Алматыдағы ҚазҰУ университетінде “пәктік тізімі” туралы ақпараттың тарап кетуін алаңдатарлық оқиға деп атаған сенат депутаты Ольга Булавкина ректордан бастап бәрінің жауапқа тартылуы керек екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото ашық желіден

Сенатор Ольга Булавкина оқиғаға баға бермес бұрын, деректердің интернетке неліктен тарағанын түсіну қажет екенін айтады.

“Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғап, оны кім жасағанын анықтап, сәйкесінше мемлекеттік оқу орнының кінәсі дәлелденсе, әрине, Ғылым және жоғары білім министрлігі осы университеттің басшылығына қатысты шара қолдануы керек. Бұл біздің қыздарымыздың абыройы. Бұған ешбір жағдайда жол бермеу керек”, – дейді ол.

Булавкина тек медбикеге қатысты шара қолдану дұрыс емес екенін баса айтады. Еске сала кетейік, университет басшылығы 6 ақпан күні "Smart Health University City" ЖШС медбикесі WhatsApp желісінде механика-математика факультеті студенттерінің тізімі бар құжаттарды тараптып жібергенін мәлімдеген. Тізімдегі студенттер флюорографиялық тексеруден өтуі тиіс болған.

  • ҚазҰУ-дағы "пәк" қыздардың тізімін кім таратқаны белгілі болды
  • "Енді ойынқұмар, нашақор, психологиясы тұрақсыз жігіттердің тізімін жасаңыздар": Өнер жұлдыздары ҚазҰУ-дағы "пәк қыздардың тізіміне" қатысты пікір білдірді

“Қандай жағдай болмасын шара қолданылады. Бірақ медбикеге қатысты емес, бізде әдетте көп жағдайда осылай болады. Ең алдымен этика болуы керек. Әрбір мемлекеттік қызметшінің мінез-құлық этикасы, белгілі бір ережелері мен стандарттары болады. Жеке немесе мемлекеттік кәсіпорын болсын, әрбір басшының да өзіндік этикасы болуы керек”, – дейді депутат.

Университет ректоры Жансейіт Түймебаев туралы тоқталған сенатор оның қызметінен кеткені дұрыс деп санайды.

“Адамгершілік тұрғысынан, иә, оның кеткені жөн”, – дейді Ольга Булавкина.

Еске салсақ, бұған дейін Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде “пәк” қыздардың тізімі тарап кеткені туралы жазған едік. Кейін студенттердің жеке деректерін таратқан адам медициналық қызмет көрсететін мекеменің қызметкері екені анықталды. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.