СОТҚА КЕЛУШІЛЕР ҮШІН
ЖАДЫНАМА
Азаматтар сотқа келген кезде күзет орнындағы мамандандырылған күзет қызметінің қызметкеріне жеке куәлігін, содан кейін шақыру қағазын (хабарламаны) көрсетеді немесе келу мақсатын хабарлайды, сондай-ақ арнайы құрал мен бақылау жүргізу үшін жасалынған техникалық жабдықтың көмегімен тексеруден өтеді. Қажет болған жағдайда жеке заттарына тексеру жүргізіледі.
Келушілерді сот ғимаратына кіргізу жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30 аралығында жүргізіледі.
Түскі асқа үзіліс уақыты – 13.00-ден 14.30 аралығында сот ғимаратына кіргізу тоқтатылады.
СОТҚА КЕЛУШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
Сотқа келушілер:
· процесуалдық және басқа да құжаттарды беру және алу үшін сот ғимаратына кіруге, сондай-ақ сот материалдарымен танысу мақсатында сот ғимаратында болуға;
· қабырғаларға орналастырылған сот құжаттарының үлгілерімен танысуға, ақпараттық киоскті пайдалануға және соттың өндірісіндегі немесе басқа да сот істерінің қаралу күні мен уақыты туралы ақпарат алуға, анықтама телефонын пайдалануға;
· сот төрағасының жеке және заңды тұлғаларды қабылдау үшін белгіленген және олардың назарларына жеткізілген күндері мен сағатында сот төрағасының қабылдауына; Қазақстан Республикасының іс жүргізу заңнамасымен белгіленген тәртіпте судьяға келуге; Ұлы Отан соғысының қатысушылары және оларға теңестірілген мүгедектерді, жүкті әйелдерді және мемлекеттік марапаттары бар адамдарды қабылдау кезексіз жүргізіледі;
· егер сот отырысы жабық деп жарияланбаған болса, сол соттың немесе басқа сот ісін қарау кезінде бақылаушы ретінде өзінің қалауы бойынша сот отырысының залында болуға;
· сот отырысы жалғасып жатқан уақытты қоспағанда түскі асқа үзіліс кезінде қызметтік ғимаратты босатып, жұмыс күнінің барлық уақытында осы соттың ғимаратында болуға құқылы.
СОТҚА КЕЛУШІЛЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ
Сот ғимаратында болған кезінде келушілер:
· сот ғимаратында сот қызметінің тәртібімен белгіленген және қоғамдық жерлерде өзін-өзі ұстау нормаларын сақтауға;
· сотқа кіру кезінде тыйым салынған заттарды тексеру үшін жабдықталған арнайы стационар металлдетекторлармен жүргізілетін бақылаудан өтуге, күзет қызметкерінің талабы бойынша өзімен бірге әкелген заттарын олардың көзбе-көз қарауына мүмкіндік беруге;
· қол заттарын сақтау жәшіктеріне заттар мен құралдарды қалдыруға;
· сот кеңсесіне кіру үшін кезектілікті сақтауға;
· сот отырысы басталғанға дейін сот отырысына шақыру қағазын (хабарламаны) көрсете отырып, соттың кеңсе қызметкеріне сот процесіне қатысушы ретінде келгенін хабарлауға;
· судьяларға, сот кеңсесінің қызметкерлеріне, сот приставтарына және басқа да сотқа келушілерге әдепсіздік көрсетпеуге;
· заң талаптары мен судьялардың, кеңсе қызметкерлерінің, сот приставтарының және күзет орнындағы мамандандырылған күзет қызметі қызметкерінің өкімдерін орындауға;
· судьялар, кеңсе қызметкерлері, сот приставтары өздерінің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындауына кедергі келтірмеуге;
· соттың мүлкіне мұқият қарауға, ғимаратта тазалық, тыныштық және тәртіп сақтауға міндетті.
Келушілерге тыйым салынады:
· сот ғимаратына отпен атылатын және суық қару, шанышқылы/кесетін қару, жарылғыш және тез тұтанғыш заттар, химиялық және улы заттар, жарылғыш құрылғылар, спирттік ішімдіктер алып кіруге;
· сот ғимаратына алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйінде кіруге;
· сот ғимаратына жануарлармен кіруге;
· қызметтік үй-жайларда немесе сот отырыстарының залдарында судьяның немесе сот кеңсесі қызметкерінің соған рұқсатынсыз болуға;
· танысу үшін алынған сот құжаттарын сот ғимаратынан (үй-жайынан) алып шығуға;
· қабырғалардағы сот құжаттарының үлгілерін алуға, сондай-ақ онда жеке және жарнама ретіндегі хабарламаларды ілуге;
· айдауыл жасағының қозғалысына кедергі келтіруге, айдалушылармен сөйлесуге;
· күзетпен ұсталушылар үшін жабдықталған үй-жайларға тікелей жақында болуға;
· қызметтік үй-жайларда немесе сот отырысының залдарында іскерлік стильге сай келмейтін киімдермен (шолақ шалбарлармен, сланцылармен және т.б.), сырт киімдермен жүруге;
· сот отырысының залдарына судьяның рұқсатынсыз фото-, кино-, бейне- және аудиоаппараттармен кіруге;
· сот отырысы жүріп жатқан кезде байланыс құралдарын пайдалануға;
· соттардың үй-жайларында және олардың маңайындағы аумақтарында санкцияланбаған жиналыстар, митингілер, наразылықтар, пикеттер, шерулер жасауға;
· сот ғимаратында (үй-жайларында) темекі тартуға, спирттік ішімдіктер ішуге;
· жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін сот ғимаратында болуға;
· жеке заттарды мен құжаттарды қараусыз қалдыруға.
Достарыңызбен бөлісу: |