Денсаулық сақтау министрлігі бұған дейін ведомствоның Telegram-арнасында министр Ажар Ғинияттың отставкаға кетуі туралы өтініші бар материалға сілтеме не себепті берілгенін түсіндірді. Сонымен қоса министрлік петиция туралы да айтып өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аталған министрліктің түсіндіруінше, бұл жарияланым осы петицияны теріске шығаратын материалды орналастыру кезіндегі қателіктің нәтижесінде пайда болған.

“Петиция мазмұны шындыққа сәйкес келмейтіндіктен, оның үстіне сенімсіз ақпаратпен азаматтарды адастыратындықтан, департаменттің баспасөз қызметі теріске шығару мәтінін дайындаған”, – деді денсаулық сақтау министрлігі.

Сондай-ақ ведомство пайдаланушылардан алдымен әлеуметтік желідегі парақшаларында репост жасауды сұраған бұл петицияға қол қою механизмі азаматтар үшін ашық дауыс беру жүйесін қамтамасыз етпейтінін атап өтеді. Петицияға қол қоюдың бұл әдісі ашықтық пен азаматтардың ойын еркін білдіру қағидаттарын бұзу болып саналды, дейді денсаулық сақтау министрлігі.

  • "Антиваксер ата-ана ауырған баланың емін төлеп беруі тиіс”: Денсаулық сақтау министрлігі қоғам белсенділерінің талабын қолдайды
  • Қазақстанда балаларға қызылшаға қарсы вакцина салу міндеттеле ме – Министрдің жауабы

“Денсаулық сақтау министрлігі жалған ақпарат себептері, тексерілмеген дереккөздер пайдаланылып, тікелей арандатушылықтар қолданылған ақпараттық шабуылдардың нысанасына бірнеше рет айналды. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жалған ақпарат арқылы беделге нұқсан келтіру әрекеттеріне қарамастан, министрлік мемлекеттік орган ретінде әрқашан ашықтық пен жариялылық саясатын ұстанатынын және сындарлы диалог пен пайдалы пікірталасқа әрқашан дайын екенін атап өткіміз келеді”, – деп қосты ведомство өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін желіде денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың отставкаға кетуін сұрап онлайн түрде петиция жарияланғаны белгілі болған. Оған әзірге 584 адам қол қойған.

Міндетті медициналық сақтандырудың енгізілуіне және министрдің жазда Алматы орталық клиникалық ауруханасында ВИЧ індетін жұқтырған адамдармен кездеспеуіне көңілі толмайтыны үшін халық Ажар Ғиниятты қызметінен алуды талап етіп жатқаны айтылған.

Қазір мұндай өтініштердің заңды күші жоқ екенін қоса кетейік. Себебі мұндай петициялар биылғы жылдың сәуір айында ғана заңды күшіне енеді.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.