Премьер-министр Әлихан Смайылов Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Отырыс барысында тексеру шаралары басталатын жаңа тұлғаларды тиісті реестрге енгізу мәселесі талқыланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: үкімет тің ресми сайтынан

Реестрге енгізілген кейбір тұлғалардың кінәсін мойындау және заңсыз алынған мүлікті өз еркімен қайтару туралы процессуалдық келісім жасау жоспарланған. 

Бұдан бөлек реестрдегі жеке субъектілердің және оларға үлестес тұлғалардың қайдан шыққаны түсініксіз мүлкін мемлекет кірісіне аударуды мәжбүрлеу талабы қойылады. 

Премьер-министр мемлекет басшысының заңсыз иемденген активтерді мемлекетке қайтару туралы шешімі – "Әділетті Қазақстанды" құру процесінің жалғасы екенін атап өтті. Соңғы 2 жылда елге 1 триллион теңгеге жуық актив қайтарылды. 

Бүгінде ауқымды жұмыс аясында 344 жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектісі, соның ішінде шетелде 131 объект анықталды. Жалпы құны 448 миллиард теңге құнды қағаздар бойынша мәлімет алынды. 220 трлн теңгелік банк операциялары, оның ішінде 1,4 трлн теңгелік күмәнді операциялар тексеріліп жатыр.

"Біздің ортақ міндетіміз – заңсыз иемденілген активтерді қайтаруды қамтамасыз ету және оларды қоғам мен мемлекет игілігі үшін пайдалану", — деді Әлихан Смайылов. 

Премьер-министр талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді. Комиссия жұмысы жалғасады.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.