Павлодар облысы "Майкаинзолото" АҚ-ға тиесілі шахтаға құлаған 2 адам әлі табылмай жатыр. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі Павлодар облысының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

"Кеніште топырақ әлі сырғып жатыр, опырылу шегі тұрақсыз. Құтқарушылар өте қауіпті жағдайда жұмыс істеп жатыр. Іздестіру-құтқару жұмысы жалғасып жатыр", – деп жазылған хабарламада.

Іздеу жұмыстарына Астана қаласы мен Павлодар облысының Төтенше жағдай департаментінің кинологтары да жұмылдырылды.

Оқиға орнына ТЖМ, полиция, КӘАҚҚ РОШ, 103 қызметі бөлімшелерінен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардан барлығы 116 адам мен 23 техника тартылды. Сонымен қатар Төтенше жағдай министрінің орынбасары Мереке Пішембаев, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов та барды.

Еске сала кетейік,  оқиға 4 қаңтар күні сағат 01:25 шамасында болған. Шұңқырдың ұзындығы – 150-200 м, ені 500 м, опырылым тереңдігі 150 м. Апат кезінде автобуста кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің 4 маманы болған.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.