Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Маңғыстауда 70 жастағы Гүлшара Жолдасбаева 24 жылдан бері такси жүргізуші болып жұмыс істейді. Осы аралықта зейнеткер 7 бала өсірген екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Inaktau.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: tumba.kz

Зейнеткердің бүгінде 15 немересі бар екен. Сөзінше, бастапқыда ауыл ішінде ғана жолаушы тасымалымен айналысқан. 

"Өмірде түрлі қиындықтар кездеседі. Маған да қиын кезеңді еңсеруге тура келді. Балаларым кішкентай еді, ал күйеуім жоқ. Балаларды асырау үшін көлік жүргіздім. Басында ауыл ішінде такси жүргіздім. Ол кезде мұндай қызмет жоқ еді, ауылдастар таңғалды. Төрт немесе бес жылдан соң Шетпе-Ақтау тас жолына шықтым", – дейді ол.

Қазір зейнеткердің тұрақты клиенттері де бар. 24 жылдан бері бірде бір рет жол ережесін бұзбаған. 

Гүлшара Жолдасбаева балаларына ұлттық тәрбие берген. Өз жұмысын да адал атқарады. Қазірге дейін зейнеткер 5 көлік ауыстырған.

"Әйелдерді мерекемен құттықтаймын. Зор денсаулық, толағай табыстар тілеймін. Әлемде тек тыныштық болсын", – деп құттықауын жолдады зейнеткер. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.