БҚО облыстық прокуратурасы Оралдағы жарылыс болған кафе жалға алушысының ұсталғанын мәлімдеді. Қайғылы оқиғадан үш адам қаза тапқан еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық прокуратурасы мен төтенше жағдайлар департаменті “Rizyq”дәмханасында болған өрт пен адамдардың өліміне қатысты қылмыстық кодекстің 292-бабы "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді басталғанын жеткізді.

"Құқықбұзушылықты жасаған күдікті 6 қаңтарда ұсталды. Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ведомствоаралық тергеу-жедел тобы қажетті сараптамаларды тағайындады. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды", — деді департаменттің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 4 қаңтарға қараған түні Орал қаласында Rizyq кафесінде газ жарылып, екі қабатты ғимарат қираған еді. Кейін қирандылар арасынан үш адамның денесі табылды. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.