Қазақ фразеологиясының тіл ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып,дамуы және зерттелуі академик І.Кеңесбаевтың есімімен тығыз байланысты. Ол сонау 40-жылдардан кейін-ақ түркітануда фразеология, фразеологиялық тіркестер, табиғаты жөнінде пікір қалыптастырған.

І.Кеңесбаевтің 1977 жылы “Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінің” шығуы тек қана қазақ тіліндегі жетістік ғана емес, туыстас тілдер үшін де көш бастағанын айта кету керек.

І.Кеңесбаев фразеологияны тілді құрамды бөлшектерінен, тіл ярустарынан бөліп алмайды, тілдің сол бөлшектерінен түбірлі айырмасын, бас белгілерін анықтайды.

Тілімізде көкейге қонымды көркем, орамды алуан түрлі тұрақты сөз тіркестері кездеседі. Тіл қатынасына жататын қат-қабат тіркес тіздектерді халық орынды пайдаланады. Мақал-мәтелдермен барабар жоғары бағалап оларды қастерлей сақтап келеді.

Фразеологизмдер бұрын-соңды еңбектерде, көбінесе лексикалық тұрғыдан зерттеліп келеді. Қазақ фразеологиясының тіл білімінің бір саласы ретінде қалыптасып, дамуы және зерттелуі академик І.Кеңесбаевтің есімімен тығыз байланысты. І.Кеңесбаев фразеологияны тілді құрамды бөлшектерінен, тіл ярустарынан бөліп алмайды. Бірақ тілдің сол бөлшектерінен түбірді айырмасын,бас белгілерін атап көрсетеді.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.