Елімізде қаңтар айынан бастап, коммуналдық төлемдер тарифі көтерілді. Ұлттық экономика министрлігі берген ақпаратқа сәйкес, коммуналдық төлемдер 20% артты. Бірақ қаңтар айының коммуналдық төлемдер чегін алған қазақстандықтар екі есе өсіп кеткенін айтып, шағымданып жатыр. Сенат отырысынан кейін кулуарда журналистер 20% өсуі керек тариф неге екі есе артып кеткенін сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: kapital.kz

Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықовтың айтуынша, 20-25% ортақ экономикалық көрсеткіш екен. Су, жылу, жарықтың кейбірі екі есе өссе, кейбір аз ғана өскен. 

"Биыл Қазақстанда коммуналдық тарифтер орташа есеппен 20-25 пайызға қымбаттады. Комуналдық төлемдердің ішінде кейбір түрлері көбірек өссе, екіншілері қатты қымбаттамады", — деді вице-министр.

Мұндай қымбатшылықтың себебін министр коммуналдық қызмет саласындағы құбырлардың, желілердің тозуымен байланыстырды. 

"Коммуналдық қызметтер саласы қаржыландырылмаған. Бұл өздеріңіз білетіндей былтыр үлкен апатқа алып келді. Осы себептен осы салаға үлкен инвестиция салынды. Былтыр 300 млрд теңге салынды. Мың километрден астам желілер жаңартылды. Осы саладағы желілердің тозуын болдырмау үшін тариф көтерілді. Тарифтерді қойғанда біз шектен асырмай, инфляцияға әсер етпеуін Ұлттық банкпен кеңесіп қойып отырамыз", — деді вице-министр.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.