"Қазақстан халқына" қоғамдық қорының басқарма басшысы Болат Жәмішев екі жыл ішінде 90 млрд теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ОКҚ

ОКҚ алаңында өткен брфингте Болат Жәмішев қордың қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларын іске асыру жұмыстары туралы баяндады. Жәмішевтің сөзінше, қор бағдарламалары еліміздің барлық 20 өңірінде іске асырылады және ауылдық елді-мекендер мен шағын қалаларға айрықша назар аударылады.

“2022 жылы біз қайырымдылық бойынша үлкен ұлттық конференция өткіздік. 43-Zoom конференциясына 1173 үкіметтік емес ұйым қатысты. Олар қордың жұмысы үшін қандай бағыттар ең өзекті болатынын айқындады. Қор өзінің қызмет ету мерзімінде жалпы сомасы 177 миллиард теңгеге іске асыруға жоспарланған 67 қайырымдылық бағдарламалар мен жобалардың бастамашысы болды", — деді Болат Бидахметұлы.

Болат Жәмішев атап өткендей, қазіргі уақытта қор 177 миллиард теңгеге қайырымдылық жобаларын іске асырумен айналысып жатыр.

"Қорға 196 миллиард теңге түсті. Оның ішінде 2 жыл ішінде қор 90,9 миллиард теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті. Бүгінгі таңда шығындар 90 миллиард теңгені құрады, бірақ іске асыратын жобалардың барлығына 177 миллиард теңге жұмсалады", — деді ол.

Қордың басқарма басшысы қайырымдылық жасайтындар кімдер, қаржыны кімдер аударады деген сұраққа да жауап берді. 

“196 миллиард теңгенің 131 миллиардын 660 компания (ЖШС, АҚ, қорлар) аударды. Негізгі сома қазақстандық кәсіпорындардан түсті. "Самұрық-Қазынадан" 20 миллиард теңге. Есепте түсімдердің барлық сомасы көрсетіледі. 39 миллиард жеке тұлғалардан келіп түсті. Халық жіберіп аздап жіберіп жатады. Күні бұрын 500 миллион үш компаниядан түсті, негізгі қызмет түрі – құрылыс. Олар атауды жарнамаламауды өтінді. Балалар мен жастарға протез жасау жобасын іске асыру үшін бағыттаған. Астана әуежайында чемодандары ораумен айналысатын компания қызметкерлері ай сайын 500 мың теңгеден аударып отырады. Сонымен қатар, ұлттық лотерея операторы 2023 жылы қорға 4,9 миллиард теңге жіберді", — деді Жәмішев.

 
 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.