» удмурт халық ертегісімен танысамыз. «Адасқан бөлімдер» Мәтінді 4-бөлікке бөліп, өз орындарына қою

Жұлдыздар

(Удмурт халық ертегісі)

1. Ертеде бір кішкентай қыз сегіз жасында әке-шешесінен бірдей айырылып, тұл жетім қалыпты. Көнетоз көйлегі мен бір жапырақ орамалынан басқа киімі, ішерге асы жоқ екен. Қыз ел кезіп, қайыр сұрауға мәжбүр болыпты.

2.Бір қайырымды жан оған қатқан нан ұсыныпты. Қыз қақпадан шыға бергенде, бір қария жолығып:

-Қызым, қарным қатты ашып тұр. Наныңнан берші,- дейді. Қыз нанын түгел ұсынып:
3.-Алыңыз ата! Ас болсын!-депті де кете барыпты. Қараңғы түсіп, ымырт үйірілген кезде алдынан бір жас жігіт шығыпты.

-Басым тоңып барады, орайтын бірдеңе берші,-депті. Қыз басындағы орамалын ұсыныпты.


4.Ол ары қарай жүре бергенде, жан-жағына жұлдыздар шашырап, күміс теңгелерге айнала бастапты. «Өзгеге жасаған жақсылығың ерте ме, кеш пе, алдыңнан шығады» деген сөз рас екен.
Мәтінді толығымен айтып беру

Сөздікпен жұмыс:

Тұл жетім-ата-анасы, ешкімі жоқ

Ымырт үйірілу-кеш бату

Сергіту сәті: Тыныштық сәті

«Өз жұлдызыңды тап!"

Магниттік тақтаға өз жұлдыздарының суретін салу


Мәтін авторы туралы ақпарат алады

Сөздікпен жұмыс


Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді
Жұмбақты шешеді\Шешуі: Жұлдыз

Ертегінің адасқан бөлімдерін орындарына қояды





Ой –толғаныс:

3 мин


Білгішбектің сұрақтары:

-Қыз баланың қайырымдылығы туралы оқығанда қандай сезімде болдың?

-Ертегінің қорытынды сөзін мәтіннен тауып оқы

-Ертегі мазмұнына ұқсас қандай әңгіме айтар едің?

Топпен жұмыс:

Ертегі мазмұнының орналасу ретін қой:



Жігітке көмек

Қарияға қайырымдылық

Жетім қыз

Жақсылыққа - жақсылық
Дәптермен жұмыс: Венн диаграммасы

Күлмеңіздер кәріге Жұлдыздар

Бала, қария Қыз

Кәрі Жас

Күледі Көмек береді

Баршылық Жоқшылық

Әке Қайырымды жан

Мазағын қояды Молшылыққа кенеледі

Сұрақтарға ауызша диалог түрінде жауап алу

-М. Дулатов кім?

-Әңгіме мен ертегі ұнады ма?

-Сабақтан қандай үлгі-өнеге алдыңдар?



Білгішбектің сұрақтарына жауап беріп, дәптерлеріне сонан соң қағазға Венн диаграммасын толтырады


Бағалау

3 мин

Жұлдызшалар арқылы бағалау. «Кімде көп жұлдызша?»

Кері байланыс

(рефлексия)

2 мин

Оқушыларға стикерлер таратылып, бүгінгі сабаққа рефлексия жазбаша түрде жасалады

Үй тапсырмасы

1 мин

Ертегіні оқып, «Орны ауысқан мақалдарды толықтырып жаз.

Күлме досыңа, Кішіге ізет.

Үлкенге құрмет, Келер басыңа.








Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.



Сабақ аяқталды. Сабаққа қатысқандарыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар.


Бағалау парағы .................................................................



Бағалау парағы.........................................................



.................................................................................................

Күлмеңіздер кәріге Жұлдыздар









.................................................................................................

Күлмеңіздер кәріге Жұлдыздар









І топ





ІІ топ




Каталог: images -> Razrabotkaurokov
Razrabotkaurokov -> Физика пјнінен «Ќызыќты физика кеші» таќырыбында ґткізілетін сыныптан-тыс іс-шараныѕ јдістемелік јзірлемесі
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы : «Біріккен сөздер»
Razrabotkaurokov -> Ахметова Орынкїл Јбілќызы
Razrabotkaurokov -> Технология 7сынып
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: «Табиғаттағы су айналымы»
Razrabotkaurokov -> Ханаева Лаззат Кайкеновна Бұланды ауданы Макинск қаласы мектеп-лицейінің педагог -психологі Тақырып
Razrabotkaurokov -> «эрудит» /тарихи- танымдық ойын
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: «Өткенді пысықтау»
Razrabotkaurokov -> Моногибридті будандастырудыњ цитологиялыќ негіздері
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: «ҚҰрылымы күрделірек теңдеуді шешу»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет