Сөзжасамның теориялық ұғымдары



Дата18.02.2022
өлшемі1.01 Mb.
#170919
Байланысты:
Сөзжасамның теориялық ұғымдары
тест тапсырмалары алгебра 7 сынып, Мелаев Сапа, HTML, Часть 1. Начало. Қуат, Слайд 1, Қазақстан аумағындағы XIII-XV ғасырдың алғашқы жартысындағы этносаяси үдерістер монография (Ногайбаева М.С.) (z-lib.org), Сүлеймен Бақырғанидың шығармашылық өмірбаяны монография (Матбек Н.К.) (z-lib.org), oralbaeva n madina g bilkaev a kazak tili praktikalyk kurs, сөж1, Ідіріс Ақсұлу, срс титульный ворд, Аида срс Экономикалық теория 6.10, СТ 8.3-АПТА (2-НҰСҚА), чекина.учебник.для экон., Нурлат (1) (1)

Сөзжасамның теориялық ұғымдары

СӨЖ


Орындағандар ҚФ 203-топ студенттері: Мысырқызы М.

Рамаш Е.


Рахымбай А.

Қабылдаған: Егізбаева Н.Ж.

Сөзжасамның кешенді бірліктері мыналар:

  • сөзжасамдық тұлға;
  • сөзжасамдық ұя;
  • сөзжасамдық мағына;
  • сөзжасамдық үлгі;
  • сөзжасамдық қалып;
  • сөзжасамдық тізбек;
  • сөзжасамдық жұп;
  • сөзжасамдық саты;
  • сөзжасамдық тарам;
  • сөзжасамдық байланыс;

Сөзжасамдық тұлға

  • Сөз жасауға қатысатын бірліктер – негіз (түбір) бен сөз тудырушы жұрнақтар сөзжасамдық тұлға деп аталады. Мысалы:
  • Түбір сипатындағы сөзжасамдық сипатындағы сөзжасамдық тұлғалар: ал – ал а, ал+ма, ал+ақан, ал+қа, ал+қым, ал+ды; тұл – тұл+пар, тұл+ым, тұл+ға,
  • Негіз сипатындағы сөзжасамдық тұлғалар: бал – бал+а, бал+ға, бал+шық, бал+та, бал+апан, бал+ғын; ой – ой+ын, ой+ла, ой+шыл, ой+ғыш, ой+рат.

Сөзжасамдық ұя

  • Себепші негіздерден сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалып, атау қызметін атқаратын белгілі құрылымдағы түбірлес туынды сөздердің жиынтығы – сөзжасамдық ұя деп аталады. Мысалы: біл, білім, білу, білгіш, білім, білгір, білімді, білімділік, білезік, білмек; бір, бірік, бірізділік, бірыңғай, біршама, бірлік, біртуар, бірнеше, бірқатар.

Сөзжасамдық тізбек

Сөзжасамдық тізбек–мағыналас, түбірлес сөздердің уәжділік қатыстағы тобынан құралатын сөзжасамдық ұяның күрделі бірлігі. Сөзжасамдық тізбек бір сөзжасамдық тұлғадан таралып, бірнеше жаңа туынды атаулардан тұрады. Мысалы:

Қанағат – қанағаттан, қанағаттандыр, қанағаттандырар, қанағаттандырарлық;

Ер – ерік, еріксіз, еріксіздік;

Ту – туыс, туысқан, туысқандық;

Жұрт – жұртшы, жұртшыл, жұртшылдық;

Ек – егін, егіндік, егінші, егіншілік;

Сөзжасамдық жұп

  • Сөзжасамдық жұп дегеніміз сөзжасамдық ұядағы негіздеуші сөз бен негізделетін сөздің синтагматикалық қатысы. Яғни сөзжасамдық жұпта екі ғана мүше қатысады. Мысалы:
  • Фонетикалық тәсіл арқылы жасалған сөзжасамдық жұптар: қарбыз – дарбыз, тат – тот, бадыраң – бәдірең, жаны – маңы;
  • Семантикалық тәсіл арқылы жасалған сөзжасамдық жұптар: саз (әуен) – саз (балшық), кілт ( есікті ашатын құрал) – кілт (тоқтау), қол ( дене мүшесі) – қол ( әскер), жар ( қабырға) – жар ( зайып, серік), құс ( жүрек айну) – құс ( тіршілік иесі);
  • Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған сөзжасамдық жұптар: тіл – тілмаш, тілмаш – тілмаштық, ес - есім, есім –есімдік, мал – малшы, малшы – малшылық, сыр – сырға, сырға – сырғалым, жұт жұтаң, жұтаң – жұтаңдық.

Сөзжасамдық үлгі

  • Сөзжасамдық үлгі дегеніміз – туынды сөздердің құрамындағы бір тұлғаның ортақ болуы арқылы қалыптасқан екіншілік мағыналы туынды сөздер. Мысалы:
  • -кер, -гер сөз тудырушы тұлғалары жалғануы арқылы: іскер, қаламгер, жұмыскер, балгер, сазгер, кемеңгер, күрескер, үміткер, білімгер, саудагер;
  • -хана сөз тудырушы тұлғалары жалғануы арқылы: асхана, баспахана, кітапхана, дәріхана, әжетхана, мейрамхана;
  • -паз сөз тудырушы тұлғалары жалғануы арқылы: өнерпаз, білімпаз, жасампаз, жағымпаз, әсемпаз, аспаз.

Сөзжасамдық қалып

  • Сөздердің тууында сөзжасамдық тәсіл мен үлгіден басқа қалып та болады. Табиғи тілдің дамуында жаңа туынды атау туғызу үшін қалыптасқан белгілі қалыптар бар. Мұндай қалыптар кез келген тілде болуы заңды. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық қалыптардың да өзіндік белгілері мен заңдылықтары, ерекшеліктері бар. Сөзжасамдық қалып туынды сөзді жасаудың негізгі жолдарын белгілейді.
  • Фонетикалық сөзжасамдық тәсіл арқылы пайда болған екі сөзжасамдық қалып бар. Дауысты дыбыстар сәйкестігі арқылы жасалған сөзжасамдық қалыптар: ырың-ірің, тұс-тыс, жарық-жырық, аман-есен, боз – бөз, тоз – төз, қон – көн; дауыссыз дыбыстар сәйкестігі арқылы жасалған сөзжасамдық қалыптар: ұлы – ұры, қар – қаз, өмір – өңір, амал – арал, қасық – жасық;

Сөзжасамдық қалып


Семантикалық тәсілдегі сөзжасамдық қалыптар: жақ-жақ –жақ- жақ, бас- бас -бас, ер- ер- ер, қас –қас- қас, сын- сын -сын, жаз -жаз -жаз.

Аналитикалық тәсілдің негізгі қалыптары: қолаң шаш, алма мойын, қиғаш қас, оймақ ауыз, күлім көз, қарлығаш, ауыл-аймақ, ел-жұрт, аман-есен, күншуақ, түйеқұс, сөзжасам.


Сөзжасамдық тарам

  • Сөзжасамдық тарам бір түбірден не негізден тараған туынды сөздердің тік бағыттағы мағыналық жиынтығы. Сөзжасамдық тарам жалпы тіл білімінде “парадигма” термині арқылы белгілі. Парадигма сөзі грек тілінен енген. Сөзбе-сөз аударғанда үлгі деген мағына бере алады. Мысалы:
  • Бет (дене мүшесі)
  • Бет ( бір заттың беті)
  • Беталды
  • Бетсіз
  • бетпақ
  • Бетінің оты шығу
  • Бет көріспеу
  • Бетперде
  • Беташар
  • Бетбелгі

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет