Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Абай облысында мал іздеуге шығып кеткен 8 жасар бала із-түссіз жоғалып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Туыстарының айтуынша, ол бүгін таңертең атпен мал іздеуге шығып кеткен. Баланың кешке үйге келмегеніне алаңдаған ата-анасы өз беттерінше іздеу жүргізген, бірақ таба алмаған соң полицияға жүгінген. 

Полиция баланы іздеу жұмыстарын дереу бастап, 15 минуттың ішінде полиция бөлімінің барлық жеке құрамы көтерілді. Полицейлерден басқа іздестіруге еріктілер, жұртшылық және ауданның қамқор тұрғындары белсенді қатысуда.

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арыновтың тапсырмасы бойынша іздеу жұмыстарына Қазавиақұтқару тікұшағы қосылады. Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігімен келісе отырып, 10810 әскери бөлімінің күштері іздеуге тартылды.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 74 адам, 17 техника, 20 жылқы жұмылдырылды. Сондай-ақ, ТЖД қосымша күштері жіберілді.

Баланы іздестіру ауа-райы жағдайы қиындатып тұр, жедел-іздестіру іс-шаралары облыстың көрші елді мекендері мен аудандарының аумағында да жүргізіліп жатыр.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.