Алматы облысының прокуратурасы мигранттарға арналған "резеңке" пәтерлерді анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: mavink.com

Қадағалау органының хабарлауынша, облыста 12 мыңнан астам шетелдік тіркелген 278 үй анықталды. Бұл үйлердің ішінде тұрғын үйлер де, жоқ мекенжайлар да болды.

"Мәселен, Қарасай ауданы, Батан ауылындағы үйлердің бірінде 300-ден астам шетел азаматы тіркелген. Аталған фактілер бойынша қылмыстық кодекстің 394-бабы (“Заңсыз көші-қон ұйымдастыру") бойынша қылмыстық іс қозғалды", – делінген хабарламада. 

  • Жылына 2,5 миллион мигрант келеді: АҚШ көші-қон дағдарысына тап болды
  • Қазақстанда мигранттарға арналған портал іске қосылды

Сондай-ақ үш мың еңбекші-мигранттың мемлекет қазынасына 79 миллион теңге салықты төлемеу фактілері анықталып, олар бойынша өндіріп алу жұмыстары жүргізілуде.

Сот шешімімен депортациялауға жататын 29 мигрант пен қылмыстық құқық бұзушылық жасаған 43 мигрант елден шығарылмаған.

Жалпы, тексеру аясында Алматы облысының прокуратурасы 600-ден астам көші-қон заңнамасын бұзу фактісін анықтап, 17 көші-қон полициясының қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда 12 882 шетел азаматы жұмыс істейтінін мәлімдегені туралы жазған едік. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.