Қостанай облысы Арқалық қаласының Гүлмира есімді тұрғыны үй шаруасында отырып, өзінің уақытын қызықты өткізіп, күнделікті тірліктен көңіл бөлудің жолын іздеген. Оның көңіл көтеретін қызықты хоббиінің бірі апта сайын лотереяға қатысу болған. Жексенбіде теледидар қосып, ТeleBingo көруді әдетке айналдырғанда ол "күндердің бір күні 61 миллион теңге ұтып аламын" деген ой үш ұйықтаса түсіне кірмегенін айтады. Ол өзінің ұтысына қатысты қуанышты жаңалықпен бөлісіп, Stan.kz тілшісіне ұтысын қайда жұмсайтынын айтып берді

Гүлмира соңғы 1,5 жылда апта сайын "Сәтті Жұлдыз" Ұлттық лотереясына қатысуды әдетке айналдырған. Бұрын экономист болып жұмыс істеген ол қазір үй шаруасында отыр. Әдетте Ұлттық лотереяның ТeleBingo, 5/36 және LOTO 6/49 қатысады. 15 қаңтар күні ол әдеттегідей 5/36 лотерея билетін алып, тиражды көруге дайындалады.

"Сәтті Жұлдыз" Ұлттық лотереясына қатысқаныма 1,5 жыл болды. Онлайн билет алу мүмкіндігі болғаны ұнайды. Бұл уақытты үнемдеуге көмектеседі", — дейді кейіпкеріміз.

Осылайша 15 қаңтарда 5/36 лотереясының кезекті тиражына қатысып отырып, ол 61 343 600 теңге ұтып алады. Қуанышы қойнына сыймаған ол тіпті мұндай сомманы қайда жұмсайтынын да білмей қалғанын айтады.

"Осынша үлкен қаржы алғаным үшін жауапкершілікті сезінемін. Ақшаны барынша тиімді жұмсағым келеді. Жақын жандарыма пайдасын тигізсе деймін. Дәл қазір оны бірнәрсеге жұмсаймын деп нақты айтуға да қиналып тұрмын", — дейді Гүлмира.

Ол өзінің лотереяға әрдайым сенгенін айтады. Тіпті өзі ұтпаған кездің өзінде өзгелердің қуанышын көріп, солармен бірге қуанып, көңілі марқайып қалатын болған.

"Әрі қарай да лотереяға қатыса беремін. Бұл менің кішкене мерекем. Рахаттанып, қуанып отырамын. Ұтыс алмаған кезде қатты уайымдаған емеспін. Өзімнің кішкене жетістіктеріме қуанатынмын. Өзге адамдардың жеңісін көрген кезде, олардың қуанышын, шынайы эмоцияларын көрген кезде менің де көңілім бір марқайып қалатын", — деді кейіпкеріміз.

Өз жеңісіне кездейсоқ таңдау нәтижесінде жеттім деп ойлайтын Гүлмира "Сәтті Жұлдыз" лотереясына қатысушыларға өз интуицияларына сенуді ұсынады.

"Өз басым лотереяға сенемін. Сондықтан барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін. Және өз интуицияларыңызға сене білу керек екендігін айтқым келеді", — дейді ол.

Гүлмира сынды миллионер атану мүмкіндігі сізге де туып тұр. 31 қаңтар кешкі сағат 22:00-де Satti Zhuldyz Youtube арнасында су жаңа кроссовермен 30 миллион теңге ойнатылады. Жаңа автокөлікті ұтып алу үшін LOTO 6/49 лотожиынтығын алу қажет.

Мұндағы 6 билет сізге автокөлік ұтуға бір мүмкіндік, қаржылай сыйлық ұтуға 6 мүмкіндік береді.

Айта кетейік, ойынның жалпы кірісінің 10%-ы отандық спортты дамытуға аударылады. Ойынның жалпы кірісінің 10%-ы "Қазақстан Халқына" қоғамдық қорына аударылады.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.