Алматының қақ ортасында қолдарына арматура ұстаған бір топ жігіт арасында төбелес болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Ер адамдардың арасындағы төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Оқиға Байтұрсынов-Қабанбай батыр қиылысында болған. Видеодан азаматтардың сөз таластырып, алдымен мәселені жұдырықпен шешуге тырысқанын көруге болады. Кенеттен төбелеске қатысушылардың бірі қарсыластарына арматура лақтыра бастайды. Куәгерлер оларды ажыратуға тырысқанымен, еш нәтиже шықпаған көрінеді. Жағдайдың мән-жайын полиция анықтап жатыр.

“Алмалы аудандық полиция басқармасы "бұзақылық" дерегі бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Төбелеске қатысушылар анықталып, күдіктілер ұсталды. Олардың әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Басқа мән-жайлар анықталуда”, – деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.